Демалыс күндерге ауа райы болжамы

0

Синоптик мамандар алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

6-8 ақпан аралығында Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады.

Жауын-шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында — жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады.

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді.

Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.