Қазақстандық мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады
Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», — деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болған. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылған.
Еске сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы – қашықтан) форматына көшірілді.
Сондай-ақ 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді.