Мемлекет басшысы тележурналист қазасына орай көңіл айтты
Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.