Елбасына арнап опера жазған адамның анасы ҚазҰПУ ректоры болды
Абай атындағы ҚазҰПУ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының экс-орынбасары Гүлмира Исимбаева сайланды, деп хабарлайды ORDA.
Директорлар кеңесі Исимбаева Гүлмира Ыстайбекқызын «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрайым етіп сайлады, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілігінің мәжілісінде министрлік оған елдегі ең көне университеттің директорлар кеңесін басқаруды ұсынғанын айтты. Себебі оның «білім беру және заң шығару саласында үлкен тәжірибесі бар».
Исимбаева Гүлмира Ыстайбекқызы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, төртінші және бесінші шақырылымдар Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, алтыншы шақырылымдағы Парламент Мәжілісі төрағасының экс-орынбасары. Ол ұзақ жылдар бойы Алматы қаласы білім бөлімінің бастығы болған.
Сонымен қатар, ол 2019 жылы құрмет белгісі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне опера жазған «Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағинның анасы.