Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды
11 наурызда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Ақкемір тас жолында жол апаты болды. Жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты. Соққыдан жедел жәрдем көлігі аударылып, жеңіл көлік жолдан ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.
Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері Темір аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі Ақтөбеге науқастардың ПТР-анализін жеткізу үшін бара жатқанын хабарлады. Зардап шеккен әйел — аудандық аурухананың медбикесі.
Хонда автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Зардап шеккен тағы бір адам ес-түссіз жатса, екіншісі травматологияда жатыр. Үшіншісі үйіне жіберілді.