Оқушыларға арналған байқаулар
Оқушыларға арналған байқаулар
Мақсаты: Балалар мен жастардың қызығушылығын ояту, рухани жаңару – ұлттық сананың кемелденуінің жемісі болып табылуына үлес қосу мақсатында педагог мамандар мен мектеп оқушыларын Республикалық интернет білім байқауына қатысуға шақырады. Бұған еліміздің түкпір — түкпіріндегі тəжірибелі ұстаздар мен талантты оқушылар ат салыса алады.
1. Менің қаламның танымал тұлғасы (эссе, өлең, мақала, ғылыми жоба). Өзі туған қаланың, ауылдың танымал тұлғасы туралы жазады.
2. Қарттарым аман – сау жүрші (шығарма, эссе, өлең). Қарттар туралы ой толғау, ата-әжені құрметтеу туралы.
3. Өмір — өлең (Ақындар мүшәйрасы). Ақындығы бар оқушылар үшін.
4. Күнделікке ақтарамын сырымды… (Эссе, үзік сыр, өлең). Өз өміріндегі болған оқиғаларды жазып жүрген оқушылар үшін еш қиындық туғызбайды. Күнделік дәптеріне сырлары мен ойларын қаламмен жазып түсіруі тиіс.
5. Танымал ақындардың өлең жырларын мәнерлеп оқу. «Мәнерлеп оқу» сайысына қатысатын оқушы ақындардың өлеңін жатқа білуі тиіс. Сонымен қатар видеосын ұялы телефонға түсіру арқылы не болмаса кәсіпқой видео камераға түсіріп жібереді.
6. Менің сүйікті сынып жетекшім (Эссе, өлең) Ұстаздарға арналады.
7. Қазақ батырлары (Эссе, өлең, сөзжұмбақ, реферат, ғылыми жоба).
8. Дана – Абай! (Ғылыми жоба, реферат, өлең, эссе)
9. Ауылым алтын бесігім. (Эссе, өлең, шығарма) Туған жеріңді қадірлеу.
10. Сыр- сұxбат (тұрғылықты жердің танымал тұлғасымен немесе дәріс беретін ұстазы болмаса ата- әже, әке -анасымен оқушының журналистік сұхбаты)
11. Өнегелі бала — Халық ауыз әдебиеті ( Өз ойынан өтірік өлең, әзіл әңгіме, аңыз әңгіме жазу) Халық ауыз әдебиеті байқауы бойынша оқушы өз ойынан халық ауыз әдебиетінің түрлері өтірік өлең шығарып, қария кісілерден естіген аңыз әңгімелерін жазып жібереді.
12. Менің анашым – ең тамаша жан! (Эссе, өлең, ребус, сөзжұмбақ)
13. «Менің арманым» (эссе, өлең)
Бәйгеге қатысу жарнасы 500 теңге.
Байқауға қатысқан оқушылардың жетекшілеріне арнайы алғыс хат беріледі.
Оқушылар жұмысы сыныбына қарай бағаланады. Жеңімпаздар (1,2,3 дәрежелі) диплом, Орын алмаған оқушылар қатысушы сертификатына немесе алғыс хатына ие болады.
Әр оқушы 1 жұмыс жолдай алады.
Қабылдау мерзімі: 5 желтоқсаннан басталады. Қорытынды сайтымызда жарияланады. Үздік деп танылған жұмыстар сайттың негізгі бетінде жарияланады.
Қатысушы оқушының аты-жөні толық жазылуы қажет.
Үлгі: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Покатилов ауылы, №45 И. Шұғайыпұлы.
Дайындаған оқушы: Игизғали Сымбат
Жетекшісі: Бектембаева Гулдана Мендыгалиевна
Байқауға жолданатын жұмысты сайтқа енгізуге болады, немесе мына поштаға жолдауға болады: bilimsite@yandex.kz байқауға қатысу туралы толығырақ ақпарат WhatsApp: +7 707 271 10 28 хабарласып білуге болады.