Лондонды бағындырған Димаш енді Мәскеуде концерт бермекші — новости Казахстана
Көктемгі мереке алдында Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне әншінің жақындары растады.
Димаштың өзі де Instagram желісіндегі парақшасында жұмбақтап жазба қалдырған.
«Жақын арада менің келесі шығармашылық кешіме билеттер сатылымға шығарыла бастайды. Қашан және қай елде болады деп ойлайсыздар?» — деп жазған әнші.
Ал желі қолданушыларының дені концерттің наурыз айында Мәскеуде өтетінін жазған.
Естеріңізде болса, Димаш Құдайберген 19 қараша күні Лондонның «Indigo at the O2» алаңында жеке кешін өткізген болатын. Әншінің концертіне әлемнің 46 елінен тыңдармандар жиналған.
Сондай-ақ, әншінің анасы Светлана Айтбаева ұлының тіл-көзден қалай қорғанатынын айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар