Ерлерге әсемдік жараса ма? — «Астана» телеарнасы
Қыздарға әсемдік жарасады. Ал жігіттерге ше? Ер-азаматтардың боянып, бет әрлеп, шашын сәндеп, қасын теріп жүргендері дұрыс па? Бұрын визажистер әйелдер болса, қазіргі таңда өзгелерді ғана емес, өздерін де бояғанды жақсы көретін жігіттер де жетерлік. Сонда олар ұл ма, қыз ба?
Асылжан БОЛАТ, ВИЗАЖИСТ:
Жақындарым біледі менің қандай екенімді. Мен боянып жүрсем, осылай киініп жүрсем, имидж, образ осындай болса, это не значит, что я гей. Ұят деген нәрсе бар бізде, сол тұншықтыра береді. Оған қарамастан, адам өзіне ұнаған нәрсемен айналысқаны дұрыс деп ойлаймын.