Алматы облысында әкім отставкаға кетті

0

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен отставкаға кетті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметтік орнын босатқанын растады.

«2021 жылдың 12 ақпандағы актив жиынында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететіні туралы хабарлады. Сондай-ақ әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі», — деді әкімдіктің баспасөз хатшысы.