Журналист Жұмасейіт Бижанов қайтыс болды
Қаралы хабарды журналист Арман Қани желідегі парақшасында бөлісті.
«Қаралы хабар Қазақстанның Құрметті журналисі, телевизия саласының үздігі
Бижанов Жұмасейіт Қоғабайұлы ауыр сырқат салдарынан 80 жасында дүниеден өтті.
Марқұмның отбасына, жақын-жуықтарына қайғылы қазаға орай көңіл айтамыз.
Бір топ әріптесі» деп жазды ол.