Жаңашыл ұстаз өмір талабы » Қазақстан ұстаздарына арналған
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
эссе
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Жылдар өтті… Сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – дейді.
«Қазіргі заманға сай жаңашыл мұғалім қандай болу керек?»- деген сауалға адамзат ғұламасы-данышпан Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат»-деген үнінен жауап тапқандаймын. Бойында осы үш қасиеті бар адам қай қоғамда еңбек етсе де, қоршаған ортасының жаны, жүрегі, ұйтқысы. Өз басым, жылы жүрегімді, ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, аяулы шәкірттеріме арнаймын.
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың, білім мен тәжірибенің ұштаса кемелденген ғасыры. Жаңа ғасырдағы ұстаз шәкіртке сапалы білім, саналы тәрбие беруші ғана емес, ғылым мен техниканың тілін жетік меңгерген, білікті де білгір маман болуы міндетті. Бүгінгі ұстаз – инновациялық технологияларды пайдаланушы, әрі ізденуші, әрі өндіруші, әрі ғалым-зерттеуші. Мен өзімді осындай ұстаздар қатарындамын деп санаймын, өйткені мен – болашақтың бағбанымын!
Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі