СҚО-да еркек қызғаныштан әйелінің көңілдесін өлтірді

0

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам қызғаныштан әйелінің көңілдесін өлтірді. Бұл қайғылы оқиға туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Айдар мен Жазира (есімдері өзгертілген) мектептен бастап бір-біріне ғашық болған. 2,5 жылға жуық кездесіп жүреді. Бірақ оқуларын аяқтаған соң, университетке түсіп, екеуі әртүрлі қалаға кетуге мәжбүр болады.

Көп ұзамай қарым-қатынас тоқтап, әрқайсысы отбасын құрады. Алайда, біраз уақыттан кейін Айдар ажырасып, Жазираның отбасында да проблемалар туындайды.

Жазира маскүнем әрі жұмыссыз күйеуінен шаршайды. Бірде Айдар Жазира тұратын қалаға келіп, екеуі кештердің бірінде жолығып қалады. Осы сәтте екеуі бір-бірін сағынғанын түсінеді.

Жастар Жазираның күйеуінен жасырып кездесіп жүреді. Есесіне Мұрат әйелінің өзіне салқындап бара жатқанын байқайды. Тіпті, күдіктенген ол үйге ерте келіп, әйелі мен көңілдесін көреді. Есінен адасқаны соншалық ашуға бой алдырады.

Мұрат асүйдегі пышақты алып, әйелінің сүйіктісін өлтіреді. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.