Макс Боқаевтың соты. 3 жыл қадағалау әкімшілік жазасы сол күйі қалды

0

Бүгін белсенді Макс Боқаевтың өзіне тағайындалған әкімшілік жазаға қатысты соты онлайн өтті.

Соттың қандай үкім шығарғанын Әлібек Мұсаұлы әлеуметтік желіде жазды.

«Макс Боқаев апелляциялық соты онлайн түрде өтті, сол 3 жылғы әкімшілік қадағалау шарасын қалдырды», — делінген жазбада. 

Еске салсақ, 4 ақпанда Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінен белсенді Макс Боқаев босап шықты. 2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жыл түрмеде отырған «саяси тұтқын» Макс Боқаевты түрме алдынан ондаған жақтасы, ақпарат құралдары қарсы алды.

Түрме мерзімі аяқталардан бұрын Азаттыққа берген сұхбатында Макс Боқаев қамаудан шыққаннан кейін бірден алаңға баратынын айтқан. Ол босатылардан бір күн бұрын «соттың қаулы шығарып, өзіне митингіге баруға, әлеуметтік желі қолдануға тыйым салғанын» хабарлады.

48 жастағы Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отырған. Бес жыл бұрын Атырауда мыңдаған адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген.Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасып, билік жерді шетелдіктерге жалға беруге уақытша мораторий жариялаған.