Павлодар облысында әйел күйеуін бұзақылардан қорғап қалды (видео)

0

Павлодар облысының тұрғыны күйеуін бұзақылардан қорғап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған видеоға екі баласы және әйелімен келе жатқан ер азаматқа әлдекімдердің жабылып кеткені байқалады. Куәгерлердің сөздерінше, екі жігіт келе жатқан ер адамды құлатып, соққының астына ала бастаған.

Бұған шыдамаған батыл әйел күйеуіне араша түсіп, бір бұзақыны шашынан сүйреп, екіншісін итеріп жібергені көрінеді.

Қазіргі таңда бейнежазба тексерілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Павлодара и Казахстана (@pavlodar_city_life)

«Қазіргі таңда видеодағы азаматтардың тұлғасы анықталып, Ақсу қаласының полицей бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес, бір шара қолданылады», — деді өңірлік ПД өкілдері.