Ақтаулық полицейлер зорлықшыны бейнебақылаудың көмегімен ұстап алды (видео) — новости Казахстана
Ақтауда полицияға қаланың ортасында зорланып, тоналғанын айтқан әйел адам шағымданған. Кезекші инспекторлар бірден іске кірісіп, жедел-тергеу амалдарының нәтижесінде бейнебақылаудың көмегімен күдіктіні тапқан деп хабарлайды «Лада» порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 6 желтоқсан күні түнде болған. Өзінің зорланғанын айтқан жәбірленуші полициядан көмек сұраған. Оның сөзінше, қылмыс 8 ықшам ауданда жасалған.
Сонымен қатар зорлықшы зардап шегушінің ұялы телефонын да ұрлап кеткен.
Кезекші инспекторлар Жасұзақ Құдайберген мен Нұрлан Аяпбергенов қылмыскерді камераның көмегімен қолға түсірген.
Нәтижесінде ер адам қаланың ортасында ұсталған.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.