Байбек Алматының көк түтіннен неге арыла алмай келе жатқанын түсіндірді — новости Казахстана
Алматы әкімі «оңтүстік астана неге түтінге оранды?» деген сұрағына тілшінің сұрағына жауап берді. Бауыржан Байбек негізгі үш себепті атады. Оның біреуі өте күрделі, әрі қымбат жоба — ЖЭО-2-нің газға өтуі арқылы шешілмек деп жазады NUR.KZ.
Түтін жаһандық мәселе екенін алға тартқан шененіу оны шешуге әлемдік тәжірибеге сүйенетіндіктерін мәлімдеді.
Ластанудың бірінші көзі — көліктер, олар түтіннің 70 пайызын шығарады екен. Сондықтан қалада көлік реформасы белсенді жүргізілуде.
Екінші себеп — ЖЭО түтіні, ол түтіннің 11 пайызын құрайды.
Бұл мәселені шешу қиын, әрі қымбатқа түседі, алайда жоба бойынша техникалық-экономикалық дәлелдемелер әзірленіп жатыр екен.
«Президент станцияны газға көшіруді тапсырды. Бұл маңызды жоба, бірақ күрделі, әрі қымбат. ЖЭО-2 Самрұқ-Энергоға тиесілі екен, мекеме алғашқы техникалық-экономикалық дәлелдеме әзірлеп үлгерді», — деді Бауыржан Байбек.
Әкімнің сөзінше, үкімет бұл қымбат жобаны оңтайландырып, тазалау құрылғыларын ауыстырып, бу-газ турбиналы құрылғылар тұрғызады.
Түтіннің тағы бір себепкері — жекеменшік сектор. Жылдың соңына дейін әкім қаланың барлық аймақтарына газ құбырларын өткізуге уәде берді.