Ермек Тұрсынов: Ешкі тұрмақ, қойлармен болады ғой. Әйел ретінде пайдаланады
Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов «Келін» фильмінің сырын ашты. Осы орайда ол баланы неліктен ешкімен жыныстық қатынасқан «түсіргенін» түсіндіріп өтті.
Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты.
«Кинода жаңағы бала ешкіні алады да қораға алып барады. Сонан кейін перебивка қалдырады. Аспан ба, орман ба? Содан кейін қора ашылады, ешкі былай шауып кетеді, бала шығады. Сонда қорада не болғанын кім біледі? Сендердің ойларың жаман. Сендер не ойлап жатырсыңдар, мен не ойлап отырмын. Қайдан білесің? Қорада ойнаған шығар, жүнін қырыққан шығар. Не істегенін білмеймін», — деді режиссер.
Оның сөзін журналист бөліп, «Киноны жақсылап көрсеңіз, бала белдігін көтеріп, ұстап шығады» деді.
«Ал енді қара. Біреулер айтады «Сен немене сонда? Қазақ ешкіден тараған ба?» деп. Сонда кісілер маған кінә тағып жатыр да. Пәленбай депутаттың сақалына қарап, кейде ойлап қаламын шындыққа жататын шығар деп.
Біздің ауылда бала кезімде шопандар үш ай, алты ай, кейде жарты жыл тұрады. Кейде, тіпті, алысқа кетіп қалады. Сонда кейбіреулер келгенде, ол кезде біз баламыз, неше түрлі оқиғалар айтады қорқынышты. Солар ешкі тұрмақ, қойлармен болады ғой. Әйел ретінде пайдаланады. Бұл тек бізде емес. Бұл шындық қой. Неге бас тартамыз шындықтан? Бұл қазіргі заманда болып жатқан нәрселер. Ал жаңағы кино ол қашан болған нәрсе?
Мен сізге айтайын. Александр Македонский деген мықты жауынгер. Олар соғысқа барғанда, ол кезде самолет жоқ, машине жоқ, жаяу барады соғысқа. Бір аттанған кезде бірнеше жыл жүретұғын. Егер оралса, мүлдем басқа адам, шал болып келеді ғой. Сонда олар бір әскер болып жүргенде, далада айдалада — тек осы жабық қоғам, өңкей әскерлер — олар бір-бірімен болады ғой. Бұл тарихи дерек.
Егер Александр Македонский сонда еркектігін жоғалтпауы үшін өздерімен бір қора ешкілерді айдап кететұғын. Бір жағынан ет, екінші жағынан сүт, үшінші жағынан әйел ретінде пайдаланады. Бұл тарихи дерек. Сондықтан мен бұл жерде ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпын.
Бұл жерде екі нәрсе. Мен қорада не болғанын көрсеткен жоқпын. Халық түсінді. Сонда халықтың ойында не жатыр? Болмаған нәрсені ойластырып отыр ғой. Менің де ойым сол. Мен өстіп айтып құтылып кетуіме болады. Бірақ мен шындықты айтып отырмын. Халық дұрыс түсінді. (…). Қазірдің өзінде сондай болып жатыр», — деп жауап берді Ермек Тұрсынов.