Оқушыларға берілген үй тапсырмасы қазақстандықтардың ашуына тиді
Әлеуметтік желі қолданушылары Online mektep платформасы ұсынған үшінші сынып оқушыларына арғанлаған тапсырманы қызу талқылауда. Bilim Media Group компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Facebook – тегі пабликтердің бірінде Online mektep платформасында жарияланған үй тапсырмасының скриншоты қызу талқыға түсті. Тапсырмада үшінші сынып оқушысына көптеген грамматикалық және мағыналық қателіктері бар мәтін ұсынылған. “Зұлым есек аңшыға шапты”, “күй ойнады” деген сынды қисынсыз мәтін мен бейәдеп сөздерде кездеседі.
Маркетинг департаменті Bilim Media Group қолданушының браузерде АВТО аудармашыны қосқанын түсіндірді.
“Платформада бәрі жақсы, міне скриншот. Біз браузерге кіріктірілген АВТО аударғыштарды пайдалануды ұсынбаймыз”, – деп хабарлады компания.
“Мәтіндегі төрт негізгі сөзді анықта. Ертеде ханның ұлы аң аулауға шығады. Ол бір құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны өлтіреді. Хан бір жамандықтың болғанын сезінді. Сол кезде бір күйші домбырсын алып, күй тартады. Хан күй арқылы бәрін түсінеді”, – делінген қазақ тіліндегі нұсқада.