Алматыда моншада тұншығып қала жаздаған 5 бала ауруханадан шықты

0

Алматыда моншада тұншығып қала жаздаған бес бала ауруханадан шықты. Қазір олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, бүтін бір отбасы моншаға барамыз деп күтпеген жағдайға тап болған. Монша иесі оларды сыртынан қамап кеткен екен. Бір сағаттан кейін балалардың басы айналып, жүректері айныған.

Абырой болғанда, олардың дауысын дүкен қызметкері естіп, есікті ашқан. Құтқарушылардың айтуынша, жылыту қазандығының мұржасы бітеліп, желдеткіші істемей қалған.

«Балалардың улану себебі – жылыту пешінің мұржасы тазаланбаған. Қазіргі уақытта балалар ауруханадан шығарылды. Ешқандай қауіп жоқ. Іс материалдары Алатау аудандық полиция басқармасына тапсырылды», — деді қалалық ТЖД басшысының орынбасары Самат Асаинов.