Астанада «Еңбек нарығының болашағы:жаңа мүмкіндіктер» форумы өтеді

0

2018 жылдың  29-ы қарашасы күні Астана қаласында «Еңбек нарығының болашағы:жаңа мүмкіндіктер» форумы өтеді. Форум Қазақстан Республикасының Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық Кеңесі» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

«Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» форумы —  4-і Өндірістік революция жағдайында әлемдік еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер контексінде Қазақстандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік  саланың мүмкіндіктерін  талқылауға арналып отырған алғашқы тематикалық алаң болып отыр.

Форум барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылардың бірлесіп қабылдаған шешімдері бойынша пікір алмасу болады. Оның ішінде қазақстандық ірі жұмыс берушілердің, шетелдік инвесторлардың, ҚР Үкіметі мүшелерінің, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдерінің ой-пікірі тыңдалып, талқыланады.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық және жергілікті атқару органдарының өкілдері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банк, Азиялық даму банкі, Еуразиялық  қайта құру және даму банкі, «Атамекен» ҰКП, ірі трансұлттық және қазақстандық компаниялардың, ірі консалтингтік компаниялардың  өкілдері қатысады.

Айтулы форумға қатысушылар саны 300-ге жуық болады деп күтілуде.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Хилтон» қонақ үйі (Сауран көшесі, 46)

Шараны өткізуге «Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық Кеңесі»  қауымдастығына мүше-компаниялар: Shell, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Chevron, Қазцинк, Полиметалл, Polpharma, ERG, KNAUF, Cameco, Азиялық даму банкі, АнадолуГруп, Ситибанк, EY, PwC, ТМК, ЭНИ қолдау көрсетуде.

«Қамшы» сілтейді