Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль алды — Спорт

0

2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рукасында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Галышеваның активінде — 81,48 балл. Бірінші орын 82,26 балмен олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонға бұйырды, ал қоланы америкалық Тесс Джонсон еншіледі- 75,85. Соңғының алдында, 31-нші болып қазақстандық Аяулым Әмренова келді — 17,52.

Қазақстандық ерлер арасында могулдан үздік көрсеткішті Дмитрий Рейхерд көрсетті — 76,76 балл. Этапта 20-ншы болып Павел Колмаков келді — 75,49, 55 қатысушы ішінде 50-нші болып Александр Геберт жетті — 45,36.