Польшада автобус апатқа ұшырады
2018 жылғы 7 желтоқсан 08:00 44
АСТАНА. ҚазАқпарат — Польшада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, ондаған адам жарақаттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Wiadomosci басылымына сілтеме жасап.
51 жолаушысы бар автобус Төменгі Силезия провинциясындағы Суха Гурна елді мекенінде апатқа ұшыраған.
Жан түршігерлік апаттан зардап шеккен 18 жолаушы хал үстінде жатыр.
Қазіргі кезде құтқарушылар автобус маңынан тағы бес зардап шегушіні іздеп жатыр.