National Tourism Awards – саланы дамытуды ынталандырудың жаңа құралы
БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихаты барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Рашид Кузембаев: «National Tourism Awards» кірме және ішкі туризм саласындағы ең сәтті жобаларды, турөнімдерді, туроператорларын анықтайтын, оларды іргерілету және қалың жұрттың туризм индустриясына деген мүдделі қатынасын қалыптастыру, туризмдегі қызметтер саласындағы сервис сапасын жақсарту құралдарының біріне айналады» — деп мәлімдеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша Бірінші ұлттық Сыйлыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 20 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында жүргізілді. Қатысуға өтінімді Сыйлықтың ресми сайтында www.tourismawards.kz туризм индустриясы мен іргелес салалардың өкілдері берді. Әлеуетті қатысушылар конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру үшін 17 номинацияның ішінен тек біреуін ғана таңдауға құқылы болды. Барлығы 150 -ден астам өтінім қабылданды, соның ішінде сараптамалық кеңеспен әр номинация бойынша 5 қатысушыдан іріктелді.
Конкурстың екінші кезеңінде бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша қысқа-тізімге іліккен қатысушылар мен жобалар 2018 жылғы 20 қарашадан бастап 28 қарашаға дейінгі аралықта өткен ашық онлайн дауыс беру арқылы бағаланды.
«Онлайн-дауыс беру белсенді түрде өтті. Әр номинант барынша көп дауыс жинауға тырысты: біреу әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында түрлі белсенділік танытып жатса, енді біреулері көшеде промо-акциялармен шықты, басқасы мессенджерлер арқылы хабарламалар т.с.с. жіберіп жатты. Бұл, әрине, Сыйлыққа халықтың ауқымды бөлігінің тартылуына септігін тигізбей қоймады. Осы кезеңде біздің көздегеніміз де осы болатын», — деді «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ Оқиғалық іс-шаралар мен жобалар департаментінің директоры Гаухар Жеңісбек.
Іріктеудің бірінші және екінші кезеңдерінен соң, қазылар алқасы сараптамалық бағалау және онлайн-дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешімді қабылдады. Жеңімпаздардың есімдері 2018 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында өтетін Конкурс қорытындыларын шығару және лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланатын болады.
Туризм саласындағы «NATIONAL TOURISM AWARDS» сайысы жоғары туристік мәдениетті құруға, салаға қатысушылардың кәсіпқойлығын өсіруге және ел ішінде де, шетелде де оң имиджді құрайтын ұлттық туристік брендтерді дамытуға септігін тигізіп, отандық туризмді дамытуға ынталандыруға арналғандығын атап өткіміз келеді.
Осы арқылы конкурстың ұйымдастырушылары «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Индустрия комитеті тұлғасында бірден бірнеше мақсатты көздейді. Бұл туризм саласындағы ең қызықты жобалардың және турөнімдердің бірыңғай ақпараттық қорын құру, ел аумағындағы туризмді дамыту саласындағы барлық мүдделі тұлғалардың ынтымақтастығын ұйымдастыру, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізу.
«NATIONAL TOURISM AWARDS» Ұлттық сыйлығы алғашқы рет өткізіліп отыр.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Номинациялар тізімі:
1) «Жыл жобасы» (фестивальдер, конкурстар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған);
2) «Үздік туристік компания» (ішкі және кірме туризм);
3) «Шетелдік турист үшін үздік турөнім» (кірме туризм бойынша);
4) «Ішкі турист үшін үздік турөнім» (ішкі туризм бойынша);
5) «Үздік гид-экскурсия жетекшісі»;
6) «Үздік бизнес-отель»;
7) «Турист үшін үздік отель» (Ұсынылатын қызметтер тізілімі бойынша);
8) «Үздік өңірлік отель»;
9) «Үздік шипажай» (тазалық, сервис, персонал);
10) «Үздік хостел»;
11) «Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша үздік жоба»;
12) «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын-соңды іске асырылмаған жоба);
13) «Туризм бойынша үздік инстаграм-аккаунт»;
14) «Жылдың Travel фотографы»;
15) «Қазақстандық туризм туралы үздік мақала»;
16) «Туризм бойынша үздік TV жобасы»;
17) «Туризм бойынша үздік ғаламтор-жобасы» (дестинацияларды ілгерілету бойынша).
Арнайы номинациялар:
1) «Туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін»;
2) «Қазақстандағы туризмді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
Бұдан басқа, жобаға қатысушылар өңірлер және ел аумағындағы туризмді дамыту саласындағы тәжірибемен алмасудың, қарым-қатынастарды орнатудың айрықша мүмкіндігіне ие болады.