Жаңа бастама – жаңа серпін

0

«Нұр Отан» партиясының Сая­си менеджмент академиясы Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­ласын түсіндіру бойынша спикер­лердің аймақтық пулы мен партия белсенділері үшін партияның ай­мақ­тық филиалдарымен бірге бейнеконференцбайланыс форма­тын­да семинар өткізді. Оған пар­тияның аймақтық филиалдарынан 400-ден астам адам қатысты.

Басқосуды «Нұр Отан» пар­тиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев кіріспе сөзімен ашты.
– Елбасы мақаласының бірегейлігі ұлы даланың жеті қыры ретінде анықталған ата-бабалар мұрасын тереңірек қайта пайымдауында. Негізгі бағыт – ұлы даланың әлемдік тарихтағы рөлі мен қазіргі Қазақстанның осы тарихқа қатыстылығын көр­сетудің жаңа форматы. Бұл жас ұрпақтың өз бастауларын, ұлттық тарихын тереңірек және бар қи­ындығымен түсінуі үшін өте ма­ңызды. Елбасының «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты ма­қаласы біздің өткен өмірімізді тарихи тұрғыдан қайта пайым­даудың жаңа бір бетін ашып отыр. Ол біздің елімізде тарихи сананы одан ары қалыптастыруға бағыт­талған. Президент осы мақаласы арқылы әртүрлі тарихи кезеңдерді біріктірген, олардың сабақтас­тығы мен ажырамас­ын көр­сететін Қазақстан хал­қы­ның зияткерлік және рухани көш­басшысы ретінде ой-пікір­ле­рін білдірді, – деді Қ.Бекболатұлы.
Дөңгелек үстел барысында тарихи сананың жаңғыруы, ұлы даланы жүйелі қарастыруға қа­жет­ті негізгі императивтер, әлем­дік үдерістердегі Қазақстанның рөлін қайта қарастыру мәселе­лері, сондай-ақ нақты жобалар мен бағдарламалар талқыланды.
Семинарда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру бойынша Стратегиялық зерттеулер институты әзірлеген әдістемелік нұсқаулықтың пре­зентацияcымен «Нұр Отан» пар­тиясының Стратегиялық бас­тамалар институты дирек­то­рының бірінші орынбасары Юлия Кучинская таныстырды.
– Президент мақаласында Қазақстан мен Орталық Азия аумағы әлемдік өркениеттің ең белсенді орталықтарының бірі болғанын айта отырып, тарих ғылымында жаңа бағыт қояды. Тарихшыларды, мәдениет және өнер қызметкерлерін ата-баба­ларымыздың мұрасын ашу және қалың бұқараға жеткізу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр, – дейді Ю.Владимировна.
Жиын барысында отандық антропология ғылымының негі­зін қалаушы, антрополог Оразақ Смағұлов «Қазақ елі мен байырғы қазақ атамекен тұрғындарына этноантропологиялық сипатта­малары», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ­ты­ның өкілі Светлана Ананьева «Жаһандық-тарихи процестегі ұлы дала: этноқиылысулар және трансшекаралық», Қазақстан Республикасы Ұлттық мұраға­тының директоры Жангелді Махашов «Архив – 2025» бағ­дар­ламасын даярлау және іске асыру», Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу», Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит Сыдықназаров «Ұлы даланың жеті қыры» Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихындағы мәдени-идеологиялық жобасы ретінде», Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Өнер, халықаралық қатынастар және біліктілікті арттыру депар­та­мен­тінің директоры Айгүл Ізма­ған­бетова «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тақы­рыптарында баяндама жасады.
Кездесуді қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының хат­шысы Қаныбек Жұмашев Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы баба­ларымыздан келе жатқан ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер беретінін ерекше атап өтті.

Абылайхан ЖҰМАШ