КСРО Сыртқы істер министрлігінде: Желіде Тоқаевтың 1979 жылғы суреті жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 1979 жылы сенбілікте түскен суреті жарияланды.
Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын», деп жазды.