Алматыда фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды

0

Алматыда басталған  фристайл-могулдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық атлеттер Анастасия Городко мен Юлия Галышева жекелей сын бойынша кіші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия Городко екінші іріктеу кезеңі нәтижесі бойынша алтыншы, ал Юлия Галышева 78,23 ұпайымен екінші болды.

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ең мықты 18 спортшы кіші финалға өтеді. Әйелдер арасындағы бәсекеде Аяулым Әмренова мен Олеся Груар іріктеуден өте алмай қалды.

Бүгін Алматыда фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды

Ерлер арасынан қазақстандық спортшылармыз  Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем чемпионатының кіші финалына жолдама алды.  Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында жекелей сындар өтті. Қазақстан атынан жарысқа қатысқан Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков іріктеу сыннан іркілмей өтті.

Ендігі жерде кіші финалға іріктеу кезеңінде үздік атанған 18 спортшы жолдама алады.