«Заңгерлерге» де жолының ақтығын тіледім». Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сотқа бергісі келетіндерге жауап берді

0

Күні кеше Қайрат Нұртастың келіншегі балаларымен көлікте отырып билеген сәтінің видеосын желіге жүктеді. Жұрт бидің ұнағанын жарыса жазып жатты. Алайда арасында актрисаны «белдік» тақпадың деп айыптағандар да болды.

Осы орайда Жұлдыз Әбдікәрімова белдік таққанына дәлел ұсынып, сотқа берем деген адамның жолын бөгемейтінін жеткізді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

«Белдікті “көре алмағандар” үшін арнайы пост. Комментаторлар арасында ақыл айтып қана қоймай, заңға тартқысы келгендер де табылыпты. Үййй жәндәрііііім, менің қамымды ойлаған “Заңгерлерге” де жолының ақтығын тіледім», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Еске салсақ, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің ауырып жатқанын айтқан еді.