Өзбекстанда қызмет құжатын жол сақшысына көрсеткен шенділер айыпталатын болады
Өзбекстан елі тәртіп сақшыларының қызметіне байланысты тағы бір қаулы шығарды.
Енді өзінің лауазымына берілген арнайы қызмет құжатын жол сақшыларына көрсетіп, қызметін асыра пайдаланған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес, мұндай жағдайда азаматтардың жол ережесіне бағынбай, тәртіп сақшысының жұмысына кедергі келтірді деген айыптаулар тағылады.
Бұдан бөлек, Ішкі Істер Департаменті өзге де жүргізушілерге жол сақшыларына материалдық құндылықтар, сыйлықтар немесе өзге де жемқорлыққа итермелейтін заттарды ұсынбауды қатаң ескертіп отыр.