Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

0

Тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін

арттыру құралы ретінде»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………….3

  1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны…………………………………………………………….4

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі…11

1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі…………………………………….14

1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар………………………………16

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.2 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі………………………………20

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау ……………………………………….28

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………….36

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………………40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………….42

КІРІСПЕ

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шетелдік инвестиция» туралы Қазақстан Республикасында арнайы заң қабылданды. Қазіргі кезде инвестицияның көлемі жыл сайын өсуде. Бұл Қазақстан Республикасы үшін экономикалық және саяси жағынан маңызды болып табылады.

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің басты механизмінің бірі – инвестициялық жобалаудың тиімділігі болып табылады. Инвестициялық жобалаудың тиімділігі кәсіпорын экономикасының тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құралады.

Сапа және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі кезде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі өндірістің тиімділігін, басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың басты өлшемдері болып табылады. Жалпы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі төмендегідей:

  • бәсекеге қабілеттілік деңгейін нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштері бойынша орташа алғандағы мөлшер ретінде санау керек;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігіне, ұйымдар қызметінің тиімділігінен нақты тауарлардың нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан дербес талдау жүргізу;
  • кәсіпорынның жұмыс істеуінің тұрақтылығы көрсеткішін дербес есептеу.

Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау – бұл өте маңызды және күрделі үрдіс. Кәсіпорында инвестицияны салу терең экономикалық талдау жүргізу арқылы негізделіп жоспарлануы тиіс. Инвестициялық жобалауда төменде келтірілген ереже ескерілуі тиіс:

  • инвестицияланатын қаржының мән-мағынасының болуы;
  • инвестиция рентабельділігі инфляция қарқынынан асып түсуге тиіс;
  • кәсіпорын ақшасын банкте сақтаудан гөрі, инвестиция ретінде жұмсау арқылы көп пайдаға жетеді;
  • жобаның дисконттеуді есепке ала отырып, жоғары рентабельді болуы;
  • ең үлкен экономикалық пайданы қамтамасыз етіп, төменгі деңгейдегі тәуелділікке жету.

Инвестордың дұрыс шешім қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негізделеді және инвестицияларды жобалаудағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жобаларды түрлі критерийлер бойынша саралау кезінде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әр түрлі болуы мүмкін.

Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде» деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның инвестициялық жобасын жан-жақты зерттеп, шағын ұсыныстар беру. Қойылған мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

  • инвестиция ұғымы, инвестициялық жобалаудың мәні туралы кешенді түсінік беру;
  • жобалық талдау құралдарын зерттеуге, тиімді инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне баса назар аудару;
  • кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін жан-жақты қарастыру;
  • ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
  • инвестициялық жобаның қажеттілігі мен іске асыру жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдылықтары, жарлықтары мен бұйрықтары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, экономикалық монографиялар, оқулықтар, ҚР-ң статистикалық мәліметтері, мерзімді басымдылықтар құрайды. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

  1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

 

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны

 

Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) қосалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол оралынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, олар ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды, басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған. Ал, инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға,  тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайыздар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа да түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investments – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келеген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».

Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестицияға берген анықтамасы келесідей: «Инвестиция – бұл өндіріс шығындары мен өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы».

Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесті былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестицияның қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттік табыстар (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болып табылады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорындарды салуға, жол құрылысын, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу және сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.

У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырығылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы болып табылады». В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.

Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция – жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың ұлғаюымен байланысты.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып саналады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі болып табылады. Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді және нақты (капиталдандырылған).

Портфельді инвестиция деп (кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты) жобалар тобына капитал салуды айтады. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді  қаржылық операциялар түрінде көрінеді.

Нақты инвестиция деп өндіріс процессіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын инвестициялар.

Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:

  • мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
  • қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
  • материалдық емес инвестициялар – оларға зерттеу және талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.

Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

  1. бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
  2. өндірістік потенциалды (әлеуетті) ұлғайтуға бағытталған кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар);
  3. қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

*  бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;

* рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;

*   шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар;

*   диверсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;

* болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар. Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға, жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.

Инвестицияның экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  • инвестициялардың түрлері;
  • ақша құралдарын салу объектілері;
  • инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  • инвестицияландыру кезеңі;
  • меншік түрлері;
  • инвестордың қатысу түрлері;
  • тәуекел дәрежесі;
  • ұдайы өндіріс түрлері.

1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

  • ақша құралдары, салымдар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
  • жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
  • авторлық құқықпен, тәжірибемен және  басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
  • жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
  • қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
  1. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
  • нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құраладар;
  • материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
  • қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салымдар.
  1. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
  • жанама инвестициялар, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
  1. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
  • қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
  • ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы быр жылдан көп.
  1. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
  • азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
  • мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
  1. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
  • қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
  • инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
  • жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
  1.   Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
  • тәуекелді инвестициялар, инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
  • барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі, яғни тәуекелдің орын алуы мүмкін;
  • жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі, яғни тәуекел дағдарысты болып табылады;
  • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
  1. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
    • жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
    • шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі — өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту:
    • шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
    • техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырыақ түсіну үшін жүріп жатқан процесстерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші мен тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.

Инвестициялаудың маңызды ережесі, құнды қағаздарға салынған салымдардың табысы инвестор баруға дайын тәуекелге тура пропорционал болады. Жүйелік амал тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге болады: жүйелі және жүйесіз.

Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептері: инфляция, экономикалық құлдырау, жоғары пайыздық мөлшерлеме, әскери-саяси дау-жанжалдар және тағы басқалар.

Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік инвестициямен (жоба, құнды қағаз және т.б.) байланысты тәуекелдің барлық түрлеріне жатады. Олардың пайда болу себептері фирмалар үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндеттерін орындауы (сатып алу тәуекелі), сатып алушылардың қыр-сыры (өнімді өткізу тәуекелі), бәсекенің әсері, үлкен келісім-шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және тағы да басқалар жатады.

Инвестиция еліміздің экономикасында және жеке кәсіпорынның қай-қайсысы болмасын өмірінде келесі бағыттар бойынша маңызды рөл атқарады:

  • ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын іске асыруда және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорын үнемі жаңалауда;
  • өнім сапасын жақсарту және ғылыми-техникалық прогресті тездетуде;
  • барлық халық шаруашылық салаларының тең дамуына және қоғам өндіріс құралдарының қайта құрылуында;
  • өнеркәсіпте керекті шикізат базаларын жасауда;
  • азаматтық құрылыстар, денсаулық сақтады дамыту, жоғары және орта мектептерді дамытуда;
  • жұмыссыздық мәселелерін шешуде немесе жеңілдетуде;
  • табиғатты қорғау және басқадай мақсаттарға жетуде.

Мұндай тізімдерді көп келтіруге болады. Сонымен, инвестиция бірінші жағдайда еліміздің экономикасын көтеріп, соның негізінде көптеген әлеуметтік жағдайларды шешуге, ең алдымен халықтың әл ауқатын, тұрмысын көтеруге қосатын үлесі өте зор.

 

 

 

 

 

  • Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және

инвестициялық қызметі

 

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мқсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамауына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар мен инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісіне арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрекет жасайды. Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

  • капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
  • инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалдық потенциалдың жүзеге асырылуы;
  • қаржылық капиталдың айналым саласы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды рөл атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:

  • кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
  • жалпы даму стратегиясы;
  • инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
  • құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.

Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өз бетінше бір стратегия. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашан да экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асыру мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.

Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

 

1-кесте Белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы

 

                                                       Сатылары
Стратегиясы Пайда болуы Өсуі Жетілуі Ескеруі/Пайда болуы
Жалпы Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сүру Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау Пайда нормасын сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалуының қаржылық тұрақтылығы
Инвестиция

лық

Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету Өндірістің және нақты қаржылық инвестиция масштабтарының кеңеюі Өндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестицияландыру
Ескерту: оқулықтың мәліметтері негізінде

 

Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияланыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады. Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия  инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.

Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауымен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен ай- рықшаланатын инновациялармен байланысты болады.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

 

 

1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі

 

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінік бойынша  жоба – бұл белгілі бір мақсатқа  жетелейтін  кәсіпорынның  іскерлігін  өзгерту жайлы  арнайы  ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу, т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартумен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл   келесі кезеңдерге ие.

  1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта «идентификациялау» термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына таңдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
  2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен соң, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс оңай алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.
  3. Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
  4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарымдарын қамтамасыздандыру.
  5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.

1) Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көпбаламалылық пайда болуы мүмкін.

2) Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілегенін қолдану, бірақ оның моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.

3) Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.

4) Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.

5) Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элементі болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен  әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып келеді. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:

  • капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану;
  • ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.

6) Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.

 

 

 

 

 

 

1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

Жалпы еліміздің бизнес климатын талдау барсында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін баллмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әр түрлі шаралардың кешені:

  1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
  2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
  3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
  4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
  5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
  6. банктік жүйенің тұрақтылығы;
  7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

 

2-кесте Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Әсер етуші факторлар Негізгі әсер (0-ден 7-ге дейін) әсер ету белгісі
1.    Бюрократия 6,7
2.    Елдегі қаржы-салық режимі 3,6 +
3.    Құқықтық инфрақұрылым 3,1 +
4.    Қаржы нарығы 4,6 +
5.    Бөлу арнасының жетіспеушілігі 1,3
6.    Саяси тұрақсыздық 3
7.    Айырбастау бағамын реттеу 2,8
8.    Заң шығару тұрақсыздығы 3,9
9.    Бұқаралық ақпарат құралдары 2,9 +
10.Коррупция 6,1
Ескерту: оқулықың мәліметтері негізінде

 

Сонымен, шетелдік инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген салалары – шикізат пен энергия болып табылады. Қазақстан территориясы Еуропалық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша 658,5 млрд., мұнай 222,5 млрд. АҚШ доллары.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан – ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19% -ға өсіп, 119 млрд. теңгеге жетті.

Инвестицияның жоғары қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы  «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екі жақты келісім шарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спроттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мектеп салынды.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жұргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалтулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Респубилкасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет:

  1.   Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциалды мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық алдын-ала болжау  және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшн қолайлы жағдай туғызады.
  2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттраға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық «ойын ережелері» анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
  3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
  4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін кең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
  5. Келісім шарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.
  6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасының дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
  7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.
  8. Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тікелей шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екеніні көрсетті, олардың ішіндегі маңыздылары мыналар болып табылады:

  • саяси тұрақтылық;
  • елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;
  • қолайлы инвестициялық климат;
  • басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі және мүмкін болатын табыс көлемі;
  • құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;
  • табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;
  • валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриаицялау мүмкіндігі.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

  • республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процессіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесіне бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенцияалын жүзеге асыру;
  • инвестициялық климатты жақсарту мен шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;
  • үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;
  • әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажеттігі;
  • инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;
  • есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;
  • аймақтың инвестициялық ресурстар жиынтығымен жетілдіру.

 

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

 

2.1Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі

 

Жалпы алғанда, тиімділік – кірістің шығындарға, ресурсатарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.

Инвестициялық жобаның тиімділігі ғылыми-техникалық (ғылыми-техникалық нәтижелердің ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен шығындарға қатынасы), өндірістік (сатылған өнім көлемінің өндірісті дамытуға жұмсалған бір жолғы шығындарға қатынасы), әлеуметтік (әлеуметтік нәтижелердің әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруға кеткен шығындарға арақатынасы), экологиялық (қоршаған ортаны қорғау нәтижелерінің осы мақсатта жұмсалған капитал салымдарына қатынасы), экономикалық, коммерциялық және бюджеттік деп бірқатар түрлерге бөлінеді.

Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Мұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

 

3-кесте Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар, нақты бағамен млн. теңге

 

Жылдар Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция                              Оның ішінде
Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға
млн. теңге % млн. теңге % млн. теңге % млн. теңге %
1995

2000

2006

13059

148590

404175

100

100

100

12541

66780

53775

95,3

44,9

13,3

383

80029

342188

2,9

53,8

84,6

225

1781

8232

1,7

1,2

2,0

Ескерту: Оқулықтың мәліметтері негізінде

 

Кестедегі мәліметтерімізден байқайтынымыз, соңғы он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Мұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

Әдетте инвестициялық жобаны негізгі үш кезеңнен тұрады деп қарастырады: алғашқы, дайындық және өндірістік.

Алғашқы кезеңде жобаның техника-экономикалық негізі құрылады. Жобаның бизнес-жоспарын құру жұмыстарына, ақпаратты жинау және өңдеу, сонымен қатар нарықты алдын ала зертеу, мәліметтерді талдау, жобаның  тиімділігін алдын ала есесптеулер жатады. Сонымен қатар потенциалды мердігерлермен келісілген жұмыстарды орындау шығындары, капитал тарту шарттары бизнес-жоспардың жобасы үшін мәліметтер ретінде қолданылады.

Инвестициялар – бұл кем дегенде екі жақтың – кәсіпкер (жобаның бастаушысы) және инвестордың (жобаны қаржыландырушы) бірлескен әрекет процесі. Бұл жобаның сәттілігі, екі жақтың ортақ тіл табысуына, инвесторлардың белгілі бір кепілдікке ие болуына байланысты. Мұндай кепілдіктің бірі, жақсы ойластырылып есептелген істің жазбаша мазмұны болып табылады. Бұл инвесторға іспен танысуға, оқу, зерттеу, есептесуді қайталауға және ұсынылған бизнестің маңызды, есептелген, кездейсоқ жағдайларға тәуелсіз екендігіне көз жетуізуге мүмкіндік береді. Ұсынылған бизнеспен танысу барысындағы негізгі құжат, қаржылық салымды талап ететін бизнес-жоспар болып табылады. Бұл ақша табудың негізгі құралы және жоспарланған бизнестің негізі берілетін ресми құжат болып табылады. Кейбір Батыс елдерінде бұл құжатты «келісім» деп атайды. Бизнес-жоспарды жасаудың қажеттілігінің негізгі үш себебін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, бизнесті құрастыру процесі, идеяларды ойластыру кәсіпкерді кәсіпорынның жоспарына объективті, сын көзбен, әділ қарауға мәжбүр етеді. Жоспар қатенің алдын алуды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, сәттіліктің негізі болып табылатын, кәсіпорынды тиімді бақылауға және басқаруға қолдануда, кәсіпкерге көмектесетін жұмыс құралы болып табылады.

     Үшіншіден, аяқталған бизнес-жоспар бұл идеяларды басқа қызығушылығы бар тұлғаларға хабарлау құралы болып табылады. Бұл толықтай кәсіпкердің мамандық деңгейін сипаттайды.

Инвестициялық жобаның дайындау кезеңі, ынталы инвестициялар деп аталатын өндірісті даярлау жұмысынан тұрады, әдетте олардың қатарына мыналар жатады:

  • кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу және құрылымын жасау жөніндегі ұйымдастыру шығындары;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • өнім үлгілерін жасау, даярлау және сынау;
  • құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • технологиялық және басқа да жабдықтар сатып алу, дайындау және монтаждау;
  • өндірістік жабдықтау және арнайы құралдарды дайындау және жасау, өнімнің шығарылуы қарсаңында нарықты даярлау шаралары (мысалы, жарнама және т.б.).

Инвестициялық жобаның өндірістік кезеңі, кәсіпорын өнім өндіру мен оны өткізуге аяқ басқан сәттен басталады. Диверсификацияланған өндіріс жағдайында, өндірістік кезеңнің басы бір ғана өнім түрін өндіру мен өткізу басталған күн болып саналады.

Инвестициялық жоспар әдеттегідей, мынандай инвестициялық шаралардан тұрады, олар мына түрде келтірілген:

  • даярлық кезеңнің ұйымдастырылуы және басқа шығындары;
  • жер учаскелерін сатып алы (несиеге алу);
  • ғимараттар сатып алу (құрылыс салу);
  • жабдық сатып алу (жасау).

Даярлық кезеңнің ұйымдастырылуы және басқа да шығындары деп активтерді сатып алу, жабдық сатып алу секілді шығындарды есептемегендегі, кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуді бастаған сәтіне дейінгі шығындарды түсінеміз.

Жұмыстардың кейбір кезеңдерінің басқаларымен бір мезгілде жүргізіле беретіндігін ескере отырып, атап өтілген кезеңдердің қайсысы ағымдық жұмыстың орындалуын шектейтіндігін көрсете кету қажет. Мысалы, цех ғимараты салынбайынша, жабдықты дайындап іс жағдайына келтіруге болмайды.

Барлық кезеңде нөмірлену тікелей өтпелі болуы тиіс. Және де кезең нөмірлері олардың орындалу ретін көрсетпейді, өйткені бірнеше кезең бірдей орындалуы мүмкін. Кезеңдерді ескере отырып, жоба сатысын анықтағаннан соң, күнтізбелік жоспар қайта есептеледі. Көрнекілік үшін жоба кезеңдерінің басталуы мен аяқталуы күндері және оларға жұмсалатын шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспарт келтіріліп отыр. Инвестициялар туралы шешім қабылдауда инвестор кәсіпорынның экономикалық қызметінің барлық жайларына назар аударады.

Жоғарыда атап өткендей, инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.

Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзіне келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт. Біздің кәсіпкерлеріміздің бұрын-соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлім. Соған орай олар бұл әдістемені білмейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткілікті мөлшерде тәжірибе жинақталғандығын ескерсек, біз осы тәжірибені пайдалана білуіміз қажет.

Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тіліндегі «Кэш-Флоу» деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр, әрі «маркетинг» және «контроллингтен» де көбірек пайдаланылады. Бүгінгі таңда «Кеш-Флоу» талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.

Cash-Flow (Кеш-Флоу) дәл аударғанда «бар ақша ағымы» деген мағынаны білдіреді. Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: «Бухгалтерлік баланс», «Қаржы –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп» және «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп». Алғашқы құжат, кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, мысалы, 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс, белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асрып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді. Егер де баланс көлденең нысанда жасалған болса, екі жақтан құралады: актив (сол бөлігі) және пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді. Пассив кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екендігін көрсетеді.

Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды, сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыспен өтелуі тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл есептен кәсіпорынның өзінің негізгі қызметін қалай орындап отырғандығын байқауға болады.

«Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп» кестесін жасау үшін сату жоспарының мәліметтері — өнімді өткізуден түскен табыс және шығындар жоспарының мәліметтері – тұрақты және айналмалы шығындар сомалары қажет болады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, жобаны талдау мен басқару барысында өте маңызды болып саналады. Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

Жобаның үш түрлі вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып көрейік.

 

4-кесте Инвестициялық жобаның үш варианын талдау кезінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

 

Баптың атауы Инвестициялық жобаның варианттары
бірінші екінші үшінші
1 Өнімді өткізуден түскен табыс (млн. теңге) 2000 2000 2000
2 Айнымалы шығындар негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны 1400 1000 600
3 Жалпы табыс 600 1000 1400
4 Кезең шығындары (тұрақты шығындар) 580 800 1000
5 Негізгі қызметтен түскен табыс 20 200 400
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс 4 10 20
7 Қалыпты қызметтен алынған табыс 24 210 420
8 Табыс салығы 7 63 126
9 Таза табыс 17 147 294
 Ескерту: оқулықтың мәліметтері негізінде

 

Ықтималды табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен кәсіпорынның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндеттерін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

Сонымен, тек осы екі құжатты – «Бухгалтерлік баланс» пен «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепті» пайдалана отырып, кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірмбеде анағұрлым жиі қолданылатын кәсіпорын тиімділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштерін есесптеуге мүмкнідік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қаражаттарының қозғалысы ттуралы есеп» ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезеңнен-кезеңге қарағандағы динамикасын көресетеді. Есеп айырысу шотында ақша қаражаттарының қалдығы ақша қаражаттарының келуі мен кетуі есесбінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен төлемдер «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеспте» осы төлемдердің жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта кетер бір жайт, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша қаражаттарының қалдығын кәсіпорындар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін инвестицияларға, қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланылады.

«Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» кәсіпорын қызметі үш негізгі салаға бөлінген:

  • операциялық;
  • инвестициялық;
  • қаржылық.

Кәсіпорынның операциялық қызметі «Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есепте» көрініс табады. Ал «Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде сатып алынған активтер үшін төленген барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте қолданылмай тұрған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім болып табылады. «Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, акционерлік капитал, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар, алымдар бойынша пайыздар есептеледі. Төлемдер есебінде қарыздарды өтеу, дивиденд төлеу саналады. Бұл бөлімде, көріп отырғанымыздай, меншікті капитал мен қарыз қаражатының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістер көрсетіледі. Әрине кәсіпорын капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс кәсіпорын қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы кәсіпорынның банкрот екендігін көрсетеді.

Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа да табыстарының қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады. Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған  жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.

Сонымен, «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» капиталға деген мұқтаждықты анықтау, кәсіпорынды қаржыландыру стратегиясын жасау және оның пайдалық тиімділігін бағалау үшін қажетті құжат болып табылады.

Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі негізгі топқа бөлуге болады:

  1. өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері;
  2. инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.

Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктерінің табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері жатады.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобаларды тиімділігін бағалаула шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгерткеннен, оның кәсіпорны қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіпорны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

       Зиянсыздық нүктесі – кәсіпорынның өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі. Кәсіпорын қанша пайда табады деген мәселе, өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен жоғары болғанда туындайды, егер өндіріс көлемі зиянсыздық нүктесінен төмен болса, бір ғана мәселе, яғни кәсіпорын банкроттыққа дейін неше күн жұмыс жасай алады деген сұрақ туындайды.

Маржиналдық табысты талдауда айтылғандай зиянсыздық нүктесін есептеу үшін айнымалы және тұрақты шығындардың мәндері қолданылады. Алайда, мүлдем тұрақты шығындардың болмайтындығын ескеру қажет, олар да уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады. Зиянсыздық нүктесін есептеу кәсіпорын құрылымында немесе оның қаржыландырылу жүйесінде өзгерістер болған жағдайда қайтадан жүргізілуі мүмкін. Мұндайда тұрақты шығындар ретінде кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы жалпы шығындарының орташа мәні алынады.

Зиянсыздықты талдау кәсіпорынның қауіпті өндірістік бағдарламасын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар, оның жағдайын білу, оның дамыту стратегиясын жасау үшін де маңызды. Басқарудағы үлкен мәселелердің бірі, өнім бағасының жоғарылау немесе төмендеу нәтижесін бағалау болып табылады. Зиянсыздықты талдау көмегімен тәуекелдің бір көрсеткіші болып табылатын қауіпсіздік диапазонының деңгейін есептеуге болады.

Зиянсыздықты талдау мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

  • шығындарды жауып, қажет мөлшерде табыс алуға мүмкіндік беретін сату көлемі;
  • кәсіпорын табысының өнім бірлігінің бағасының, тұрақты және айнымалы шығындардың өзгерісіне байланыстылығы;
  • жалпы шығындарды жабу үлгісіндегі әрбір өнімнің маңызы.

Зиянсыздықты талдау әдісін пайдалануда бірқатар шектеулерді ескеру қажет:

  • өнім бағасы есепті кезең бойына үнемі тұрақты болып есептеледі;
  • бір ғана өнім талданады, ал егер бірнеше өнім болса, аралас сауда тұрақты болып саналады;
  • өндірістік тиімділік есепті кезең бойына үнемі тұрақты болып саналады;
  • кезеңнен кезеңге өтердегі өндірістік қорлардың өзгерісі ескерілмейді;
  • жиынтық тұрақты өндіріс шығындары да тұрақты деп саналады.

Инвестициялық жобаларды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді. Компания зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс. Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың бүгін қанша тұратындығын айқындап алу қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз – бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.

Бүгінгі таңда, мамандар инвестициялық жобаны тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.

Инвестициялық жобаларды қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістер қолданылады, ол дисконттау деп аталады. Аталмыш әдістерді қолдану қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және өсім әдістері мынандай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:

  • пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);
  • жыл сайынғы төлемдер;
  • кезең саны (ай, тоқсан, жыл);
  • ағымдық деңгей мәні;
  • болашақтағы деңгей мәні.

Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:

  • бүгінгі және болшақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;
  • пайыздар деңгейі тұрақты болуы тиіс.

Инвестициялық жобаларға қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:

*  сәйкес пайыздық мөлшерлемені талдауда шатысу;

*  осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.

Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады: нақты және ағымдық пайыздық мөлшерлемелер. Нақты пайыздық   мөлшерлеме   инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс болып табылады. Егер нақыты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме – бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі. Ағымдық және нақты мөлшерлемелерді байланыстыратын теңдік мынандай түрде болады:

 

Ағымдық пайыз мөлшерлемесі = Нақты пайыз

                               мөлшерлемесі+ Инфляция деңгейі 

 

Жоғарыда аталған екі қатенің ішінде, инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасаудағы ең кеңінен тарағаны, пайыздық мөлшерлемелер қолданудағы ретсіздік болып табылады. Егер тұрақты бағаны қолданатын болсақ, нақты пайыздық мөлшерлемені қолдау қажет.

Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда күтіліп отырған шығындар мен нәтижелерді бағалау, есепті кезең шеңберінде жүргізіледі. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру және олардың ішіндегі ең жақсысын, әрі тиімдісін таңдауды әр түрлі көрсеткіштер көмегімен жүргізу қажет. Әр түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру үшін, бұл көрсеткіштерді пайдалануда оларды салыстырмалы түрде негіздеу қажет.

Кәсіпкердің мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдаумен бітпейді. Сонымен қатар, инвестициялық жобамен жете таныстыруы, мұның тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер қатарында, стратегиялық жоспарлау Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2030» жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында оны бірінші рет іске асыратын біздің көптеген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады.

 

 

 

 

 

 

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау

 

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Ал жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-экологтар және т.б. жатады.

      Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын-ала кезеңі. Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийлер қолданылады:

  • саланың пісіп-жетілуі;
  • кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).

Саланың пісіп-жетілуін оның даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді. Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілегн критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты «торға» жататындығын білдіреді. Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең екі себепке байланысты қажет:

— стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;

— егер кәсіпорынның басқарушылары (менеджерлері) талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар, жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Жобаның коммерциялық орындалуын талдау. Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:

  1. Жобаның іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
  2. Бұдан біз инвестициялық жобаны анықтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?

Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80%-ды құрайды. Банкртоқа ұшыраудың негізгі себебі – маркетингтің жеткілікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

  1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?
  2. Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арасындағы балансты ойластыра ма?
  3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
  4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатына жауап бере ме?
  5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?

Жобалар қолданыстағы нарықта іске асатындықтан, жобаларда олардың сипаттамасы келтірілуі керек. Маркетингтік талдауда да тұтынушылар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процессінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетингтік талдау нәтижесінің негізінде маркетингітік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өткізілуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.

Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлділігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісізідік дәрежесін азайтады.

Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты ақпараттардың шынайлығы болып табылады. Қорыта келгенде, маркетингітк бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға ешқашан жете алмайтын жағдайлар кездеседі.

Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар, келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: 1) технология өзін алдын ала жақсы жағынанан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек; 2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.

Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:

  • шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
  • технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
  • «Turn-key» – қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
  • «Product-in-hand» — «тurn-key» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
  • өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
  • шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек, технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

Қаржылық талдау. Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

  1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
  2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
  3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
  4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
  5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтімділігін көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.

Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін) бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстырылуына негізделген.

Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

  • жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
  • инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу (және ары қарайғы ізденіс);
  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
  • жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
  • жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

Жобаның іске асу мерзімінде оның өтемділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаның құны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып, сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тек ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.

Жобаның өтімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны есепке алу мәселесі қарама-қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытты өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Сонымен қатар, инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы қорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін. Баға деңгейлерінің инфляциялық өзгеруі қазіргі уақытқа келтірілген таза ақша ағымы мәнінің бағасына әсер етпеді. Бұл ақша ағымы базасында инвестициялық жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші анықталады.

 Экономикалық талдау. Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы: жоба кәсіпорын иелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Бұл сұраққа ақша ағымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады. Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:

  • компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
  • импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
  • кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
  • нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.

Мұндағы міндет – мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде келтірілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:

  • компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
  • ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштері бойынша) шетелден саиып алу.

Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.

Экономикалық талдаудың қажеттігі неде? Егер нарық толығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі компаниялардың иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Келесі анықтамалардың ғаламилығына үміт артпай-ақ, еркін нарықтың негізгі белгілерін көрсетейік:

  • сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;
  • барлық өндіріс факторлары (еңбек, капитал, материалдар) мобильді болу керек;
  • бағалар сатушылар мен сатып алуышылардың қалауымен қалыптасады;
  • нарыққа жаңа компаниялардың енуіне бөгеттер қойылмауы керек.

Осындай жағдай алдыңғы қатарлы батыс елдері үшін де мінсіз екенін мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бағасын мемлекет жасанды түрде өзгертеді (көтереді немесе төмендетеді) және егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан (яғни жобаның ұлттық басымдылық міндеттеріне сәйкес дәрежесі).

Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау бойынша іске асуы мүмкін:

1  қадам. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейді.

2 қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийлердің салмақталған мәнін есептейді.

3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі.

Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, ішкі бағамен (әлемдік бағалардан ерекшеленетін) және мемлекеттің айрықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен сәйкес келмейтін тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады. Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:

  • қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
  • экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау;
  • қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты);
  • ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнын бағалау;
  • ішкі төлемдер бойынша есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді);
  • жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицтияның бастапқы көлемімен салыстыру (бұл нәтиже болады).

Институционалдық талдау. Институционалдық талдау инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алынуы мен сәттілікпен орындалу мүмкіндігін бағалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлімі сандық та, қаржылық та емес болып табылады. Оның негізгі мақсаты – инвестициялық жобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторларының жиынтығын бағалау.

Ішкі факторларды бағалау әдетте келесі нұсқау бойынша жүреді:

  1. Өндірістік менеджемент (басқарудың) мүмкіндігін талдау. Менеджменттің нашар болуы кез келген, тіпті жақсы жобаны күйретуі мүмкін екені белгілі. Кәсіпорынның өндірістік менеджментін талдағанда келесі сұрақтарға көңіл бөлу керек:
  • кәсіпорын менеджерлерінің тәжірибесі мен біліктілігі;
  • оларды жоба шеңберінде ынталандыру (мысалы, пайдадан алатын үлесі);
  • менеджерлердің жобаның мақсаттары мен этикалық және мәдени құндылықтарымен сыйысуы.
  1. Еңбек ресурстарын талдау. Жобаны іске асыру үшін тартылатын еңбек ресурстары, жобаның ішінде қолданылатын технологиялардың деңгейіне сәйкес болуы керек. Кәсіпорын үшін жаңа отандық немесе шетелдік технологияны қолданған жағдайда бұл мәселе өзекті болып табылады. Кәсіпорындағы өндіріс мәдениеті жасалған жобаға сәйкес келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін, сол кезде не жұмысшыларды оқыту, не жаңа жұмысшыларды жалдауға тура келеді.
  2. Ұйымдастырушылық құрылымын талдау. Инвестициялық жобаның бұл бөлімі неғұрлым қиын, өйткені бұл мәселе бойынша қазақстандық кәсіпорындарда тәжірибе толығымен жоқ. Кәсіпорында қабылданған ұйымдастырушылық құрылым жобаның дамуын ұстап қалмауы керек. Кәсіпорында шешім қабылдау процесі қалай жүріп жатқаны мен оларды орындау жауапкершілігінің бөлінуі қалай жүзеге асып отырғанын талдау қажет. Әзірленіп жатқан инвестициялық жобаны басқаруды дербес басқару құрылымына айналдыруымыз керек екендігін ұмытпауымыз керек, яғни кәсіпорын бойынша иерархиялық құрылымнан матрицалық иерархиялық басқару құрылымына тұтас өту керек.

Сыртқы факторларды талдағанда негізгі басымдылықтар келесі аспектімен шарттастырылған.

  1. Мемлекетттік саясат, мұнда нақтырақ талдау үшін келесі позициялар бөлінеді:
  • тауарлар мен шикізатты импорттау және экспорттау шарттары;
  • шетелдік инвесторлар үшін құралдарды салу және тауарларды экспорттау мүмкіндіктері;
  • еңбек туралы заңдар;
  • қаржылық және банктік реттеудің негізгі ережелері;
  • бұл позициялар батыстық стратегиялық инвесторлардың тартылуын керек ететін жобалар үшін неғұрлым маңызды болады.
  1. Мемлекеттің мақұлдауы. Берілген факторды мемлекеттің экономикалық масштабтарының маңызды міндеттерін шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар үшін қарастыру қажет. Бұл жерде мақұлдау үшін уақыт факторы неғұрлым маңызды. Кейде жоба техникалық, қаржылық және экономикалық жағынан мінсіз болса да, жобаға ақшаларын қазір салуға дайын инвесторлардың болғанымен, мемлекеттік шешім 1–2 жылға тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайы ең қауіпті болып көрінеді. Нәтижесінде инвестор ақшасын басқа жобаға салады.

Тәуекелді талдау. Тәуекелді талдаудың мәні мынада: жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы, керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін (шығындар элементтері, бағалар, өнімнің сатылу көлемі және т.с.с.) белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жаққа да, жаман жаққа (пайданың төмендеуі) да өзгеруі мүмкін. Тәуекелді талдау барлық өзгерістерді, қай жағына болса да, есепке алуды қажет етеді.

Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеріске ұшырауға бейім: шикізат пен қосалқы бөлшектердің құны, капиталдық шығындардың құны, бағаның құны және т.с.с. Нәтижесінде шығатын параметр, мысалы, пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдың таралу мен ықтималдықтар түсінігн қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапозоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелділігі соншалықты жоғары.

Кейде тәуекелді талдау процесінде төмендегі нұсқау бойынша жүргізілуі мүмкін сценарийді талдаумен шектеледі:

  1. Инвестициялық жобаның неғұрлым белгісіз параметрлерін таңдайды.
  2. Әр параметрдің шектік мәні үшін жоба тиімділігіне талдау жүргізеді.
  3. Инвестициялық жобада үш сценарий ұсынылады:
  • базалық;
  • белсендігі неғұрлым төмен;
  • белсендігі неғұрлым жоғары (міндетті түрде емес).

Қорыта айтқанда, инвестициялық жоба соңында бизнес-жоспар түрінде толтырылады. Бизнес-жоспарда, дәстүр бойынша, жоғарыда берілген сұрақтар көрсетіледі. Сонымен қатар, бизнес-жоспар құрылымында осы бөлімнің тақырыптарының қайталануы міндетті емес. Және де бизнес-жоспардың өмірдің барлық жағдайына арналған стандарттары жоқ екенін ескеру қажет. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бірінші кезекте жобаның болашақтағы жағдайын шешетін инвестициялық іскерліктің талаптарын қанағаттандыру керек.

 

 

 

 

 

 

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес жаңадан кәсіпорындар ашу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Қордың мақсаты — экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. Былайша айтқанда, біз акционерлік капитал және басқа да қаржылық құралдар арқылы инвестиция тарта отырып, жұмыс істеп тұрған немесе жаңа өндірістік орындарды құрылымдауымыз керек. Бүгінгі жағдайда мемлекеттік органдарда қызмет істеу дұрыс өмір сүрудің тіпті де озық үлгісі емес. Премьер-министрмен қарым-қатынасыма әлгіндей қаңқу сөздердің ешқандай да әсері жоқ. Біз оның тарапынан қордың жұмысына барынша үлкен қолдауды сезініп отырмыз. Біз инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа өндіріс орындарын құрылымдаудың жаңа тәсілдерін жасап жатыр. Бұдан шығатын қорытынды: енді ақша ұзақ пайдаланылатын тауарларға жұмсалатын болады. Бұл деген импорттың өсуі, валютаның сыртқа кетуі деген сөз. Осы тұрғыдан алғанда индустриалдық-инновациялық саясат неғұрлым белсенді жүргізілуі керек, өйткені сыртқы саудадағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін ұзақ пайдаланылатын тауарлардың орнына жаңа технологияларды көптеп импорттау қажет. Ол үшін ірі және орташа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке инвесторлардың қаржыларын шоғырландыратын құралдар ойлап табу керек. Мұнда да, жеке инвестициялық қорлардың дамуы – біз тағы да алты-жеті жылға кенже қалып отырған аса маңызды бағыт. Оның заңын жасады, енді оның әдістемесі мен тиісті мәдениетін қалыптастыру үшін тағы да үш-төрт жыл қажет болады.

Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады санаймыз. Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер, лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер. Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді. Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.

ҚР индустриялық-инновациялық стратегиясының жуырдағы он жылдыққа арналған негізгі мақсат­тарының бірі экономиканы шикізатқа бағытталу­шылықтан өңдеуге қарай көшіру болып табылады. Ондағы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы бәсекелестікке қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып белгіленген. Дамудың күре жолына түскен Қазақстан мемлекеті алдағы жылдарда осы мақсаттарды жүзеге асыруы керек. Ел Президентінің жаңа Үкімет үшін белгі­ленген басымдылықтар мен міндеттері орындала­тындай жағдайға мемлекетіміздің күші жетеді. Мысалы, Ленгір қаласында шикізат пен отын ретінде көшіп түскен үйінділерден алынатын көмір қалдықтары пай­да­ланылатын кірпіш зауыты салынып, іске қосылды. Осы жерде өнімділігі тәулігіне 30 тонна болатын экс­перименталдық тік пеште шахталық әдіспен цемент алу технологиясы сынақтан өтті. Шұбар ауылындағы ғылыми-технологиялық парк базасында кабырғалық пенобетонды блоктар өндірісі, арасы қуыс қабырғалық блоктарды, өрнек элемент­терін құрғақ жолмен нығыздау әдісімен шығару жөніндегі жүйе де сынақтан өткізіліп, іске қосылды. Болат өндіру үшін тәжірибелік-эксперименталдық модуль құрылуда. Агроиндустрия саласындағы 2 инновация­лық жоба: вермикулиттен, перлит пен цеолиттен қол­дан жасалынған топырақ пайдаланы­латын жылы­жайлар құру және спорт көгалдарын өсіру іске асырылды.

Департаменттің 2006 жылы қормен бірлесіп қаражаттың бір бөлігін перспективалық иннова­циялық жобаларды дайындауға бағыттау міндетін өз алдына қойып отырғандығын атап өткім келеді.

Еліміздің және облысымыздың дамуының басты басымдығы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Оның бірінші кезеңін іске асыру біршама оң нәтижелерін берді. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық жоба­ларының портфелі түрлі көздерден қаржыландыры­латын және қаржыландыру көзделетін 30-дан астам жобадан тұрады. 2005 жылы жүзеге асырылған нақты жобаларға келетін болсақ, оларға 13, 86,7 млн. АҚШ доллары, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне  12, 85,6 млн. АҚШ доллары жұмсал­ған. Инвестициялық қызметке жасалынған талдау енгізілген жобалар саны жағынан облыстың респуб­лика бойынша 7-ші орынды иеленіп отырғандығын көрсетеді.

Өкінішке қарай, инвестициялық жобаларды іске асыру географиясы әлі де болса тарлау болып тұр. Департамент өзге облыстарда енгізілген жобалар тізбесіне талдау жасай келе, аудандар мен қалалар әкімшіліктеріне перспективалық жобалар бойынша зерттеу және қайта пайдалану үшін ұсынымдық сипатта ақпарат жіберіп, ұсыныстар алудамыз.

“Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ, “Тех­нологиялар инжинирингі және трансферті орталығы” АҚ, “Ұлттық инновациялық қор” АҚ сияқты даму институттарымен байланыстың орнатылғандығын және ақпарат алмасу жөнінде жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өту қажет. 2005 жылы “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ-тың қа­рауында 18 жоба жіберіліп, қада­ғалауда. “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ ұсынылған 7 жобаның 2 жобасы қаржыландыруға қабыл­данды.

Әр саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, Қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым деп те қарауға болмайды. Өйткені, акционерленген кез келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда Қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасуға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және де басқа мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

Шынтуайтына келгенде, Қазақстанның Инвестициялық қорының құрылуы арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Әрине, бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған қағидаларының салдары. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі түрлі себептерге сәйкес транспарентті болып табылмайды. Бір қуанарлық жәйт, бүгіндері инвестициялық жобаларды құрылымдау мен жүзеге асыру тетіктерін бірлесе талқылау барысында байқайтынымыз -бизнесті жүргізудің осы формасының тиімді де тартымды екендігін жоба бастамашылары толығымен түсіне бастады. Бұдан былай акционерлік капитал арқылы инвестиция тартудың қалыптаса бастаған мәдениетін орнықтыруды одан әрі жеделтету Қазақстанның Инвестициялық қорының басты міндеттерінің бірі болмақ. Ал ең бастысы, қазір біз акционерлік капиталмен қоса несиелер, экспорттық кепілдемелер, түрлі жеңілдіктер, облигациялар сияқты басқа да қаржылық құралдарды тарту арқылы құны 30 миллионнан 150 миллион АҚШ долларына дейін тұратын Қазақстан үшін аса қажет, ел экономикасына елеулі әсер ететін ірі жобаларды құрылымдаудың алгоритмін таптық. Енді сондай жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдемелері жасалуда, ал бұл тәсілдемелерді одан әрі технология ретінде, әдістеме ретінде пайдалануға болады. Жобалар бірінен соң бірі кезегімен немесе 3-4 жоба бір мезгілде құрылымдала береді, осылайша қазір елімізге аса қажет болып отырған ірі өндіріс орындары мен жаңа салалар құрыла бермек. Қор құрылғаннын бергі екі жылдың ішінде инвестициялық жобалар бойынша бастамашылардан келіп түскен үш жүзден аса ұсыныс қаралды. Оларды іріктеп, талдау, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыру үшін еліміздегі неғұрлым болашағы бар бағыттарды зерттеген өз ізденістеріміз Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру үшін көзделген негізгі басымдықтарды анық сезінуімізге негіз болды. Аталмыш құжат қабылданған уақытта құрылуға және дамытылуға тиісті кәсіпорындардың тізімін нақты көрсету міндеті тұрмағанымен, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы да сол — ол адамдарды ойлануға, өз идеяларын іс жүзіне асырудың жолдарын, мүмкіндіктерін іздеуге итермеледі. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асуы тұрғысынан алғанда, Қазақстанның Инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) қолында болғаны тиімді деп есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ, соңғы бірнеше жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы кәсіпорындар көтеріп отыр. Отандық бизнеске тиесілі кәсіпорындардың инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтан да экономиканың бұл бағыттағы қадамын алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды мақсат — ішкі мүмкіндіктерді барынша іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске жан бітіру қажет. Инвестициялық қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуді көздейтіні де осыдан.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан да, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Осы міндетті шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Инвестициялық саясат негізделген болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек.

Экономиканы дамытуда ішкі нарықтың тұрақтылығы өте маңызды рөл атқарады. Инвесторлар оның өсуіне жағдай жасау үшін өз елімізде сапалы тауарлар шығарып, оны шетелдік тауарлармен бәсекелестік дәрежесіне дейін көтеру керек. Бұл бағыттағы басты міндет – отандық тауарладың сапасын жақсартып қана қоймай, оларды өндіруге кететін шығындарды азайтып, бағасын төмендету. Егер отандық тауарлар шетелдік тауарларынан арзан, әрі сапалы болса, халықтың өзіміздікін алуға ұмтылатыны белгілі.

Сырттан қаржы ресурстарын тарту макроэкономикалық тұрақтану кезеңінде де мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігі әлі де болса еліміздің экономикасының өзіндік ерекше сипаты болып табылады. Сондықтан да үкіметіміздің жоғарыда аталғандай ел экономикасын дамыту кепілдіктерін іздестіруі және оларды іске қосуға талпыныс жасауы уақыт талабынан туындаған заңды құбылыс саналса керек.

Жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерді ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуда және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыртастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация мен бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы  мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлеуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсарту мен шетелдік және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін мынанадай шарттар бекітілген болатын: республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналасатыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесіне бекіте отырып. Халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау; әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет.

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Елімізде шет елдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етеді. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытпен тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерімен қолға алына бастады. Мұнда инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмысынан кейін беріліп отырады. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу кепіл мүлікті талап етпейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

  1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбеков Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003
  2. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2007
  3. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001
  4. Сейтказиева А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 1998
  5. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы – Алматы: «Қазақ университеті», 2006
  6. Оразалы Сәбден Бәсекелестік экономика: Оқу құралы – Алматы: Экономика институты, 2007
  7. Бохаев Д.Т. «Инвестициялық жобалар – экономиканы дамыту құралы» //ҚазЭУ хабаршысы №4 2005жыл 13-17 бет
  8. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы — //Орталық Қазақстан / 2007 жыл 28 ақпан
  9. Оразалы С. «Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы» // Егемен Қазақстан, 18 сәуір 2006 жыл
  • Н.Ә.Назарбаев Қазақстан – 2030, 11 қазан 1998 жыл
  • Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Алматы: Атамұра, 2005 жыл
  • Казақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: статистикалық жинақ //ҚР статистика агенттігі Алматы, 2005
  • Инвестиция туралы заң. // Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар 2003 жыл
  • google.kz
  • khabar.kz