Денсаулық министрлігі «Спутник V» вакцинасы Қазақстанда тіркелмегенін мойындады
1 ақпанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» ваксинасын егу науқаны басталғанына қарамастан, препарат республикада әлі тіркеуден өтпеген. Мұндай мәліметі Азаттыққа министрлік 3 ақпандағы брифингте растады.
«Тіркеу құжаты қаралып жатыр, біз қажетті құжаттарды әзірлеп жүрміз», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерлан Қиясов.
Тағы бір вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, «екпе науқаны қарсаңында министрлік Ресейден клиникалық сынақтың бірінші, екінші және үшінші кезеңдеріне қатысты есеп алдырған», содан кейін ғана оларды Қазақстанға әкелуге рұқсат берілген.
Алайда министрлік «Спутник V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмегенін растады.
«Жақында бұл вакцинаны Қазақстанда тіркейміз», — дейді Ерлан Қиясов.
1 ақпанда басталған науқанның алғашқы кезеңінде екпе медицина қызметкерлеріне салынып жатыр. Екінші кезеңінде мұғалімдерге екпе салынады.
2 ақпанда британдық ықпалды Lancet медициналық журналы «Спутника V» вакцинасының тиімділігі 91 пайыз екенін хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V» вакцинасын шұғыл түрде қолданатын препараттар тізіміне әлі қосқан жоқ.
Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып алуға 16,8 миллиард теңге (шамамен 40 миллион доллар) бөледі.