Көзі шарасынан шығып кеткен 8 жасар қызылордалық қыз елдің жүрегін ауыртты — новости Казахстана

0

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің сегіз жасар тұрғыны Ажар Жүсіпәліқызы медициналық көмекке мұқтаж. Әлі күнге дейін мектепке бармаған кішкентай қызға дәрігерлер толық диагноз қоймаған. Кішкентай қыздың анасы Базаркүл Кененбаева дәрігерлердің табалдырығын тоздырып, Ажарға қажетті көмекті ала алмаған деп хабарлайды «КТК» арнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ажар Жүіспәліқызы. Фото: "Дау-дамайсыз" бағдарламасынан кадр

Ажар Жүіспәліқызы. Фото: «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан кадр

Қызының дертіне ем іздеген ата-ана өздерінің жанайқайын жеткізді.

Қимайсың ғой. Дәрігерлерге барғаннан нәтиже жоқ. Қалған өмірімді осы қызыма бере салатын едім.

Ажардың ата-анасы қыздарын көшеге алып шығудан қалған. Олар жұрттың түртпектеуінен шаршағанын мәлім етті.

Ал дәрігерлер Ажар Жүсіпәліқызына алты жасынан бастап мектепке баруға немесе үйден оқытуға кеңес бермеген. Ажардың дәрігерлік құжаттары да дұрыс болмай, мүгедектікке алатын жәрдемақысын тоқтатып тастаған.

Базаркүл Кененбаева қызымен. Фото: "Дау-дамайсыз" бағдарламасынан кадр

Базаркүл Кененбаева қызымен. Фото: «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан кадр

Сондай-ақ, сегіз жасар қыздың медициналық парақшасына үйден білім алу керектігін жазған дәрігер ол жайлы Ажардың анасына түсіндіріп айтпапты.