Білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдіс — пікірталас технологиясы
Білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдіс — пікірталас технологиясы
Заманауи Қазақстан жағдайында білім беру институттарының алдында жастарды жаңа қоғам өміріне бейімдендіру бағдарламасын құру мәселесі тұр. Білім беру жүйесіне арналған бұл әлеуметтік сұраныс білім алушылардың қарқынды өзгерістер жағдайында оңтайлы болатын, оларға демократиялық қоғамның белсенді негізін құрушыларға айналуына және өздерін сол қоғамда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен байланысты болып отыр. Бұл міндеттерді тек қана дәстүрлі педагогикалық тәсілдер шеңберінде ғана орындау мүмкін емес. Заманауи жағдайдағы оқытудың нәтижелілігі көптеген жағдайда білім берудің тиімділігі аз вербалды тәсілін жүйелі-іскерлік тәсілмен алмастыру, оқытудың түсіндіру-көрсету технологиясының басымдылығын жеке тұлғаға бағытталған, дамытушы технологияларына берудің қажеттілігін түсінумен байланысты. Мұндай технологиялардың бірі Пікірталас технологиясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ғасырлар тоғысында атты ғылыми-теориялық еңбегінде тәрбиенің түп мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленетін ХХІ ғасырды құрушы, іскер, ақпаратты, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Жаңа технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері де жаңаша сипат алатындығын атап өту қажет.
Осыған орай бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітірген түлектердің білімі мен біліктілігінің өлшемі шығармашылық, кәсіпқорлық, тез тіл табыса білу, тез шешім қабылдай алу болып табылады. Бұл қасиеттерді дарыту үшін сабақтың мақсатына сәйкес тиімді, білім алушының белсенділігін арттыратын оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Алайда белсенділік өзінен-өзі сабақтың түріне байланысты пайда болмайды, ол оқытушы мен білім алушының шығармашылық еңбегінің нәтижесінде жасалады. Сондықтан оқытушы тыңдаушыларының өз бетінше жұмыс істеуін дұрыс ұйымдастырып, әрқайсысына шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын жеке жол таба білуі қажет. Сонда ғана заман талаптарына сай жоғары білікті маманды дайындауға болады. Мұндай маман жаңа ақпараттарды тез қабылдап, оларды сыни тұрғыдан сараптап, жаңа идеяларды әр қырынан зерттеп, олардың шынайылығын, маңыздылығын, қажеттілігін тез анықтай алады.
Осындай білім алушылардың белсенділігін арттыратын оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің бірі — пікірталас. Пікірталас — белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, болмаса ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, дау. Яғни көпшілік алдында өз пікірін, көзқарасын дәлелдеу, қорғай алу.
Білім алушыларға күнделікті дәстүрлі сабақтарды оқытумен қатар конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар сияқты бейресми қарым-қатынаста өтетін сабақтар көбіне есте жақсы сақталады. Себебі мұндай сабақтарда білім алушылар өздерін еркін ұстап, белсенділік танытады, дұрыс сөйлеу үшін, үйренген грамматикалық материалды практика жүзінде дұрыс қолдануға тырысады.
Пікірталас не үшін керек? Пікірталастың негізгі мақсаты — білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты терең меңгерту және білім алушылардың мынандай қабілеттерін дамытады: шешендік дағдысын жетілдіру; талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау; талқыланып жатқан мәселені түсіну; ойландыру, ой-түрткі салу; фактілерді зерттеу, болжау, баға беру; жүйелеп сөйлеу; өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу; өз бағытын дұрыс ұғыну; мәселенің өзектілігіне мән беру; пікір таласта екі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып, ұштастырып отыру; өз ойыңды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеу; көп әдебиеттерді оқу; әдебиеттерден керектіні алуға қалыптасу; беделді әдебиеттерді пайдалану; кітапханаларда жұмыс істеуге дағдылану; қоғамның саяси дамуын түсіну; пікір таласында білімді жетілдіру, тереңдету; сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу; сайыста идея қозғаған адамға құрметпен қарау; идеяны теріске шығаруға нақты мықты дәлел қою; төрешіні өз көзқарасының дұрыстығына сендіру; қарама-қарсы сұрақ қоя білу; уақытты тиімді пайдалану; мәселені қорытындылау және шешім жасай білу; мәселеге шығармашылықпен қарау. Топтармен жұмыс жасау; дефинициялармен жұмыс жүргізу; көзқарасты ашық айтуға қалыптасу; ашық қоғам құруға үлес қосу.
Пікірталас әдістемесін оқу үдерісінде пайдаланудың мүмкіндіктері: Пікірталас жаңа педагогикалық технология бола отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады, ал ол пікірталасты оқу үдерісінде белсенді пайдалануды көздейді.
Пікірталас форматы, сондай-ақ оның жеке элементтері білім беру іскерлігінің әр түрлі салаларында жемісті түрде қолданылады: мектептерде, ЖОО-да, және ересектердің білім алу элементі мен педагогикалық ұжымның іскерлік элементі ретінде де қолданылады.
Пікірталас білім беру үдерісінде келесі түрде ұсынылуы мүмкін:
1) оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде (оқу-ізденіс, зерттеу, шығармашлық іскерлік ретінде), оқу материалы мазмұнымен жұмыс жасау тәсілі ретінде.
2) зерттеудің өз бетіндік пәні ретінде (арнайы курс немесе факультатив)
3) оқудан тыс іскерлікті ұйымдастыру формасы ретінде (мысалы, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік, клубтық және т.б.)
Пікірталасты оқу үдерісінде қолдану мақсаты мен міндеттері
Оқу үдерісінде пікірталасты пайдалану оқытудың түрақты ынтасын құруға себептеседі, себебі оқушылар үшін оқу материалының тұлғалық мәніне қол жеткізіледі, жарысу элементінің болуы шығармашылық, ізденіс іскерлігін, сондай-ақ негізгі зерттелініп отырған материалды мұқият қарастыруға ынталандырады; келесі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
oo оқытушы, себебі бұрынғы алынған білімді бекітуге, өзектендіруге, жаңа білім, шеберліктер мен дағдыларды меңгеруге себептеседі;
oo дамытушы, себебі зияткерлік, лингвистикалық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға себептеседі. Пікірталас логика мен сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, мәселені жүйелі түрде көру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
oo тәрибелік, себебі сөз таластыру, шыдамдылық мәдениетін қалыптастыруға, мәселені шешудің бірнеше тәсілі бар екендігін мойындауға себептеседі;
oo коммуникативтік, себебі оқу іскерлігі тұлғааралық қарым-қатынаста жүзеге асады, оқыту біріге жұмыс істеу барысында жүреді.
Мұндай көпфункционалдылық пікірталас артықшылықтарын тағы бір рет атап өтеді.
Мұғалім және оның сабақта пікірталас ұйымдастырудағы атқаратын ролі
Оқытуда пікірталасты пайдалану тиімділігі көптеген жағдайда мұғалімнің оның мүмкіндіктері мен дұрыстығын түсінуіне байланысты болып келеді:
— қандай да бір басқа тақырыпты, мәселені зерттеу кезінде. Біріншіден, кез келген тақырыпты талқылауға болмайды; екіншіден, тақырып сауатты түрде құрылуы тиіс және ол қызметті әдетте мұғалім атқарады;
— қандай да бір сабақта. Пікірталас жүргізу сәттілігі көптеген жағдайда сабақтағы достық, шығармашылық көңіл-күйдің болуымен анықталады. Мұғалім оқушылардың әр түрлі пікірталасты өткізуге қажетті шеберліктер мен дағдыларын меңгеру деңгейін дұрыс бағалай білуі тиіс.
— алға қойылған оқу мақсатына жету үшін. Сабақта алға қойылған мақсатты жемісті түрде орындау, ол үшін пікірталасты қолдану көптеген жағдайда мұғалімнің сабақтағы тиімд өзара қарым-қатынас үшін жағдай жасай алу шеберлігімен анықталады:
— оқушылармен сенімге толы өзара қарым-қатынас орнату;
— тақырып пен талқыланып отырған материал көлемін нақты анықтау;
— мұғалім мен оқушылардың іскерлік қарым-қатынасын ұйымдастыру шеберлігі.
Бұл жерде пікірталас барысында оқушылардың сіздің көзіңіз, ым-ишараңыз және денеңіздің орналасуы бойынша вербалды емес хабарлама алатындығын еске сақтау керек. Сондай-ақ таңдалған интонация мен дауыс үні де өте маңызды болып табылады.
Оқушыларды командалар (топтар) бойынша бөлу қағидасы
Пікірталасты әзірлеу және өткізу топтық жұмысты ұйымдастыруды көздейді. Топпен жұмыс жасау оқушыларға бірқатар маңызды қасиеттерге ие болуға мүмкіндік береді: өзара көмектесу, біріге шешім қабылдау, ортақ шешім іздеу, өз көзқарасын дәлелдей отырып қорғау, басқа пікірлер мен позицияларды қабылдау шеберліктері. Бұған қоса топпен жұмыс жасау және сондай-ақ пікірталас өткізу жетістігі көптеген жағдайда мұғалімнің топтық жұмысты ұйымдастыру, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, топтарды сауатты құру шеберлігіне тәуелді.
Оқушыларды топтарға (командаларға) бөлу кезінде әр түрлі қағидаларды ұстануға болады:
oo Мұғалім топтарды (командаларды) өзі құрады, позициялар мен рольдерді өзі бөліп береді;
oo Мұғалім топтарды (командаларды) өзі құрады, ал позициялар мен рольдерді өзара келісім немесе жеребе бойынша бөледі;
oo Сабақ басталмас бұрын, мысалы, сынақ жүргізуге болады, соның нәтижесі бойынша оқушыларды 3 топқа бөліп (мықты, орташа және әлсіз), әрбір топтан командаға 1 адамнан алып біріктіру арқылы;
oo Топқа жай ғана парталас оқушыларды немесе бір қатарда отырған балаларды жинауға болады (бұл тәсіл ең жылдам болып табылады, алайда топ құрамының тұрақты болуы, оқушылардың соған үйреніп кетуімен байланысты қиындықтар туындауы мүмкін).
Сабақта пікірталасты пайдаланудың дидактикалық функциялары
Сабақта пікірталас пайдаланудың дидактикалық функциялары екі мағыналы міндеттермен байланыстырылады:
1. Мазмұндық міндеттер:
oo оқушылардың талқыланып отырған мәселемен байланысты қарсылықтар, қиындықтарды түсінуі;
oo бұрын алынған білімді өзектендіру;
oo оларды пайдалану мүмкіндіктерін шығармашалық тұрғыдан қарастыру.
2. Топтағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеттері:
oo ұжымдық міндетті атқару;
oo мәселені талқылаудағы келісушілік және оны шешудің тәсілін бірігіп табу;
oo бірігіп атқарылатын іскерліктің арнайы қабылданған ережелері мен үдерістерін сақтау.
Бұл міндеттер қиылысқан кезде жүзеге асады:
oo мазмұндамаға сендіру үшін мәліметтер мен ақпаратты өңдеу;
oo өз позициясын, оның аргументтерін ұсыну;
oo мәселені қарастыру және шешу тәсілдерін таңдау және саралау.
Пікірталас әдістемесін пайдалану негізінде оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі кезеңдері
Пікірталас әдістемесін пайдалану негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру — дың негізгі кезеңдері:
1. Бағыт-бағдар табу.
2. Өткізуге дайындалу.
3. Пікірталасты өткізу.
4. Ойынды талқылау
Олардың ара қатынасы мен мәні бірдей емес. Олар сабақтың міндетімен және оқу үдерісінің оңтайлы ұйымдастырылуымен, зерттеулік оқыту үлгісінің деңгейімен және … жалғасы