Мандарин қабығының пайдасы
1. Ішіңіз кеуіп, дисбактериоз болсаңыз
Кептірілген мандарин қабығын кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап, сүзбе, ботқа секілді тағамдарға 1 шай қасықтан қосып жеңіз.
2. Кеңірдекше қабынуы кезінде
Кептіріліп, ұнтақталған 2 ас қасық мандарин қабығына 1,5 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Дайын болған соң бұл тұнбаны күніне 2-3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Міндетті түрде жылытып ішу керек.
3. Жөтел кезінде
2 ас қасық ұнтақталған қабыққа 1 стақан су құйып, бір апта қараңғы жерде сақтаңыз. Содан соң сүзгіден өткізіңіз. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақтан бұрын 20 тамшыдан тұтыныңыз.
4. Суық тиіп тұмауратсаңыз, жөтелсеңіз ингаляция жасаңыз.
Бір уыс ұнтақталған мандарин қабығын суға салып қайнатып, буымен 10-12 минут дем алыңыз. Бұл әдісті жасаған соң 1-2 сағат салқын жерге шықпай күтініңіз.
5. Тырнақ тез сына берсе
Тырнағыңызды кем дегенде күніне 2 рет мандарин қабығымен сүртіп отырыңыз.
6. Шаршағанда, жүйке жүйеңіз жұқарып, күйзеліске түскенде
Ұсақ-ұсақ туралған мандарин қабығын көлемі шамамен 10×7 см болатын матадан тігілген қапшыққа салып, өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Егер жоғарыда айтылғандай жағдайлар болса, қапшықтағы мандарин қабығының хош иісімен дем алыңыз.
7. Жүрек соғысы артып, артериялық қысым көбейсе, ұйқысыздыққа ұшырасаңыз
1 стақан ұнтақталған қабыққа 3 литр қайнаған су құйып, қоспалы суды қайтадан қайнатыңыз. Ваннаға құйып, осы суға түсіңіз. 2 күнде бір рет ұйықтар алдында осы әдісті пайдаланып тұрсаңыз, аталған аурулардың алдын аласыз.