Нұр-Сұлтанда 32 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп өлді

0

10 наурыз сағат 11:17-де Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиға болды.

Осы уақытта полиция департаментіне Керей, Жәнібек хандар көшесінде әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Артынша 32 жастағы әйелдің 5-қабаттың балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Кейбір ашық дереккөздерде марқұмның мәйіті елордадағы «Гүлістан» тұрғын үй кешені жанынан (Керей, Жәнібек хандар 11) табылғаны айтылған.