«10 жасар бауырымды 16 жастағы жасөспірім зорлады». СҚО-да әйел қылмыскер жазасыз қалады деп қорқады
Солтүстік Қазақстан облысында 16-дағы жасөспірім 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жәбірленушінің тәтесі кінәліні жазалауды талап етіп, үндеу жариялады.
«Мен Ясновка ауылының тұрғынымын. 10 жасар бауырымды 16 жастағы жасөспірім зорлады. Явленка аудындық полиция бөлімі арызды жанжалмен қабылдады. Петропавл қаласында сараптама тағайындалды. Бауырымды тексерген кезде жәбірлеу фактісі анықталды. Енді қорытындыда еш жағдай болмағаны айтылған», — деді әйел.
Оның айтуынша, жасөспірімнің өзі зорлық болғанын мойындаған. Әйел іс тоқтап қалып, жасөспірім тиісті жазасын алмайды деп қорқады.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады.
Тиісті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады.
Болған жағдайды айтып, қоғамдық резонанс туғызған әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚК 423-бабы 1-бөлігіне сәйкес, 2 АЕК (1 АЕК — 2 917 теңге) айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.