Атырауда сауда орталығының артынан адамның мәйіті табылды
«Атырау қаласы С.Датов көшесінің бойында орналасқан «Арын» сауда орталығының артындағы жылу жүйесінің тұсынан адамның өлі мүрдесі табылған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаментінен.
Сауда орталығының артынан адамның өлі денесі табылған. Айта кетелік, ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жарияланбайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат