Дәмханада өрт шығып, 5 адам көз жұмды
Ташкенттегі «Шовотландия» кафесінде өрт шығып, бес адам қайтыс болды. Өрт қойды деген күдікті ұсталды.
Бұл жөнінде Өзбекстанның ішкі істер министрінің орынбасары Яхёжон Абдулхаков пен Ташкент прокуроры Улугбек Касымов мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, өртті «әдейі» қойған күдікті ұсталған.
Ол Самарқанд облысының тұрғыны болып шыққан.
«Ер адам «Матиз» көлігімен кафеге келіп, ғимарат әйнегіне сұйықтық құйып, өрт қойған. Кафе толық жанғанша, сырттай бақылап тұрған», — делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Өрттен кафенің 150 шаршы алаңы жанып кеткен. Оқиға орнына 4 бірдей өрт сөндіру бригадасы келген.