«Әрі қарай жасырғым келмейді». Жуырда ажырасқан Say Mo жүкті екенін айтты

0

Қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембек жақында ана атанбақ. Өнер иесі әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін жариялады. Айта кету керек, әртіс қаңтар айының соңында ғана жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы Say Mo өз парақшасында іші шығып қалған фотосымен бөлісіп, Instagram желісін шулатты. Әнші жүктілігін растап тұрған суреттің астына «енді жасырғым келмейді» деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бірден өнер иесінің соңғы жариялаған фотосын қызу талқыға салған. Қалың көпшілік Мөлдір Есембектің сәби күтіп жүргеніне қатты таңғалып, бұл ақпаратқа әрең сенген.

Әншінің оқырмандары oның жүктілігіне қатысты мәліметке екі түрлі ой білдірді. Бірі ол үшін аса қатты қуанып, өз ақ тілектерін жолдап жатты. Ал желідегілердің тағы бір бөлігі оның аяғы ауыр екеніне сенімсіздік танытты. Олардың пікірінше, әнші барлығын хайп үшін жасап жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SAY MO🔪 (@say_mo__)

«Шынымен солай болғаны ма? Мөлдір құтты болсын. Сен жақсы ана боласың», «Сене алар емеспін. Жүктілігің жеңіл өтіп, сәбиіңді аман-есен босан», «Өтірік секілді. Бұл ақпаратқа сенбеймін. Хайп үшін секілді, жаңа әндері шықты дегендей», «Жақында ғана ажырасып кетіп едің ғой. Аяғы ауыр екеніне қатты сенбеймін негізі», «Құтты болсын. Сіз үшін қатты қуаныштымыз», «Сене салдық. Өтірік қой. Ертең-ақ жалған екенін айтады», «Егер бұл рас болса, бұл керемет жаңалық. Мөлдір сен ана бақытына лайықтысың», — деп жазуда желі қолданушылары.