Ринат Зайытов: Партия құрамынан көргілеріңіз келсе, депутат қыласыздар дедім
Ринат Зайытов неліктен партия құрғысы келетінін айтты.
— Сіздің құрамын деп жүрген партияңыз биліктің қателігін сынай ма?
— Әлбетте. Партия не үшін құралады. Ол халықтың сөзін сөйлеп, парламентке бару үшін, сол жердегі саяси реформаларға өзгерістер енгізу үшін жасалады.
— Бізде 6 партия бар ғой.
— Мен алтауына да айттым. Егер мені, құрамдарына шақырғандар болды, партия құрамынан көргілеріңіз келсе, онда депутат қыласыздар дедім. Мен барам дедім сайлауға. Өйткені парламентке баруым керек, елдің сөзін сөйлеуім керек. Сен партияға кіргеннен кейін сол партияның беделіне жұмыс істейсің ғой? Біреулер ақша сұрайды мысалы. Ақша сұрайтындар бар ғой. Партияға барып жұмыс істейік дейтіндер бар. Ол баяғыдан бар. Ал мен ақша алғым келген жоқ. Менің жалғыз үмітім болды, ойладым. Егер мүмкіндік болса, жасырмаймын, жоғары мінберден айтқым келді.
— Жақсы. Қай партиялар ұсыныс жасады?
— ЖСДП бірінші ұсыныс жасады.
— Олар өздері ұшып кетті.
— Иә, сосын «Адал» партиясынан ұсыныс болды. Оған жаңағы жауабымды айттым.
— Мен міндетті түрде депутат болуым керек дедіңіз бе?
— Тізімге енуім керек дедім, алғашқы үштікке.