Ресейлік журналист «Жаңаөзен оқиғасы» туралы: Жүкті әйел мәйіттер жатқан үйлерге алып барды. 64 адам өлген

0

Meduza Originals YouTube каналында «Скажи Гордеевой» жобасының кезекті шығарылымы жарияланды. Бұл жолы қонаққа журналист Елена Костюченко келді, деп хабарлайды Politic.

«Елена Костюченко — «Новая газетаның» арнайы тілшісі, заманауи Ресейдің үздік журналистерінің бірі. Екінші маусымды ашқан шығарылымда Костюченко Донбастағы соғыс, Жаңаөзендегі көтерілісшілерді қыру туралы тергеу және Норильсктегі экологиялық апат, лесбиян болсаң, Ресейді қалай жақсы көріп, Ресейде қалай тұруға болатыны туралы айтты», — делінген видео сипаттамасында.

Елена Костюченко Жаңаөзенге барғаннан кейін посттравмалық синдромды басынан өткергенін мойындады.

«Жаңаөзенге келген соң брондалған киім киген қарулы күштердің жүргенін көрдік. Көк түтін, атыстың дауысы естіліп жатты… Әйелге жақындап келіп не болып жатқанын сұрадым. Ол маған: Менімен бірге жүр деді. Ол мені өлген адамдар жатқан үйді-үйге алып барды. Әйелдің өзі жүкті еді, біз оның кішкене балаларымен бірге жүрдік.

Ұстап алмасын деп қызы менің дәптерлерімді пальтосының астына жасырды, себебі балалардың үстін ешкім ақтарып жатқан жоқ. Мен одан маған неге көмектесіп жатырсың деп сұрағанымда «Мен саған көмектесіп жатқаным жоқ» деп өзімнің оларға бұйырған мүмкіндік екенін айтты», — дейді журналист.

Ресми мәліметтерге сәйкес, мұнайшылар көтерілісі кезінде 15 адамның көз жұмғаны туралы жазылған. Алайда Костюченконың «Новая газета» басылымына берген материалында 64 адамның өлгені туралы айтылады.