Анталияға 11 537 қазақстандық қоныс аударған

0

Жерорта теңізінің інжуі — Анталия қаласы жыл сайын 15 млн саяхатхшыны қабылдайтын туристік астаналардың бірі. Бұл қала соңғы жылдары Түркияға қоныс аударушылардың таптырмас мекеніне айналған, деп хабарлайды dailysabah.com сайты.

Қала келушілерге тарихи және мәдени объектілерінің көптігімен, табиғатының сұлулығымен, тамаша жағажай және жылы климатымен ұнайды. Осылайша қысқа мерзімге келген туристер оған қайта оралуға құмартып тұрады.

Анталияда өзге мемлекеттен келіп тұрып жатқан шетелдіктердің саны 100 000 адамға жеткен. Бұл тізімде Ресей азаматтары көш бастап тұр. Аталған мемлекеттен 18 мың адам қоныс аударған. Ал екінші орын қазақтарға тиесілі — 11 537 қоныстанушы. Түркияға көп саяхаттаушылар тізімінде екінші орынды алатын немістер де бұл мекеннен өзіне пана тапқан. Осы күнге дейін 9 615 неміс қоныс аударған.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 2020 жылдың соңында Түркияның туризмнен 11 млрд доллар және саяхаттаушылардан 15 млн доллар көлемінде пайда көретінін мәлім еткен-ді.

Сондай-ақ, ол Түркияның 2021 жылы 100% көрсеткішке қол жеткізіп, 30 миллион турист қабылдайтынын болжады.