Тоқаев: «Бүгін мен өзімнің Президент ретінде құқығымды пайдаланып…»
Мемлекет басшысы жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдағанын айтты. Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.
Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 12, 2021