Павлодар облысында жеңгетайлық жасағаны үшін 43 жасар азамат ұсталды

0

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Павлодар облысы аумағында адам сатумен айналысатын қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу мақсатында «STOP-трафик» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара барысында полицейлер арнайы рейдтер өткізді.

— Полицейлер қонақ үйлерге, ресторандарға, барлар мен көңіл көтеретін орындарға, сауна және басқа да демалыс орындарын тексеру бойынша рейдтер ұйымдастырды, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

– Сондай-ақ, адам саудасы қылмыстарына қатысты болуы мүмкін жезөкшілікпен және жеңгетайлықпен айналысатын адамдарды табу және олар жиналатын орындарды анықтауда жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілген болатын.

Сонымен бірге, полиция қызметкерлері «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қонақ үй кешендерінің бірінен пайда көру мақсатында жеңгетайлық жасағаны үшін 1975 жылы туған күзетші анықталды, ол қонақүйде қала тұрғынына сырластық қатынас көрсеткені үшін 1987 жылы туған азаматтан ақшалай қаражат алған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!