Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі
Аннотация
Жалпы «Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі» туралы курстық жұмыс 48 беттен тұрады. Курстық жұмыстың жобасы кіріспеден, кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздерінен, Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау бөлімінен, кәсіпорынның өндіріс процесінде жабдықтарды жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдарынан және қорытындымен аяқталады. Курстық жұмыста 5 кесте және 6 сурет көрсетілген. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Курстық жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері көрсетілген.
«Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері» бөлімінде кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану туралы, жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттері жазылған.
«Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау» бөлімінде осы Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма өндірісіне байланысты әр түрлі кәсіпорындардағы жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру, тозған бөлшектерді жаңарту жайлы жазылған.
«Кәсіпорынның өндіріс процесінде жабдықтарды жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдары» бөлімінде әр түрлі кәсіпорындардағы, шеберханалардағы жабдықтардың тозуына байланысты жабдықтарды жаңарту, жөндеу, жарамайтындардан айылу жайлы жазылған.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… 3
1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері…………………………………………………………………………………………………… 4
- 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы…………. 4
- 2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі……………………………………………………. 9
- 3 Құрал – сайман шаруашылығын ұйымдастыру………………………………….. 11
2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау……………….15
- 1 Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы……………………………………. 15
- 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу жұмыстарын талдау…………………………………………………………………………………. 18
3 Кәсіпорынның өндіріс процесінде жабдықтарды жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдары………………………….23
3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді жоспарлау мен техникалық қызмет көрсетуді жақсарту бағыттары………………………………………………………………… 23
- 2 Тоқыма машиналарының жөндеу түрлері мен
ұйымдастырылуы……………………………………………………………………………………..31
Қорытынды……………………………………………………………………………………………47
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………..48
Кіріспе
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыруды мақсат тұтады.
Курстық жұмыстың міндеті: Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
- жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері
- 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы.
Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу:
- кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
- жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.
Бас механик бөліміне құрал – жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлық – технологиялық бөлім жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлау – өндірістік бөлімі, кәсіпорында жоспарлы ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің негізгі түріне құрал-жабдықтарды жоспар бойынша алдын — ала жөндеу жүйесі жатады.
Құрал – жабдықтарды жоспарлы түрде алдын – ала жөндеу жүйесі құрал — жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал — жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жургізу кіреді. Бұл жұмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы мехаиизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.
Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаньң жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.
Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуы мен ерекшеленеді.
Күрделі жөндеуге «агрегаттың кез — келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.
Күрделі жөндеудің негізгі міндетіне құрал — жабдықты бастапқы қалпына келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады.
Алдын – ала жургізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклыньщ ішінде жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал — жабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-жақта жүргізу және аралас жөндеу жұмыстары. Орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөн-деу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жан — жақта жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерініц көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу — механикалық цехы жүргізеді.
Алдын – ала жөндеу жұмыстарымен қатар кәсіпорындарда қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын – ал жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оларға құралдардың топтамасын және олардың құжатын дайындау, ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау, құрал – жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу жәпе оларға қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары жатады.
Құрал — жабдықтардың топтамасына техникалық қызмет көрсету инструкциясын әзірлеу, жөндеу жұмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай топтау кіреді.
Төлқұжаттаудың мазмұньна кәсіпорында қолданылатын еңбек құралдарының толық техникалық сипаттамасын қалыптастыру жатады. Зауыттан шыққан әрбір құрал — жабдықтың төлқұқжаты болады. Онда құрал-жабдықтардың техникалық мәліметтері, ондағы өзгерістер, жұмыс тәртібі, жүктеу шегі, байқау нәтижесі мен жөндеу тәртібі жөніндегі мәліметтер болады. Құрал – жабдықтың төлқұжаты — оларды жөндеу және оған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жоспарлауда негізгі құжат болып саналады.
Өндірістік персоналдың және жөндеу жұмыстарын жүргізуші персоналдардың инструкциясын дайындау және жөндеу жұмыстарының технологиясы құрал — жабдықтарды жөндеу және олардың ұйымдастыру- техникалық деңгейін көтеруге және кәсіпорындағы құрал — жабдықтарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құрал-жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі, оның кезектілігі бірыңғай станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері, жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді. Сонымен қатар оған құрал – жабдыққа қызмет көрсетудің жөндеу аралық нормативі, тез тозатын бөліктер запасы мн запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері, де жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік категориясы да жоғары болады.
Мысалы, токарлық станоктың жөндеу күрделілік категориясы мына формуламен анықталады:
Rт.с. = а (Кh + К1 + Кn) + С1 + С2,
мұнда,
а – станоктың конструктивті ерекшелігін сипаттайтын коэффициент;
Кh – центр биіктігін ескеретін коэффициент;
К1 – екі центрдің ара қашықтығын көрсететін коэффициент;
Кn – штиндельдің жылдамдығының сатылар сайын ескеретін коэффициент;
С1 – жеке механизмдердің жөндеу күрделілігі мен ерекшелігін құраушы;
С2 – гидро жүйенің жөндеу күрделілігін ескертетін құраушы.
Күрделілік категориясы құрал-жабдықтарды жөндеу ерекшелігінің сапалы критерийі болып саналады.
Агрегаттардың жөндеу жұмыстарының сыйымдылығы жөндеу бірліктерімен анықталады. Жөндеу бірлігін «ч» әрпімен белгілеу калыптасқан.
Күрделілік категориясы мен жөндеу бірлігі кез келген агрегат бойьшша сәйкес келеді.
Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.
Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көрсетеді.
Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.
Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған мерзімін айтады.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерге құрал – жабдықтың әрбір түрін жөндеу және техникалық – қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы, жалпы жұмыскер санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы, режимдік уакыт қорындағы жөндеуде тұрған құрал-жабдықтың бос тұру уақытының пайызы, құрал-жабдықтың біреуіне келетін қосымша материалдардың шығыны және тағы басқа көрсеткіштер жатады.
Құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.
Өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрал-жабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды жетілдіру қажет болады.
Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:
- құрал-жабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады. Мысалы, станоктар, машиналар және механизмдерді күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын арттыру, машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;
- кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, болшектермен жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеу-жинау жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау:
- кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;
- жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пайдалану және механикаландыру жұмыстарын жургізу;
- машиналардын беріктілігін жоне үзак мерзім жұмыс істеуін арттыру үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету көлемін қысқарту арқылы құрал-жаблықтың, машиналардың барлық өмірлік циклын-да бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;
* жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және
олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа іс – шаралар кешені
жатады.
1.2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы мүмкін. Іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі қу-ралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болашақта табыс әкелуі көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұйымдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау — тапсыру актісі» толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жендеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2 «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
«Аяқталмаған құрылыс»;
«Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар»;
«Жалпы және әкімшілік шығындар»;
«Негізгі құралдарды жөндеу» үстеме шығындары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, ал мына төмендегі:
«Материалдар»;
«Бюджетпен есеп айырысу»;
«Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы»;
«Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу»;
«Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу»;
«Басқадай несиелік борышпен есептеулер» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады.
Жабдықтарды пайдалану процесі кезінде жабдықтарға аброзивті – сілтілі ортаның әсері тиеді. Бұл орта машиналардың техникалық шарттарын түйіндері мен бөлшектерін тез жарамсыздануға әкеп соғады.
Кейбір жағдайларда жабдықтар комплект болып жұмыс істейді. Бұл кезде бір машинаға жөндеу жұмысы жасалыну керек болса, онда қалған жұмыс істеп тұрған машиналарды да тоқтату керек болады. Осындай жағдайларда жоспарлы — сақтық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүргізетін ұйымдар машиналардың бұзылған түйіндерін тез арада жөнделетін шараларын қарастырады.
Жабдықтарды экономикалық және тиімді пайдалану үшін техникалық сауатты, рационалды жөндеу керек. Сонымен қатар қысқа мерзімде жоғары сапалы жөндеу жұмыстарын жасап, экономикалық жағынан жұмыс шығындарын, материалдық шығындар мен ақшалай қаражаттардың неғұрлым аз кететін жағдайларын қарастыру керек.
Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өз міндетінде техникалық – қауіпсіздік ережелері, санитарлық – гигиеналық ережелерін және табиғатты қорғау ережелерін білетін арнайы бірнеше тексеруден өткен адамдар ғана жіберіледі.
Бұл жұмысшылар қондырғының пайдалану жолын, жұмыс істеу режимін, қауіпті жағдайда не істеу керек екенін және де кезекті қалай қабылдап өткізуді білуге тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жоспарлы сақтық жөндеу аралық жұмыстарымен шығарылады және де ондағы жұмыс саны мен мерзімінің нормативі қарастырылады.
Жалпы техникалық қызмет көрсету: жабдықты таза ұстау, майлау жүйесіндегі бөлшектерді майлау немесе майын ауыстыру, жанасу түйіндеріндегі саңылауларды тексеру.
Толық қызмет көрсету – технологиялық көмек көрсету немесе көмек көрсету бригадасымен іске асырылады.
Алдын – ала жөндеу жұмыстарын күрделі жөндеу алдында жүргізіледі. Бұл жерде негізінен күш түсетін жүйелердің тозуын немесе ақаулығын анықтау және соған сәйкес қосалқы бөлшектерді дайындау жұмысы жүргізіледі.
Жеңіл – желпі жөндеу жұмыстары жөндеу кезеңдігіне байланысты, яғни жөндеу аралық кезеңіне байланысты. Бұл кезде тозған бөлшектерді ауыстыру, жанасу түйініндегі подшипниктерді алмастыру және тағы басқа жұмыстарды орындау үшін цех механигіне ақаулық құжат түседі, яғни жөндеу бас механиктің қатысуымен жүргізіледі.
Орташа жөндеу – жөндеуаралық циклда қарастырылады, яғни жеңіл – желпі жұмыстары, ірі түйіндерді жөндеу.
Күрделі жөндеу – әрбір жөндеу аралық циклдан соң қарастырылады. Мұнда жеңіл – желпі жөндеу немесе орташа жөндеу жұмыстарынан басқа тозған бөлшектерді ауыстыру, сонымен қатар қондырғыны модернизациялау, яғни бұл пайдалну мерзіміне сәйкес болады.
Жөндеу жұмыстары қымбат қондырғылар үшін арнайы жүргізіледі.
- 3 Құрал – сайман шаруашылығын ұйымдастыру
Өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал – саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технологиялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін мыңдаған типтік размерлі құрал-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімніц техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығыньщ негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдадануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, құрал-сайман шаруашылығын жетілді-ру шараларын дайындау жатады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі, технологиялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық құрал-сайман қоймасы, цехтың құрал-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары кіреді. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет көрестуді ұйымдастырумен құрал-сайман шаруашылығы айналысады.
Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі қажет. Жабдықтарды жіктеу негізінде өндірістік-техникалық және конструкциялық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында толығымен қолданылытын құрал-саймандарды пайдалану сипаты бойынша арнайы және стандартты болып бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Оны тұтынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатун құрал – саймандарды айтады. Олар құрал – сайман шығаратын зауыттарда өндіріледі. Құрал саймандар атқарылатын қызметтеріне қарай бақылау – өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді.
Құрал – саймандар, мысалы, темір өңдеуші құралдар бойынша мынадай топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы құралдар және т.б. Олардың әрқайсысы мысалы, кесу құралдарының класы сияқты топтарға бөлінеді. Кіші класстар өз кезегінде топтарға, топтар кіші топтарға, кіші топтар түрлерге, соңғылары тағы басқа түрлерге болінеді.
Құрал-жабдықтарға деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау үшін бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың шығындарын анықтау, кәсіпорынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың қорларын есептеу, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын құру қажет болалы. Кәсіпорынның құралдарға қажеттілігін жұмсау және айналым қорларынан құралады. Жұмсау қорлары деп ондірістік бағдарламада қарастырылғандай, өнімдерді дайындау үрдісінде толық пайдаланылатын құралдарды айтады. Олар кұрал-саймандардың жұмсау мөлшері бойынша ссептеледі. Соңғылары өндіріс түріне, құралды қолдану ерекшеліктеріне, оны пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі әдістермен анықталады. Сондай-ақ, сериялық және жаппай өндірісте бөлшек бойынша мөлшерлер, ал біртекті және ұсақ сериялы өндірісте іріленген жұмсау мөлшерлері қолданылады.
Біртекті және аз сериялы өндіріс шартында кесуші құралдардың жұмсау мөлшері машина уақытындағы берілген құралдың үлестік қатысуынан, олардың жұмысыныц 100 және 1000 сағатына бір типті станок тобының шегінде тығыз әр құралдың түрі бойынша бекітіледі.
Оны мына формула бойынша есептеуге болады:
n = tчКм.ш.Кд /Тбұйым
мұнда:
n — жұмсау мөлшері есептелінетін құрал-жабдық жұмысына (tч) қажет кесуші құралдың жұмсау мөлшері, сағат;
Км.ш.— берілген құрал тобы үшін бір даналық уақыттың машиналық уақытқа қатынасын сипаттайтын коэффициеинт;
Кд — жалпы машиналық жұмыстағы құралдың түрінің үлестік қатысу коэффициенті;
Км.ш. — өндіріс түрі мен құрал-жабдықтардың түріне байланысты болады, бұл коэффициент жеке өндірісте ол 0,4 — 0,6 ал аз немесе ұсақ сериялы өндірісте 0,7 — 0,8-ге тең болады.
Кәсіпорынның өздері шығаратын жеке мөлшерлерімен қатар, машина жасау зауыты 100, 1000 бөліктерге құралдардың салалық жұмсау мөлшерін кең қолданады, жұмсау мөлшерін қолдана және жоспарлы жылы берілген құрал-жабдықтың тобының жалпы жұмыс уақытын біле отырып, кесуші құралдардың түрлері бойынша жұмсау қорындағы жалпы қажеттілікті анықтайды.
Берілген әдістеме бойынша тек қана жұмсау мөлшерін ғана емес сонымен қатар құралға қажеттілікті де есептеуге болады. Өлшеуіш құралдардың шығыны олардың қолданылу жиілігі және тозуына байланысты болады. Бағдарлама бойынша өлшеуіш құралдарға қажеттілікті анықтау үшін мына формула қолданылады:
n = NZк α/Zқ. тозу (1 — Ка)
мүнда:
n — бағдарламаға сәйкес өлшеу құралдарының шығыны, дана;
Zк — бір бөлікке өлшеу мөлшері (саны);
α — бөлікті қамту деңгейін бақылауды сипаттайтын коэффициент;
N — бөліктер санын өлшеу үшін қолданылатын құрал;
Zқ. тозу — толық тозуға дейін өлшеу санымен көрсетілген құралдардың тозу тұрақтылығы;
Ка — өлшеу құралының кездейсоқ азаю козффициенті.
Жұмсау қорларымен қатар жабдықтардың айналым қорлары есептеледі, яғни өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оның минималды қажетті көлемі анықталады.
Айналым қоры цехтардағы пайдалану қорлары және орталық құрал-сайман қоймаларындағы запастар жиынтығынан тұрады.
Орталық құрал-сайман қорларында (ОҚҚ) технологиялық құрал-саймандардың қорларын реттеу және қалыптастыру негізін максимум-минимум жүйесі құрайды. Ол ОҚҚ-дағы құрал-саймандардың әр түріне максимум-минимум қорларының мөлшерлері бекітіліп, сәйкес болуы керек. «Максимум-минимум» жүйесі құрал-сайман запастары-ағымдық және сақтандыру деп 2-ге бөлінеді. Ағымдағы запас-өндірісті құрал-саймандармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көрсетілген кезең аралығында ағымдағы қор мөлшері қатысты өзгеріп отырады, яғни тапсырыс берілген құрал-сайман партиясының түсу кезіндегі максимумнан келесі партияның түсу кезеңіне дейін өзгереді.
Сақтандыру қоры — құралдардың тұрақты түсуінде тоқтап қалу немесе үзіліс пайда болған жағдайда өндіріс жұмысының ырғақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Сақтандыру қоры әрқашан қоймада болуы керек, сондықтан ол өндірісті құрал – сайманмен қамтамасыз ету үшін қажетті минималды қорды білдіреді.
Минималды сақтандыру қоры (Зmin) нақты құралдарға орташа күндік қажеттілігін (Нк), оның кезекті партиясын тез дайындау күндеріне (Торт) көбейту арқылы есептеледі.
Зmin = Н к х Торт
Максималды запасқа тоқталсақ, онда ол ағымдағы запасты тұрақты жаңарту шарты үшін есептеледі және мына формула бойьшша анықталады:
Зmax = Н күн х Тн + Зmin
мұнда:
Тн — құрал-саймандарды қалыпты жағдайда дайындау және сатып алудың қойманы олардың келесі партиясымен жабдықтау кезеңінің ұзақтығы, тәулік (күн).
Құрал-сайман запастары қорларын нормативті деңгейде қамтамасыз ету немесе ұстау үшін минималдыдан әрқашан төмен болатындай тапсырыс берудің жаңа жүйесі қажет.
Ол үшін «тапсырыс беру нүктесі» бекітіледі, яғни саймандардың кезекті партиясын сатып алуына немесе дайындауында тапсырыс берілетін құрал қорының мөлшері. Тапсырыс нүктесінің шамасы мына формуламен анықталады:
Зm.p = Зmin + Нкүн х Т тол
мұнда:
Т тол — қорды толтыру кезеңі (тапсырыс беру сәтінен қоймаға тапсырыс партиясының түсуіне дейін), күн.
Өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарын құру келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:
- Өндірістің құрал-сайманға қажеттілігін анықтау;
- Жаңа өндірісті қамтамасыз ету;
- Цехтың айналым қорларының өзгеруі;
- ОҚҚ қорларының өзгеруі;
- Шетке құрал – саймандарды дайындау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал — саймандарды ұйымдастыруды жетілдіру кәсіпорынның тиімділігін арттырудыц негізгі көзі болып саналады. Мысалы, оларға:
— ең бірінші, стандарттық құрал — сайман өндірісінің орталықтандыруы және
мамандануы;
— арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы;
— кәсіпорында технологиялық жабдықтарды қайта құру немесе қалпына
келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;
— жұмыс орындарын жабдықтармен қамтамасыз ету эдістерін жэне
прогрессивті жүйелерді қолдануды кецейіу;
— технологиялық жабдықтарды және құралдардың арнайы қоймаларын құру,
қоймалық операцияларды автоматтандыру негізінде құрал — сайман
қоймаларының жұмыстық жүйесін құру;
— оперативті — өндірістік жоспарлаудың алдыңғы қатарлы жүйелерінің және
құрал — сайманмен қызмет көрсетуді ұйымдастыруына есептің кең
енгізіліуі;
— технологиялық жабдықтардың жағдайына және оның эксплуатациясының
ережелерінің сақталуын қадағалау және бақылауды жүзеге асыру.
— құрал-саймандармен қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы оларды
бақылауды іске асыру және т.б. шаралар жатады.
2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау
- 1 Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы.
Тоқыма станогының схемасы . Ұршықтан (1) келетін негіз скалоны (2) айналып өтіп ламель (3), ремизкалардың галевтерінің тесіктері (4), батанға (8) бекітілген бердо тістерінің (5) арасы мен өтеді. Дайын мата станоктың алдыңғы бел темірін (грудница) (11) айналып өтіп товар реттеуіштің (9) көмегімен товар білігіне (10) оралады. Негіз үнемі керілген күйде тұрады. Шыт, без, полотно сияқты маталарға керек» қарапайым тоқыма өрнектерін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп, екіншісіне барлық, тақ жіптері өткізіледі. Егер тоқыма станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі бір ремизка төмен түссе, негіздің барлық жіптері жылжиды да шөл-нек- өтетін тоқығыш саңылау тудырады.
Тоқыма өрнектерін жасаған кезде ремизкалар саңылау тудыратын эксцентрикті механизмнің көмегімен көтеріліп — түседі. Механизмге басқыш, (12) және эксцентрик (13) кіреді. Иінді білік бастаушы арқылы батан (8) мен оған бекітілген бердті (5) қозғалысқа келтіреді. Ортасында арқаулық шпулі бар шөлшек (6) қуғыштың (7) ұрғанынан саңылауға сүңгіп кетіп арқау жіпті өткізеді. Батанның тербелмелі қозғалысы бердтің көмегімен арқау жіпті матаның жиегіне қарай нықтайды. Сонан соң ремиз өз жағдайын өзгертеді де, саңылау қайта пайда болады. Шөлнек қайтадан жүріп тағы бір жаңа арқау жіпті өткізіп, батанның тербелмелі қозғалысы осылай қайталана береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата товар білігіне орала береді.
Товарлы реттеуіш жылжытып тұратын матаның қозғалу жылдамдығына оның тығыздығы байланысты: жылдамдық ұлғайған сайын матаның тығыздығы кемиді.
Мата— жіптер жүйесін өзара көлденең — тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, немесе негіз дейді. Матаға көлденең түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау дейді. Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.
Негізгі тоқыма өндірісіне дайындау үшін мынандай операциялар жүргізіледі: жіпті қайта түсіру (орау), арқаушыбыққа орау, шлихта жасау, ремиз бен бердоға теру. Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетіп, ұзындығын арттыру үшін жасалады.
1-сурет. Тоқыма станогы кұрылысының схемасы
Сновка — иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқаушыбық білтікке немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да, олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп, бір-біріне қатарласа оралады. Бұдан негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге 9000-ға дейін, одан да көп қатарланған жіптер кетеді. | Шлихталау — яғни негізге желім жүргізу — негіз жібінің мықтылығын, иілгіштігін, тегістігін арттыру үшін; негізді белгілі бір құраммен (шлихта) сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қатты керіледі, ремизге, бердоға және өзі де өзіне үйкеледі. ‘
Шлихтаның құрамына ұн, крахмал, глицерин, т. б. кіреді. Қазіргі кезде шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натрий силикозы сияқты химиялық, заттармен алмастырады. |
Негізді ремиз бен бердоға теру қолмен жүргізіледі.
Ремизка дегеніміз екі таяқша, ортасында негіздің жіптерін өткізетін тесіктері бар галевтер орналасқан.
Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма өрнегіне байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан соң бердоға өтеді.
Бердо — екі жағы тұйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ. Сонымен қатар негіздің әр жібі 1 ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады. ;
Арқауды дайындау — иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық| ағашшпульге түсіру.
- 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу жұмыстарын талдау
Жылдық жөндеу графигі былай жасалады:
Соңғы рет күрделі жөндеу 2000 жылдың тамыз айында жүргізілген. Циклдық ұзақтығы 1 жыл, бір күрделі жөндеуге – 1, 365 күн, тәулік қажет болады.
Ағымдағы жөндеулер аралығындағы мерзім 6 ай болады – 0, 581 тәулік.
Техникалық қарауға бір жылға 3,30 тәулік ажыратылған. Себебі: 2002 жылғы график бойынша күрделі жөндеу 1 рет, ағымдағы жөндеу 1 рет, онда
10 ай болады. Сол үшін 3,30: 10 = 0,33 тәулік.
1 кесте — күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының көрсетілімдері
Жыл | Айлар | Ескерту | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||
2003 | к | то | то | то | то | ||||||||
2004 | т | то | то | то | то | то | то | т | то | то | то | то | |
2005 | т | то | то | то | то | то | то | т | то | то | то | то | |
2006 | т | то | то | то | то | то | то | к | то | то | то | то |
Тазалағыштың соңғы күрделі жөндеуден өткен мерзімі 2000 жылдың мамыр айы, цикл ұзақтығы 1 жыл, ағымдағы жөндеулердің арасындағы уақыт 3 ай 5,395 тәулік.
Ағымдағыға қарап шығуға бір жылға 24,2 тәулік ажыратылған.
2003 жылы график бойынша 4 рет ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды, сонда 8 ай уақыт қалады. 24,2:8 = 3,025 тәулік.
2 кесте- ағымдағы жөндеу жұмыстарының 2004-2008 жылдардағы көрсетілімдері
Жылдар | Айлар
|
Ескерту
|
|||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||
2004 | то | т | то | то | к | то | то | т | то | то | т | то | |
2005 | то | т | то | то | т | то | то | т | то | то | т | то | |
2006 | то | т | то | то | т | то | то | т | то | то | т | то | |
2007 | то | т | то | то | т | то | то | т | то | то | т | то | |
2008 | то | т | то | то | к | то | то | т | то | то | т | то |
Жөндеудің айлық жоспары цех бойынша әр айдың соңында, келесі айға жылдық және кварталдық жоспарлар бойынша жасалады, оны басқаратын бас механик. Айлық жөндеудің графигі жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстары өнеркәсіптың цехтары бойынша бақылап басқарып отыруға қызмет атқарады. Егер тамыз айында күрделі жөндеуден өтетін болса оған 1, 365 тәулік босатылады.
3 кесте — тазалағыштың ақаулар ведомоствасы
№ | Жөнделетін және алмастыруға жататын тораптар аты | Торап
Бөл- шек саны |
Сызу-
дың номе- рі |
Торап пен бөлшек салма-
ғы |
Жөндеуге жататын тортаптар мен бөлшектер-
дің жағдайы |
Анық болған ақауларды жөндеу жұмыстары-ның тізімі. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Жинақтал
ған білік |
4 | 1 | Біліктің қисық отырғызылуынан пайда болатын подшипниктің 50 градустан жоғары қызуы. | Подшиптің корпусын дұрыстап орнатып, оны реттеу. | |
2 | Электр қозғағыш | 2 | 2 | Тиегіштің нормадан тыс жүктелуінің себебінен электр қозғағыштың қызуы. | Нұсқауға сәйкес 4/5 көлемінде массаны жүктеу біліктің оғына дейін. | |
3 | Корпустың люгі, қақпағы | 4 | 3 | Қақпақтан винттің шығып кетуі. | Корпусқа қақпақты винттармен тығыздап қатыру |
Шитті – мақта тазалағыштарды жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстардың тізімі.
Техникалық жабдықтарды қарап шығу барысында олардың жағдайы, жұмысқа дайындығы тексеріледі, жоғарғы және төменгі люктерді, тиегішті жуу құрылғысы, тиегіштің торабын, тиегіштің жетегін сақтандыру, қоршауы желінетін қақпақта құраушы орамдарды майлайтын құрылғыларды, олардың ішінде май бар – жоғын тексеру.
Ағымдағы жөндеу кезінде егер қажет болса орындалатын жұмыстар: шестернаның щеткаларын алмастыру, құлақтарды, қазықшаларды туралау, майлау құрылғыларын жөндеу, оларды майлау материалдарымен толықтыру.
Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.
Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:
Жуықтама — негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; Өткінші аралық — арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;
Негіздің шала өңделгені — негіз кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған;
Сүңгіме — арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, негізбен айқаспаған;
Кем тоқылғаны— арқау жағынан сирек жерлер;
Жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер;
Жіптің түйіні — арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;
Жыртығы, ойығы, тіліндісі — тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсінен болған көлемі әрқалай тесіктер;
Былғану мен май дақтары — матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;
Түрлі арқау — ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;
Тоқыма өрнегінің ауытқуы (бурмалануы) — суретте кейбір жерлерде тағайындалған суретке сәйкес келмейді.
Тігін бұйымдарының сортын анықтағанда тоқыған ақауын есептеу матаның талшықтың құрамы мен бұйымының қандай мақсатқа жұмсалатындығына байланысты жүргізіледі.
Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп) дайын мата алу үшін жүргізілген физико — химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды.
Матаны өңдеудің мақсаты — олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру. Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді.
Қой жүнінің сан түрлі сорттарымен тайталаста жылулығы жағынан тең түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті бүгінгі күні тұтынушысына өз бағасын танытты. Алуан түрлі, ою — өрнектер оюланып немесе сырылып жасалған текемет пен сырмақ құлпырған өрнектері көздің жауын алатын кілем, алаша, т.б. жүннен жасалатын бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұр. Әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат — жүннің сапасы ерекше орын алады. Сапалы бұйым шығуы үшін жүн өңдеуде қандай процестерге қай кезден бастап көңіл бөлген жөн.
Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі шебер иірілуі керек.
Түтіп, иірушілердің айтуынша, жүннің таза қырқылып, ретретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі тиіс.
Қырықтықшылардың айтуынша, қойды жабағы жүні көтеріліп, астынан жаңа өскін пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс. Қоңды малдың жүні уақытында біркелкі көтеріліп, қырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні керісінше, сабалақтанып, өскін жүндері жетілмей, жабағы көтерілмей қалады.
Маманның айтуынша, жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты. Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес. Сондықтан мал күтіміне — азық құрамына, уақтылы суарылып, серуендетілуіне көңіл бөлінгені жөн. Тіпті іштегі төлдің дұрыс жетілуі де тікелей енесінің күтіміне байланысты. Ал жаңа туған төлдің шаранасын кептіріп, уызына тойдыру да келешекте одан сапалы өнім алудың басты кепілі.
Ғалымның айтуынша, жүн сапасы, одан жасалған бұйымның сәнді болып, талғампаз қауымның көңілінен шығуы үшін өте қажет бір — нәрсе — оның табиғи түсі, жылтырлығы. Бұл, ең алдымен, қой тұқымына байланысты. Ал керісінше, өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт — сапасы әр түрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуға мәжбүр болады. Сондықтан жүннен қалаған бұйымын жасарда шикізат күтіміне көңіл бөліп, ал бояғанда қажет заттың ерекшелігіне орай бояуды талғаммен, керекті жерінде табиғи түстің өзін де пайдалана білген жөн.
Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда (боз, ақ-қарасы араласып кеткенде) оны міндетті түрде күңгірт бояулармен бояуға тура келеді. Жүннің, тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам деңсаулығына пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны ғалымдар былай тұжырымдайды: жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді; жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл; жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді; жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар; жүн бояуды жақсы алады әрі басқа талшықтардай көп оңбайды; жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар.
Жүнді сақтау жөнінде ғалымдар мынаған ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүңдікінен артық. Сондай-ақ бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп тартады. Әсіресе, жуылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді шірітетін микроорганизмдердің кебеюіне қолайлы орта болып саналады. Сондықтан жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша, кілемге арналған жүн керекті мөлшерге жеткізілгенше оларды фанерь жәшіктерге немесе қағаз қаптарға нығыздап салып, арасына «Молемор», «Дезмоль», «Анти-моль», «Фоксид» препараттары қойылады. Мұндай жүнді пайдаланар алдында ашық күндері аула ішінде керілген жіпке іліп жайып, ара-арасын қопсыта қозғай отырып иісін кетіруге болады. Сонымен қатар жүн сақталатын бөлменің есік-терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлысы ағаш сабы бар қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті арнайы тарақ. Сабалған жабағы жүнді осы тарақпен немесе қолмен іртігін әбден жаза отырып түтеді. Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Әр бұйымның қолданылу ерекшелігіне байланысты, мәселен, алашаға арналған жіп кілем жібіне қарағанда ширақ (пысықтау), ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі бос иіріледі.
Келептеліп боялғаннан кейін бір тінмен домалаққа төгілген жіп (кілемге арналған) сол күйінде түк шалуға пайдаланылады. Алашаға иірілген екі тінді біріктіріп ширатып, домалаққа төгеді. Мұнда да иірілген жіп келептеліп, боялады. Жалпы келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұйымға ортақ жағдай.
Киім-кешекке арналған жүн мен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт иіруге арнайы жеңіл ұршық керек. Өйткені иіру үстінде түбіттің жіңішке, нәзік талшықтары ұршық ауыр болса салмағын көтере алмай үзіле беретін бола-ды. Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан, шудасынан арылтып, бөлек түтіп, шүйкелейді. Ал бұл мақсаттағы жүн алаша жібіне қарағанда жіңіш-керек әрі бос иіріледі. Ширатылмаған жіпті екі тіндеп бос домалақтаса тоқы-ма киімге салынған өрнектер сәнді көрінеді әрі жүн түбіті шығып, жылы болады.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзу жіптерін иіреді. Бұларды пысықтау иіріп, екі тіндеп ширатады. Сондай-ақ шуда жіп иіріп, алаша енін құрастыруға, тігілген алашаның басын шалуға, текемет, сырмақ құрастыруға, жиек бастыруға пайдаланады. Кілемнің желі жібіне де осындай жіп пайдаланылады.
3 Кәсіпорынның өндіріс процесінде жабдықтарды жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдары
3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді жоспарлау мен техникалық қызмет көрсетуді жақсарту бағыттары
Жөндеу графигі. Жөндеу графигін құрамас бұрын, жалпы және орташа жөндеу мөлщерін есептеу керек, ал сонан соң күнделікті жұмыс күнінде қаншалықты машиналардың толық және орташа жөндеуде болатынын анықтайды.
Жөндеу санын есептеу үшін жылына орналастырылған және толтырылған әр түрдегі машиналардың жоспарлаудағы мөлшерін және құрылғының жұмыс ауысымындағы санын білу қажет.
Толық және орташа жөндеудегі машина түрлерінің периодтылығын біле отырып, жөндеу санын былай есептейді:
nт = 12n/i (97)
nо = n(12/i – 12/i), (98)
Мұндағы, n,n – осыған сәйкес толық және орташа жөндеу, N -өндірістегі берілген машина түрінің саны, іT, іO — толық және орташа жөндеудің периодтылығы.
Берілген түрдегі машиналардың саны, толық (bт) және (bо) жөндеу күнделікті жұмыс кезінде мына формуламен анықталады
Bk = nT / m
Bo=no/m
Мұндағы, m – бір жыл ішіндегі жөндеу күндерінің саны.
Бұндай есептеу иіру және тоқу фабрикаларында жүргізіледі және осы негізде жылдық графикті түзеді. Графикті құру барысында жөндеудің мерзімі айы мен комплект бойынша біркелкі реттеу керек.
Бөлшектердің шығынын жоспарлау және материалдардың шығындалуы. Құрылғы үшін көптеген бөлшектердің шығысы норма бойынша жоспарланады, жөндеу үшін бөлшектердің қаншалықты сұранысқа қарай қанағаттандырылуын және бөлшектердің тасымалдануы және қызметінің мерзіміне байланысты анықталуын, машинадағы бөлшектердің мөлшерін жұмыс күнінің ауысымына байланысты тексеріледі.
Сондай-ақ, айталық, салмақсыз бөлшектердің тобы болады, оларда материалдық түріне қарай пайдаланғандарын дайындау үшін шығыны жоспарланады. Иіру машинасына мынадай аз салмақты бөлшектердің норма шығындары қаралған, жылына – кг: шойын-45, болат-13, қола-0,2, тіреу-5. Берілген машиналар түрінің күнін және бөлшектердің норма шығынын біле отырып, бөлшектердің жылдық қажеттілігін (салмақты, аз салмақты) анықтайды. Жылдық бағыттағы есебі үшін қолдағы бөлшектер алғашқы баланс құны 1000 тиынға 58 тиын бойынша қабылдайды. Норма бойынша есептелген қажеттілік запас бөлімдерінің бірнеше көздерін қанағаттандырады: машина құру министрлігінің мекемесі, импорт бойынша сатып алу, тоқыма өнеркәсібінің орталық механикалық шеберлік мекемесі. Әрқайсысының көрсетіліп қойылған бөлік көздері директі құжаттармен анықталады.
Бір машинаның жылына шығын нормасы бойынша материалдарды жөндеу және құрылғыларды тасымалдау шығынының жоспарын құрады.(19- кесте).
4 кесте — металдардың шығын нормасы.
Машиналар |
Мақта өнеркәсібіндегі иіру құрылғыларының кейбір түрлерін тасымалдау және металл жөндеу шығыны (жылына 1 машинаға ) кг
|
|||||||||||
құю | Болат | Оралған болатты сым | тіреу | қола | қалайы | Болатты | ||||||
шойын | болат | Ыстық орау | конструкциялы | |||||||||
Бірпроцесті 220
Қопсытқыш 36 Тарайтын 96 Тегіс созатын Сақинаны иіру 62 Орайтын 40
|
18
— —
— —
|
35
10 0,2 28 0,5
15 1 20
|
50
2
13
3
— —
|
— 10 0,08 1,2 2
1 2 — 0,5
0,7 6 0,1 —
0,1 5 0,3 0,3
3 4 — 0,5
|
||||||||
Материалдың жылдық қажеттілігін машиналардың өндірістегі шығын мөлшері бойынша анықтайды. Мысал келтірсек, ҚР үшін құрылғылардың іріленген материал шығынын есептеу үшін жөндеу қиындықтары машиналардың көптігінен тұрады.
Мысалы, мақта өнеркәсібіндегі машиналар салмағы 0,5- 1,0 т планда , кг:
Қара металл айналымы 74
Әртүрлі металл айналымы 1,28
Шойынды құю 18
Болатты құбыр 0,1
Қалайы 0,23
Пісіру электродтары 0,23
Тіреу материалдары 1,82
Қолдағы бөлімдерді жөндеу және құрылғылардың техникалық қызмет көрсету бөлшектердің 1000 тиын ақшалай шығыны бойынша жылдық анықтау құны мынаны құрайды:
Қопсытқыш машиналар
Мақта үшін 74,85
Жүн үшін 138,44
Кардты тарау машиналары 33,43
Таспалы және таспа байланыстырғыш машиналар 50,68
Мақта үшін созытқыш машиналар 63,73
Зығыр үшін макроиіру машиналары 147,22
Иіру- орағыш машиналар
Мақта үшін 71,23
Жүн үшін 89,93
Пневмомеханикалық иіру машиналары 83,71
Негізорағыш автоматтар 132,47
Пневморапиралы тоқыма станоктары 101,08
Автоматты тоқыма станоктары СТБ 66,37
« МЛП ССР өндіріс орнындағы өндіру ұйымында техникалық қызмет көрсету жүйесінің және технологиялық құрал – жабдықтар жөндеу жағдайында » құрылғылардың толық жөндеуі бірлік жөндеу қиындықтары шығыны көрсетілген:
Сатып алынған комплектілі бұйымдар ( тербелі мойынтірегі, шынжырлар, колпакты майлаушылар және т.б.);
Көмекші материалдар ( әртүрлі ремендер, манжеттер, сальниктер, тасымалдаушы таспалар және т.б.);
Түрпіленген, ысқыланған, жуылған және сүртілген материалдар.
Толық және орташа жөндеу үшін келесі шығындалған шығындар кірелі: жөндеушілердің жұмыс істеу жалақысы және көмекші жұмысшылар, толықтырылған жұмыс жалақысы және әлеуметтік сақтандырудағы есептен шеберлі, цехты қызмет құнының шығындары.
Толық және орташа жөндеу планы бойынше жұмысшыларға уақыты мен бағалау нормасына байланысты жалақы төленеді. Негізгі жалақы фабрикадан қабылданған нормасынан прогресивті- премиальді төлемдер болып шығады. Сондай-ақ СР бойынша жұмыс жалақысын бағалап, есептеп, оған 20 % негізгі жалақы толықтырылады.
Жөндеушілерге көмекші жөндеушілер көмектеседі, мысалы, машина тазалағыштар, бір бағыттағы жұмысшылар, қалпақшаны тартушылар мен қабылдау барабандары және т.б. Машиналардың бөлшектерін машинада немесе машинадан шешіп алып тазалайды.
Көмекші жұмысшылардың жалақысы жөндеушілердің жалақысына қарағанда 6 -9 % шығын көлемін құрайды.
Фабрикада қабылданған нормативтер бойынша жалақыны төлеу және есептен шығару әлеуметтік сақтандыру есебі арқылы есептеледі.
Бөлшектер мен материалдардың шығындарын баға көрсеткіштен анықтайды.
Бөлшектердің көп мөлшері құрылғының техникалық қызмет етуіне жұмсалады. Сондықтан өтпелі жөндеуде бөлшектердің қаншалықты қажеттілігін біле отырып, барлық жөндеу түрлері үшін бөлшектер мен материалдардың өндірілу барысында шығындарын анықтайды. Толық және орташа жөндеу үшін материалдар мен бөлшектердің ішінде құрылғылардың техникалық бөлшектер мен материалдық қызмет көрсету шығыны 20 – 26 % соммасын құрайды.
Толық және орташа жөндеу құрылғылардың өндірісінде мынадай шеберханалар ( механикалық, жинақталған, арнайы, сондай-ақ орталықтандырылған, балқытып- қосылған) өз қызметін ұсынады: бөлшектерді тазалайды және жуады, жөнделмеген бөлшектерді қайта қалпына келтіреді және жаңалап шығарады, түйіндерді жинап жөндейді және т.б. Қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар шеберхана жұмысшыларының жұмыс жалақысынан қалатын шығысынан алынады, яғни әлеуметтік сақтандырудан және эксплотациялы шеберханадан бөлінетін шығындар. Қызмет көрсету құны олардың ортақ жалпы бағалануына қарай анықталады ( 20 кесте). Жалпы қызмет көрсету құны шеберхана жұмысшыларының жұмыс жалақысының 60-65 % -ін құрайды.
Цехтағы шығындарға инженерлік – техникалық жұмысшылардың жұмыс жалақысы жатады РМЦ ( цехтың бастығы, шебершілер), қызмет етушілер ( бухгалтерлер ОГМ, тіркеушілер т.б.), конструкциялық бюро жұмысшылары ОГМ, сондай-ақ ұйым мекемесіне кететін шығындар ОГМ.
Фабрикада инженерлік- техникалық жұмысшылардың жұмыс жалақысының шығыны жұмысшылардың қарқынды еңбек еткен төлемақысымен бірге 25-28% — ін құрайды, яғни қосымша және әлеуметтік сақтандырудан бөлінетін жалақылар. Бұлар толықтай цехты шығындарға кіреді. Сондай-ақ , цехтағы шығындарға конструкциялық бюроның қызметкерлері мен жұмысшылардың жалақысы кіреді, тағы да ОГМ мекемесінің өндірісі мен мазмұны шығындары жатады. Бұл шығындар цехты шығындарға толықтай емес, барлық ОГМ өндірісі бойынша жұмысшылардың негізгі жұмыс жалақысына тең келеді. Толық және орташа жөндеудегі иіру құрылғыларының шығындарының өлшемі жөндеушілер мен шеберхана жұмысшыларының ( қ
ызметтері бойынша ) 4-5 %-ін ( тоқыма құрылғыларының 9-30%) құрайды.
5 кесте — жалпы құрылғылардың жөндеу құны мен шеберханадағы қызмет көрсету құны.
Құрылғылар | Қызмет көрсету құнының бөлігі % есебі бойынша | |
ҚР | СР
|
|
Жинақтау – қопсытқыш бөлімі Тарайтын машиналар Таспа тегістеу машиналары
Иіру машиналары Шынжырлы және орайтын машиналар Мотальді машиналар Тоқыма станоктары |
8-9
6,5* 5-6 5-6
4-9
13-14 9-11 |
20-20
19-20 18-21 18-21
30-32
15-17
|
Қосымша бөлшектерді сақтау және есептеу. Жөндеу мен эксплотация үшін сақтау ұйымы мен қосымша бөлшектердің толығуы әсерлі шарттардың бірі болып табылады. Бұл үшін қосымша бөлшектердің нормасы, азаймауы қарастырылады, олардың есептеу системасы, сақталуы және қосымша толықтырылуы. Қосымша бөлшектерге кіреді: бір жылдың ішінде қызмет көрсетуде тез тозатын бөлшектер; бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімде қызмет ететін бөлшектер; ұзақ қызмет көрсететін бөлшектер, бірақ көп мөлшерде бір типті болса да өтімді; ірі бөлшектер, дайындауға еңбекті көп қажет ететін, сатып алынған бөлшектер, қызмет етуіне қарамастан жұмыс істеуін тоқтатпайтын тозған бөлшектер.
Барлық бөлшектердің өлшемі мен қайта өңделуі сызумен байланысты болуы қажет, стандарт ( ГОСТ ) бойынша немесе техникалық шарттар бойынша ( ТУ ). Тордың тістерінде , инелерде, цилиндрлерде, барабандар мен басқа жұмыс органдарында, талшықпен бірге, тырналуы, майысуы, сынуы, тот басуы және басқа дефектілері өтпейді, себебі, талшықтардың жылжуын қиындатады. Мойынтірек пен кронштейндердің корпустары негізгі плитаға немесе жинақталған бөлшекке тығыз жабысуы қажет; жергілікті саңылау тегіс қосылыстан 0,05мм аспауы керек.
Шестерна өзара жақсы ілінісу керек, тістің жоғарғы басындағы саңылауы және екі ілінген тісті доңғалақ модулі 0,3 (7/1 тіс биіктігі) тен аспауы керек. Мойынтіректің шынжыры геометриялық оське перпендикуляр болуы қажет.
Тістегі шынжыр бөлігіндегі шестернаның ені 25 мм-ге 0,5мм, ал жоғарғы ені 25мм-ден 1мм аралығында жіберіледі. Тісті жұп бірқалыпты үзіліссіз, шусыз жұмыс жасау керек. Ағашты бөлшектер II-IV сорттағы ылғалдығы 15% -тік ағаштардан жырықсыз, саңылаусыз жасалыну керек, ал сызудағы арнайы талаптарға сәйкес қайта жағу арқылы және лактап бояу арқылы жасалыну керек. Ағашты бөлшектердің алғашқы сыртқы көріністері тегіс болуы қажет; жөнделмеген, соңына дейін аяқталмаған болмайды.
Пластмассалық бөлшектер жылтыр бетті, тегіс болуы қажет. Оларда жырықтар, престеу кезіндегі іздер, шығыңқы арматуралар, ісінулер, қабаттану, кеуектілік және басқа дефектілер болмауы қажет, себебі мықтылығы мен беріктігін төмендетеді. Дәнекерленген бөлшектерде әртүрлі өлшемдегі және бағыттағы жырықтар, тігістеу металмен тегіс толтырылуы, дұрыс пісірілмеу, ерімегендік, күйдірілген және түрлі дефектілер болмауы қажет.
Қосымша бөлшектердің орталық және цехты қоймада сақтайды. Цехты қоймада өтіп кеткен тез тозатын бөлшектердің негізгі құрылғылары орналасқан. Орталық қоймаға қосымша бөлшектердің және жалпы шаруашылық қойма мекемесінің системалық қоймасы кіреді. Қосымша бөлшектердің цехты қоймасы бригада жұмысшылары мен көмекші шеберлерге қызмет көрсетеді.
Орталық қоймада заводта шығарып жасалған бөлшектер сақталады, сондай-ақ шеберхана мекемесінде дайындалған және тіркелген бөлшектер және жауапкершілікпен дайындалған бөлшектер қолдағы және қосымша әрекет бөлігін оперативті- бухгалтерлік түрде бағалы материалдар әдісін тіркей отырып есептейді. Карточкалар әр бөлшектердің аты мен түйініне байланысты жасаланады, сонымен бірге қосымша бөлшектердің тіркелген номенклатурасы бойынша жасалынып, орталық қоймада сақтайды. Құрылғының түріне қарай карточкаларды картотекаларға топтап тіркейді, сондай-ақ қолдағы қосымша бөлшектерді қояды және жан- жақты запастардың толықтырылуын қарастырады.
Жаңа және тіркелген бөлшектерді жөнделмеген, алынып тасталған бөлшектермен алмастыруға болады. Жөнделмеген бөлшектерді қайта қалпына келтіруге жібереді, оның арасында, қайта қалпына келмейтіндерді металлоломға тапсырады.
ОГМ мекемесінде құрылғының түріне қарай қосымша бөлшектерге арналған каталогтар және заводтан жамалынып шығарылған бөлшектер үшін жұмыс сызбасы болуы керек. Фабрикада мынадай сызбалар мен каталогтарды қабылдайды; отандық және импортты құрылғылар, өндірістен алынып тасталған, — ЦПКТБ , ал отандық құрылғы үшін, өндірістен алынбаған, — заводтан шығарылатын. Сызбалар мен каталогтарды сақтау стандартты талапқа сәйкес болуы керек.
Құрылғының комплексті жөндеу және жөндеу аралық қызмет көрсету ұйымы. Осыған дейін барлық толық және орташа жөндеу жұмыстарын бригада жөндеушілері атқарып келеді, ал құрылғының барлық жөндеу аралық қызмет көрсету цехты персоналға – шебер көмекшілерге, сырлаушыларға, кезекші слесарьларға және т.б. атқаруға негізделген.
Алматылық мақта қағаз комбинаты өзінің істелген құрылғыларының толық жөндеу және жөндеу аралық системасымен қызықтырады. Оның себебіне тоқтайық. Барлық жөндеу түрлерінің орындалуы және құрылғыны ұқыпты күту ( жөндеу аралық қызмет көрсету ) арнайы комплексті бригадаға негізделген, нормативті істелген еңбек ақысына байланысты. Комплексті бригада механикалық – жөндеу цехына қарайды. Бригаданың құрамына жөндеушілер, кезекші слесарьлар, сырлаушылар және т.б. кіреді. Бригада барлық жұмысты сырлау, тексеру, техникалық күтімі және қызмет көрсету, толық және орташа жөндеудің бекітілген өлшемі және ай сайын қызмет көрсету графигі және құрылғының қызмет көрсетуі бойынша жұмыстары үшін бригада қосымша бағалау арқылы төленеді.
Цехтың механика-жөндеу, иіру және тоқыма өндірісінің структурасы.
Цехтың механика- жөндеу , иіру және тоқыма өндірісі бойынша мынадай жұмыстар жатады: машиналар мен станоктардың толық және орташа жөндеуі, олардың модернизациясы, кейбір жағдайларда – ескі және жаңа құрылғының монтаждалуы. МЖЦ негізгі механика мекемесіне тікелей бағынады. МЖЦ бастығы барлығын басқарады.
МЖЦ-ң өндірістік болып : жөндеу бригадасы, құрама слесарьлар, арнайы шеберлер табылады.Жөндеу тобы құрылғының түріне мамандандырылады және толық және орташа жөндеу үшін белгілі өндірістің бөліктерімен бекітіледі.
Әр жұмыс тобын бригадир басқарады – көбірек квалификациясы бар жөндеуші ( 5-6 разряд ). Жөндеу жұмыстарының мөлшеріне қарамастан, жөндеу бригадасының құрамына 2-5 аралығында жөндеуші кіреді ( 2-4 разряд ). Берілген цехты қамтамасыз етіп отырған жөндеу тобын немесе фабрика өндірісін басқаратын шебер , МЖЦ бастығына бағынады.
Өндірістің мөлшеріне, қарамастан шеберханаларды МЖЦ шебер немесе бригадир басқарады, сондай-ақ, МЖЦ құрамында тіркеушілер, нормалаушылар және т.б. болады. Сондай-ақ, МЖЦ қосымша бөлшектердің қоймасы мен инструменттер кіреді. 181- суретте МЖЦ тоқыма фабрикасының структурасы келтірілген.
Мақта – тазалау зауытының жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру төменде көрсетілген құрылымға сәйкес басқару бас инженерге жүктеледі. Сонымен қатар кәсіпорындағы барлық жабдықтарды жөндеу, қызмет көрсету, оларды жоспарлауды басқару бас механикке міндеттеледі. Бас механиктің міндетіне жататындар: жабдықтардың барлық түрлерін жөндеу бойынша жұмыс көлемін анықтау; машиналарды күрделі жөндеудің және механикалық көрсету графигін құрастыру; жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімін бақылау және олардың сапасын тексеру; жабдықтардың техникалық жағдайын әдетті түрде бақылауды ұйымдастыру; машиналардың жұмыс істеп тұрған кездегі пайда болған ақаулардың себебін анықтау, механикалық іс – шараларын ұйымдастыру; машинаның тоқтап қалуына жол бермеу.
2 -сурет.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі. Оны бір жылға жоспарлайды.
Жабдықтарды жөндеуді жоспарлау ай сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау олардың түрін анықтау санын график бойынша бөліп шығу оларды орындау мерзімдерін, еңбек сыйымдылықтарын анықтау, оларды цех бойынша бөліп шығу, кезекші адамдарға бекіту, қажетті материалдарды есептеп шығу. Бұл жоспар алдын жоспарланған сағат санына қарап, оның жыл бойына немесе пайдалана бастаған уақытына қарап жоспарланады.
Жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспары әр бір кәсіпорында жылдың соңында немесе жоспарланған мерзімге жасалады, оны орындайтын зауыттың бас механигі. Цехтың механиктерімен келісе отырып, жоспарлау өндірістік бөлімімен келісіп зауыттың бас инженерімен бекітіледі.
Жоспарды алдын цех бойынша, өндіріс бөлімдері бойынша, қосымша учаскелер бойынша жасайды. Одан кейін кәсіпорын бойынша жинақталған жоспар жасалынады.
- 2 Тоқыма машиналарының жөндеу түрлері мен ұйымдастырылуы
Тоқыма машиналарының жөндеуге ұйымдастыруы белгілі мөлшерде оның әдістеріне байланысты. Жөндеудің негізгі екі әдісі бар: тораптық және жеке .
Жөндеудің жеке әдісі. Жекелей- деп машинаны бөлшектегенде шешілген бөлшектер мен түйіндерді түзулегеннен кейін қайтадан сол машинаға қояды ( мүлде жарамайтын және жаңасына ауыстырылатын бөлшектер мен тораптарды қоспағанда). Бұл әдістің кемшілігі – ұзақ уақыт тоқтап қалу, өзіндік құнның жоғарылығы және жөндеу сапасының төмендігі жөндеудің жеке әдісінде бөлшектерді жөндейді және жеке тәртіппен дайындайды ; машиналарды жинағанда айдау жұмыстары анағұрлым артады, соның нәтижесінде жөндеу күрделеніп қана қоймай , машинаны орналастыру мен реттеу де қиындайды; жөндеу жұмыстарының механизациясын қолдану мүмкіндігі шектелген; машина бөлшектері мен тораптары өздерінің конструктивті өлшемдерін жоғалтады; бөлшектердің өзара ауысуы толығымен жойылады. Жөндеудің жеке әдісі қазіргі кезде тек аз қолданылатын, қолайсыз машиналар үшін ғана қолданылады.
Жөндеудің тораптық әдісі. Тораптық деп- машинадан шешілген негізгі тораптар мен бөлшектің орнына алдын-ала дайындалған, айдалған және сыналған жаңа немесе жөнделген бөлшектер мен тораптарды орнату әдісін айтамыз. Ал шешілген тораптарды арнайы шеберханаларға өңдеу мен жөндеу үшін жібереді. Жөндеудің тораптық әдісінде жекеге қарағанда аз тоқтап тұрады, ал жөндеудің өзіндік құны төмен , сапасы жоғары . Сондай-ақ, тораптар мен бөлшектердің жоқтығынан тоқтап тұру болмайды; бөлшектер мен тораптарды дайындау мен жөндеуді өз уақытында және өзара ауыстыра отырып бітіреді; бөлшектер мен тораптарды орнату машинаны елеусіз айдаумен жүргізіледі, яғни , жөндеу жұмысының кең механизирлеу мүмкіндігі бар.
Жөндеудің тораптық әдісі қондырғының бір типтілігі кезінде немесе түрлі заводтардан шыққан түрлі модельдегі машина тораптары бірыңғайланған болса, әртүрлі тораптар мен бөлшектердің көп запасының болуын талап ететіндіктен тораптық жөндеуді ұйымдастыру қиындайды . Сондай-ақ , өзара ауысу принципін сақтау мүмкін болмайды. Ол өз кезегінде елеулі айдау жұмыстарын қажет етеді. Сондықтан мұндай жағдайда жөндеу әдісін толық емес көлемде қолданады ; яғни тек кейбір тораптарды алдын-ала дайындаумен шектеледі.
Жөндеудің ағымдық-тораптық әдісі. Бұл әдістің мәні- машинаның жеке анағұрлым өнімді еңбек ететін тораптары мен механизмдерін қалпына келтіру , айдау және өңдеу арнайы станоктармен, стендтермен және құралдармен жабдықталған шеберханаларда жүргізілетіндігінде. Шеберханаларды сәйкестендіру ағымдық ұйымдастыру принциптері мен жоғары өнімділікпен жөндеу технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Жөндеуді бұлайша ұйымдастыру кезінде жөндеу пригадалары тек жөнделген машиналарға тораптарды орнатады және оларды қалпына келтіреді.
Тоқыма өнеркәсібінде тораптық жөндеу әдісінің келесідей ұйымдастыру формалары кең қолданыс тапты : бір ауысымды, екі ауысымды, стендті және секциялы.
Бір ауысымды жөндеуде машинаны негізгі өндірістің жұмысының ауысымдылығына тәуелсіз тек бір ауысымға ( көбінесе біріншіге ) ғана жөндейді. Бір ауысымды жөндеу- жөндеу ұзақтығы минимал болса да, машинаны ұзақ уақыт тоқтатады. Жөндеуді ұйымдастырудың мұндай формасы кез-келген конструкциядағы және қолданудағы машиналар үшін қолданылады. Екі ауысымды жөндеу кезінде іріленген бригада екі жартылай бригадаға бөлінеді, олардың әрқайсысы сәйкесінше машинаны бірінші және екінші ауысымдарда жөндейді. Жөндеу ұзақтығы өзгеріссіз қалады, бірақ машинаның тоқтап қалуы бір ауысымды жөндеуге қарағанда екі есе қысқарады. Стендті жөндеуде машинаны негізінен шешіп, жөндеу алаңына немесе жөндеу цехына апарады, онда арнайы жабдықталған стендте барлық қажетті жұмыстарды өткізеді. Шешілген машинаның орнына запастық (резервті) машинаны орнатады, ал жөнделгенді запасқа тапсырады. Машинаның жөндеуде тұрып қалуы цехтың өндірістік күштілігіне әсер етпейді, себебі, жұмыс орны тек машинаны шешу мен орнатуға қажетті уақыт аралығында ғана тоқтап тұралы. Мұндай форма негізінен тоқыма станоктарын жөндеу үшін қолданылады.
Секциялы жөндеуде машинаны жеке ірі бөліктер ( секциялар) бойынша жөндейді. Жөндеу жұмыс емес күндер мен ауысымды ( көбінесе , демалыс күндері ) жүргізіледі; бұл күндер мен ауысымдар арасындағы периодта машина жұмысы жалғасады. Секциялы әдістегі жөндеуде жұмыс уақытында машинаның тоқтап тұруы мүлде болмайды, ол оның басты жетістігі болып табылады. Жеке секцияларды жөндегенде машина кезекті жұмыс ауысымында жұмыс жасауға демалыс күні және біткеннен кейін дайын болуы мүмкін болатын жұмыс көлемі таңдалуы тиіс . Шындығында , секциялы жөндеуде жұмыстың еңбек сыйымдылығы жөндеудің кез-келген басқа формасына қарағанда жоғары болып табылуы мүмкін, соның нәтижесінде берілген демалыс күні жөнделетін тораптар мен секциялармен түйісу немесе реттеу үшін бұрын жөнделген секцияларды немесе тораптарды жаңадан бөлшектеуге тура келеді.Секциялап жөндеу әсіресе бөлшектерді , тораптарды, материалдарды, аспаптарды , құралдарды, т.б. мұқият дайындауды , жұмысты анық ұйымдастыруды қажет етеді және жұмыс күндері өндіріс орнының жұмысын бұзуы мүмкін остандарды ( мысалы: қопсыту агрегаттары, тарау және шлихталау машиналары ) жөндеуге және мекемеде шектеулі мөлшерде бар машиналарды жөндеу үшін басты қызмет ретінде қолданады.
Тоқыма мекемесінде жөндеу қызметінің құрылымы мен белгіленуі
Тоқыма өнеркәсібінің жөндеу қызметін ұйымдастырудың негізіне құрамына қондырғыны бақылау мен күтімі бойынша ескертуші ұйымдық – техникалық шаралар кешені кіретін жоспарлы- ескерту жөндеу жүйесі жатады. Ол жүйеге қондырғыны техникалық күту, оның ағымдық , орташа және күрделі жөндеу жұмыстары кіреді.
Техникалық күтімге машиналарды тазалау мен майлау , ұсақ ақауларды жою және механизмдер мен тораптарды жөндеу кіреді.
Ағымдық жөндеу ұсақ ақауларды жою, механизмдер мен тораптарды реттеу мен қалпына келтіру , тез тозатын бөлшектер мен тораптарды графикке сәйкес ауыстыру шараларын қарастырады.
Орташа жөндеуде машинаның тозған бөлшектерін ауыстыра отырып , бөліктеп бөлшектейді, жекелегенде және машинаны бүтіндей барлық тораптарды қалпына келтіру , реттеу және тексеруді ( СТБ типті станоктың орташа жөндеу хаттамасын қосымшадан қараңыз) жүзеге асырады.
Күрделі жөндеу көлеміне мыналар кіреді: машинаны толық бөлшектеу, жөнделмеген бөлшектерді ауыстыру, жинау, тексеріп шығу және барлық механизмдер мен тораптарды қалпына келтіру.
Тоқыма өнеркәсібінің түрлі салаларындағы қондырғылар үшін жөндеуаралық периодтар мен циклдердің ұзақтығы машина түрі мен оның жұмыс режиміне байланысты белгіленеді. Көп жағдайда үш ауысымды жұмыста қондырғыны орташа жөндеудің периодтылығы 3-6 ай, ал күрделі жөндеудікі -2-3 жылды құрайды.
Тоқыма өнеркәсібінің жөндеу қызметінің міндеттеріне тек қондырғыны жөндеуден өткізу ғана емес , сондай-ақ, оның модернизациясы , монтажы , бөлшектің жаңасын дайындау мен тозған және сынғандарын қалпына келтіру, қондырғыны жақсы техникалық күйде сақтау бойынша тасымалдау қызметінің тапсырыстарын орындау да кіреді.
Тоқыма өнеркәсібінің жөндеу қызметінің базалары- орталық жөндеу шеберханалары (ОЖШ ) мен механикалық- жөндеу бөлімдерінің (МЖБ) шеберханалары болып табылады. Орталық жөндеу шеберханалары құрамында бірнеше өндірісі бар ірі фабрикалар мен комбинаттарда қарастырылады. Кішігірім фабрикаларда мекеменің әртүрлі қызметтерін атқаратын жұмыстар мен жөндеу жұмыстарын орындайтын механикалық жөндеу шеберханалары ұйымдастырылда.
ОЖШ-ң негізгі міндеттері – мекемеде жұмыс жасайтын негізгі және көмекші тоқыма қондырғысын салмақсыз запас бөліктермен қамтамасыз етеді. Барлық салмақты бөлшектер мен технологиялық қондырғы бөлшектерін дайындауда анағұрлым күрделі салмақсыз бөлшектің біраз бөлігі запас бөліктер шығаратын заводтармен кооперация бойынша орталықтанған тәртіпте мекемеге жеткізіледі.
ОЖШ-ң міндетіне , сондай-ақ, фабрикаішілік транспорт пен энергетикалық қондырғының коммуникациясын жөндеу, қондырғыларды жаңарту еңбек сыйымдылықты процестер механизациясы , жаңа техниканы енгізу, ұтымдылық пен зерттеу бойынша жұмыстыры да кіреді.
Тоқыма мекемелерінде бір-бірінен конструкциясы, дәлдігі және бөлшектерді өңдеу тазалығының класы бойынша ерекшеленетін әртүрлі отандық және шетелдік қондырғылар бар. Машина бөлшегінің қызмет мерзіміне талап күн өткен сайын артуда, бұл олар үшін анағұрлым берік материалдың қажеттігін білдіреді. Мұнан басқа , тоқыма өнімін дайындау әрқашан түрлі операциялардан өтумен байланысты. Сондықтан тоқыма мекемесінде қондырғы типінің үлкен саны ( кейде машиналар мен аппараттың бірнеше жүз маркасы ) жұмыс істейді. Бұл – мекемелер запас бөліктердің бірнеше мыңдаған атауына ие болуы керектігін көрсетеді.
Егер тоқыма камбинаттарының ОЖШ негізінен запас бөліктер мен жаңа салмақсыз бөлшектерді дайындаумен айналысса, онда фабрикалардың МЖБ бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіруді және жөндеуді ; сондай-ақ, қарапайым бірлік бөлшектерді дайындауды жүзеге асырады. Көптеген мекемелердің МЖБ шеберханаларын шартты түрде жалпы және арнайы белгіленген шеберханаға бөлуге болады. Жалпы белгіленген шеберханада бөлшектерді жөндеу мен дайындау бойынша әртүрлі жұмыстар орындалады, ал арнйы шеберханада бөлшектердің немесе тораптардың шектеулі мөлшерін ғана жөндейді және қалпына келтіреді . ( оларды көбінесе торапты жөндеу шеберханалары деп атайды ) 152- суретте мақта иіру фабрикасының жөндеу шеберханасының құрылымы келтірілген.
Жөндеу шеберханада тиісті әмбебап жабдықтар мен құрылғылар пайдаланылады. Әмбебап-жинау құралдардың (ӘЖҚ) жүйесі металл кесуші станоктарға арналған жабдықтарды бүтіндей стандарт бөлшектерден жинауға мүмкіндік береді. Материалдың бөлшектің конструкциясын және олардың дайындалуы үшін термоөңдеуді ұтымды таңдау бұл стандарт бөлшектердің көп қайтара пайдаланылуын қамтамасыз ететін түрлендіру құралдарының жүйксін құруға мүмкіндік береді. ӘЖҚ бөлшектері оларды тасымалдаудың барлық мерзімі ішінде мынадай сызба бойынша түзілген шеңбер айналымында болады: бөлшектерді сақтау- құралдарды жинау- құралдарды тасымалдау- құралдарды бөлшектеу – дұрыс ( орташа) бөлшектерді сақтау – құралдарды жинау ( енді басқа конструкциядағы) және т.б. ӘЖҚ базалық бөлшектері ( плиталар, бұрыштамалар, тіреуіштер, жұқа тақтайшалар, т.б.) жоғары қоспалы болаттардан жасалып, термоөңделген, жоғары төзімділік пен беріктікке ие және орта есеппен бес жылдан артық қызмет етеді. ӘЖҚ элементтерінен құралдар жасау іс жүзінде конструкциялау деңгейінен және жабдық бөлшектерін металлда дайындау процесінен өтіп, жүргізіледі. Мысалы, Херсонск мақта комбинатында ӘЖҚ бұрғылайтын, фрезерлі, тегістеп жону және токарьлық операцияларды өткізу үшін қолданылады.
3- сурет. Иіру фабрикаларының жөндеу шеберханалары
Жинағанда бөлшектің сызбасын, бөлшекті дайындау мен операцияларды орындау нәтижелері көрсетілген өңдеу технологиясы болуы керек. Технология- жинаушы – слесарь операция нәтижесі мен бөлшекті өңдеудің базасын таңдауда қателеспеуі үшін керек.
ӘЖҚ қолданумен бөлшекті өңдеудің дәлдігіне екі фактор әсер етеді: ӘЖҚ бөлшектерін дайындау дәлдігі мен слесарьдың құрал өлшемдерін қалпына келтіруі. Ережеге сәйкес, ӘЖҚ барлық бөлшектері дәлдіктің жоғары класына ие, мысалы, плитада екі полздың болмауы номиналдан
±( 0,01-0,02 ) мм шегінде тербеледі. Параллельдік және перпендикулярлық көрсеткіштерде осы секілді сипатқа ие. Бірнеше бөлшектерді бір құралға жинағанда олардың плюсті және минусты рұқсаттарымен таңдайды және құрылғының өзінде бөлшек өлшемдерінің азаюы 0,01 мм-ден аспайды. Бұған ӘЖҚ жинағанда өлшегіш плиталарды қолданумен қол жеткізуге болады, бұл бөлшектерді дәлдіктің ІІ-ІІІ кластары бойынша өңдеуге мүмкіндік береді.
Жалпы тағайындаудағы шеберханалар
Жалпы тағайындаудағы шеберхананың құрамы тоқыма өнеркәсібінің түрлі салалары мен әртүрлі өндірістің барлық мекемелері үшін бірдей дерлік.
Слесарьлі-механикалық шеберхана. Бұл шеберханада түрлі бөлшектерді қалпына келтіреді және дайындайды. Сондықтан, технологиялық процесс бірлік өндіріс принципі бойынша жүзеге асырылады, ал қондырғы әмбебап болып табылады. Қондырғының запас бөлшектерін қалпына келтірумен байланысты барлық жұмыстар МЖБ мен тасымалдаушы жұмысшылардың тапсырысы- нарядтары бойынша орындалады. Кейбір мекемелерде жеке бөлшектерді кврталды және айлық шағымдар бойынша дайындайды. Салмақты бөлшектерді қалпына келтіруші типті технологиялық карталарын пайдалану мен оларды өңдеу машинаны жөндеу құнының төмендеуі мен сапасының жоғарылауына әсерін тигізеді.
Жуу-ақауын анықтау бөлімі. Жөндеу кезінде машинадан шешілген тозған және сынған бөлшектер қатты кірлейді. Олардың беттерінде жазылған майдың шаңы, тозаңы тозу өнімдері мен коррозия өнімдері болады. Бұл бөлшектердің ақауын анықтауға , қалпына келтіру сапасын төмендетуге және еңбек шарттарына әсерін тигізеді ( қиындатады). Кірдің қатты бөлігін қырғыштармен және металл щеткалармен кетіреді. Қатпаған май мен шаң- тозаңдарды кетіру үшін бөлшектерді өртке қатысты анағұрлым қауіпсіз және үнемді қарапайым сілтілі ванналарда жуады. Бөлшектерді майсыздандырудың жоғары сапасы мен жоғары өнімділігіне ультрдыбысты УЗВ-16, УЗВ -17, УЗВ-18 ваннасын пайдаланумен қол жеткізуге болады.
Тазаланған жіәне майсыздандырылған бөлшектер жөндеу шаблондарымен , клибрлермен, аспаптармен жабдықталған ақау анықтау посттарына келіп түседі. Осылай, шарикті мойынтіректерді бақылау КП-1512 құралымен жүзеге асырылады, ал шестерна тістерінің қалыңдығын – жөндеу шаблонымен бақылайды. Ұршық шпинделінің, осьтердің және басқа да цилиндрлік бөлшектің соғуын анықтағыш призма мен индикатордың көмегімен анықтайды. Ішкі ақауларды (сызаттарды, жарықтарды) ультрадыбысты және магнитті дефектоскоптармен анықтайды. Анағұрлым жауапты бөлшектерді ( шарик мойынтіректерді, шынжырларды т.б.) ұзақ сақтау үшін оларды консервациялық майлағыштармен қаптайды.
Дәнекерлеу бөлімі. Дәнекерлеу бөлімінде тозған және сынған бөлшектерді тұрақты және ауыспалы ток аппараттарының көмегімен электрдоғалы дәнекерлеп қалпына келтіреді. Көптеген мекемелердің жұмыс тәжірибелері көрсеткендей дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін мекемеде келесідей қондырғылар болуы тиіс : ТС-300 жылжымалы пісіру трансформаторы немесе ауыспалы токпен дәнекерлеу үшін ТСК-500 немесе тұрақты токпен дәнекерлеу үшін ВС-300 дәнекерлеу түзеткіші ; дәнекерлеу посты; слесарьлық версток ; серпімді білігі бар жылжымалы обдирлі – қайрау станогы ; бөлшектерді, аспаптар мен материалдарды сақтауға арналған стеллаж. Ірі комбинаттың МЖБ-де міндетті түрде тозған біліктер мен рифтелген цилиндрлерді виродоғалы балқытуға арналған құрылғылар болуы керек.
Аспаптық-бөлгіш қойма. Бұл қоймаларда қалпына келтірілген бөлшектер мен материалдарды оларды цехтық қоймаға жөнелту алдында сақтайды. Ерекше дәл аспаптар мен жабдықтарды ОЖШ аспаптық – тарату қоймаларында сақтайды, сол жерден оларды МЖБ үшін уақытша пайдалануға алады.
Арнайы шеберханалар
Иіру өндірісінің машиналарының көптеген тораптарын жөндеу еңбектің үлкен шығынын талап етеді. Бұл тораптардың күрделілігімен ғана емес , сондай-ақ оларды жөндеу арнайы құрылғылары мен құралдары жоқ слесарьлі- механикалық шеберханаларда немесе сәйкесінше машинада жүргізілетіндігімен де түсіндіріледі. Жөндеу бригадаларын бұл жұмыстардан босату мен оларды аспаппен, құралдармен және станоктармен жабдықталған арнайы шеберханаларда жұмыс істейтін арнайы слесарьлар штатына өткізу жөндеу жұмыстарын айтарлықтай төмендетеді, оның сапасын жақсартады және машинаның жөндеуде тұрып қалу уақытын қысқартады, себебі, жөндеу бригадалары тораптарды машинадан шеше салысымен-ақ бұрын жөнделген және тазаланған басқа тораптарды қоюы мүмкін.
Тарау машиналарының тораптарын жөндеу шеберханасы. Тарау машинасының конструкциясы тораптық жөндеу үшін қолайлы. Жөндеуге анағұрлым қиын және көп еңбекті қажет ететін тораптарды машинадан шешіп, екі- қалпақшаларды жөндейтін және қалған тораптарды жөндейтін бөлімшелерден тұратын арнайы шеберханаларға тасымалдауға болады.
Қалпақшаларды жөндейтін бөлімшелер барлық тарау қондырғылары бар мақта иіру фабрикаларында болады. Қлпақшаларды жөндеуде шеберханада келесідей негізгі операциялар орындалады : инелі жайманы шаң мен тозаңнан тазарту , желтартқышты ветошьпен сүрту; инелі таспаның жарамдылық дәрежесін анықтауға арналған қалпақшаның ақауын анықтау мен оның қайралу мәнін анықтау; айдалған желтартқыштарды жаңа таспамен керу; тіреуіш платиктерді қалпына келтіру ; қалпақша инелерін тегістеу мен бақылау.
Бөлімше кардотаспадағы шаң мен тозаңды жоятын станокпен, инелі таспаны қайрауға арналған АТШ-1 және АТШ-3 станоктарымен және кардотаспаны шешу мен кигізуге арналған ОС-2 станогымен жабдықталған ОС-2 станогының қалпақшалы жайманы аршу кезіндегі өнімділігі- сағатына 40 қалпақша. Елеусіз айдалған желтартқышты винтті прессте жөндейді .
Таралған мақта таспасының сапасына келесі фезерлеуде стиракилді жағумен немесе платик қуысын тегістеумен металлды балқыта отырып, күресетін желтартқыш платиктерінің тозуы үлкен әсерін тигізеді.
Костромский технологиялық институты кардты тарау машинасының қалпақшаларының тіреуіш платиктерін жөндеу мен қалпақшалы желтартқыш негіздерін полимерлі материалдармен тегістеу технологиясын жасап шығарды. Сол кезде жөнделген желтартқыштардың қызмет мерзімі жаңаларына қарағанда 3-4 есе көп болады. Мұнан басқа, бұл желтартқыштарда прогрессивті жартылай қатты және қатты әрленбеген гарнитураларды қолдануға болады, олар тарау таспасының сапа көрсеткішін айтарлықтай жақсартады. Қалпақты желтартқыштарды полимерлі материалдармен тегістеу мен жөндеу үшін арнайы өндіріс бөлімшесі , қондырғыны орналастыру жоспары ( 153- суретте көрсетілген) . Ұйымдастырылған және эпоксидті шайырлар негізінде полимерлі композиция ( ЭД-20, ЭД-10, ЭД-8, ЭД-14, ЭД-16, ЭД-22) жасап шығралығын. Қайрау сапасын стационарлы индикаторлы приборлармен бақылайды.
Қалған тораптарды жөндейтін жеке бөлімшелер 300-ден аса тарау машиналары бар мекемелерде құрылады. Гребенді қораптарды , қабылдау барабанның тораптарын, жылдамдық қораптарын, шешілген барабан муфталарын, гребендерді, қабылдау барабанының редукторларын, нәрлендіргіш редукторларын және қалпақша жетектерін міндетті түрде машиналарда емес , арнайы құралдар мен және жөндеуді жылдамдатып, сапасын арттыратын құрылғылармен жабдықталған шеберханаларда өткізу керек.
4-сурет. Кардотаспадағы шаң мен тозаңды жоятын станок
1-бақылау сызғышы; 2-поверочные плиты; 3-плиталарды автоматты электрқыздыру жүйесі; 4-термометр; 5-ыстық және суық суы бар жуынғыш; 6-плимерлерді сақтайтын шкаф; 8- полимерлі композицияны дайындайтын созғыш шкафы 9 және электроплиткасы 7 бар верстак; 10-қаптамадағы платиктерді тазалайтын станок; 11-ағынды-созылмалы вентиляция; 12-қаптамадағы желтартқыш негізін тазалайтын станок; 13-арнайы киімге арналған шкаф; 14-стеллаждар; 16-тисктері 15 және үстелдік бұрғылау станогы 17 бар верстак.
Гребенді қорапта жұмыс істеу кезінде келесідей кемшіліктер жиі пайда болады: сальниктердің жарылуы мен тозуы, майдың ағуы, секторлық және эксцентрикті біліктердің сырғаларының тозуы . Қабылдау барабанының торабында аралы металл таспа шұқалып, бұзылады, шарикті мойынтіректер қоқысталып, тозады. Жылдамдық қораптарының негізгі ақаулары: жүрісті шестернаның шпинделінің , шестернаның және мойынтіректің тозуы. Қбылдау барабанының редукторында мойынтірек редукторының білігі мен тісті шестерналар тозады. Нәрлену редукторлары мен қалпақша жетектерінде червякты білік жиі мүжіледі және майлау тесіктерінің қоқысталуы нәтижесінде ол бұзылады. Алынбалы гребендерде қабыршақтар пайда болып, инелер бұзыла бастайды.
Тораптарды жөндеу- егер оны түрлі тораптар мен құралдар көмегімен орындаса, жылдамдайды. Стендтер мен құрылғылар қатарының конструкциясы қарапайым және мекемелердің өзінде дайындалады. Краснодар мақта комбинатында втулкалар мен білікшелерді шкивтер күпшектеріне және жұлдызша шестерналарына қысым түсіру жолымен тығыздауды тез өндіретін құрал ұсынылды. Құрал ( 154- сурет ) дәнекерленген төртқырлы 2 екі тіреуден 1 ( № 124 швеллерден дайындалған тіреудің қаттылығын күшейту үшін) , гайкадан 3, тіреуге мықтап бекітілген қадамы аз z= 4 мм және диаметрі 40 мм болатын винттен 4 таптама 6 табанды тұрақты нығыздып және босатып тұратын ( таптама диаметрі 20 мм-к шарикте еркін айналады ) және таптама жұмыс кезінде винт соңында еркін айналуы мен тайып кетпеуі үшін қызмет ететін бөгеуіш винттен 5 құралған. Құрал верстокқа 8 мықтап бекітілген. Түрлі диаметрлі втулкаларды нығыздау мен бекітуде ішкі тесіктерінің диаметрлері әртүрлі болатын фланецті төсеніштер 7, ал шкивтер мен шестерналардан біліктерді босатуда- түрлі диаметрлі болат саусақтар пайдаланылады.
Шестернаға втулканы нығыздауда ішкі тесігі жоқ қажетті диаметрдегі фланецті төсенішті таңдайды да, оны қырлы тіреудің тесігіне қояды. Сосын шестернаны оның ішкі тесігі таптаманың центріне сәйкес келетіндей етіп қояды. Тұтқаны бұрай отырып, таптамамен Втулканы шестернаға қағатын червякты қозғалысқа келтіреді. Босату да осы әдіспен жүзеге асырылады, тек фланецті төсеніш бұл кезде қажетті диаметрлі тесікпен таңдап алынады. Берілген құрал токарьлардың жұмысын жеңілдетеді, мойынтіректерді ауыстыруға кететін уақытты қысқартады және корпус күпшектерін уақытынан бұрын тозудан сақтайды.
5-сурет. Втулканы шестернаға қағатын червякты қозғалыс суреті
Ішкі шпонды паздарды үлкен диаметрлі ( 1000-мм-ден ) шестерналарда қашауды арнайы құрал көмегімен орындауға болады. Арнайы бұрыштамада үш болтпен токарьлі патрон қатырылған. Бұрыштама екінші бетімен сүргілейтін станок столында қысқыштарды шешкенде екі болтпен бекітілген. Өңделетін шестернаны токарьлі патронда тумбаның сыртқы диаметріне бекітіледі. Жонғышы бар оправка патронның ішкі тесігі арқылы өтіп, пазды қашайды.
Тарақты шеберхана. Шеберхана зығыр және жүн иіру мекемелері үшін құрылған. Шеберханада тарау, таспала және созу машиналарының қопсыту және араластыру агрегатының, жинау және айдау машинасының инелі гарнитураларын жөндейді. Зығыр өндірісінде инелі жұқа тақтайшаларды сынған инелерді ауыстыру, ине ұштарындағы ілгектерді құрту, тарақтар мен тақтайшалардың корпусын жөндеу жолымен жөндейді. Тарақты тарау машинсында жаңа инелерді жұқа тақтайшаларда ерітіп қатырады да, барабаншаларға орнатады. Таспалы машинаның жұқа тақтайшаларынан тарақтарды шешу үшін эксцентрикті қол немесе тойтарғыштарды кесетін механикалық пресстер бар. Тарақтарды жөндеу үшін түрлі қысқыш және жинақтық қондырғыларды қолданады. Түзулеуді слесарьлық верстоктарда жүзеге асырады. Инелердің доғалануы мен олардың ұштарындағы ілгектердің түзілуін көбінесе абразивті қайрақтармен , сирек жағдайда – электрлі жылтыратумен жояды.
Электрлі жылтырату инелердің өткірлігі мен өңдеудің кедір- бұдырлығының сыныбын ( 0,63 дейін) арттырады, бұл ең жоғары сызықтық тығыздықты талшықтық шығуын ұлғайтады. Электр жылтыратуға арналған ваннаны ( 155- сурет) гальваникалық немесе тарақты шеберханада орнатады. Ванна өлшемдері ең үлкен тарақты жұқа тақтайшаның өлшеміне сәйкес болады. Процестің өнімділігі өте жоғары, себебі ваннаға бірден бірнеше тарақтарды жүктеуге болады, ал процесс уақыты 2,5 минуттан аспайды.
Сынған инелерді олардың бекітілк әдісіне байланысты қысып шығарғышпен балқытып шығарғышпен немесе пластмасса негіздегі барлық инелі жайманы жұқа тақтайшадан қыздыру жолымен шешіп, алып тастауға болады. Ағаш жұқа тақтайшадағы тесіктерді столдық- бұрғылау станогында бұрғылайды. Тарақты тарау машинаның тарақты сегменттерінің жұқа тақтайшаларын түзулеп, ал инелерді балқытып, қосумен жөндейді. Сондықтан бұл машиналар бар жерде, шеберханада зертханалық типті муфельді электр пешін жабдықтайды.
Мүйізшелер мен ұршықтарды жөндейтін шеберхана. Иіру және орау ұршықтары- машинаның ең маңызды тораптары . олардың айналуының үлкен жиілігі мен жоғары дәлдігін ұршықтың жеке бөлшектерін қалпына келтіру мен дайындауға деген жоғары талапты анықтайды. Барынша қатаң талап- блокша диаметріне байланысты тербеліс амплитудасы 0,15- 0,3 мм –ден аспайтын ұршық шпинделіне қойылады. Әсіресе тез тозуға таптама мен шпиндельдің өкшелік конусы тез ұшырайды, айтарлықтай аз роликті подшипниктің отырғызылатын орны мен блокшаның сыртқы беті үйкеліп тозады. Таптама мен өкшелік конустың тозуы , сондай-ақ ұршықтың майысуы шпиндельдің тербеліс амплитудасын арттырады, ал бұл үзілудің көбеюіне әкеледі.
6-сурет. Мүйізшелер мен ұршықтарды жөндейтін шеберхана
Ұршықты жөндеу кезіндегі негізгі технологиялық операциялар мыналар: тазалау мен майсыздандыру; бөлшектеу мен ақауын анықтау; шпиндельді түзулеу ; роликті подшипниктің отырғызу орны мен өкшелік конустың тозуын тегістеумен, электроұшқынды әрлеумен немесе хромдаумен болдырмау; таптаманы ауыстыру немесе қалпына келтіру ; роликті подшипникті ауыстыру; блокшаның бетін тегістеу ; ұршықтарды жинау мен жүргізіп жаттықтыру.
Тарақты ұршықтарды жөндеуде келесідей операциялар орындалады : паздар мен құбырларды тозаң мен кірлерден тазалау ; втулкаларды , құлыптарды , төсемдерді қысу мен балқыту арқылы қалпына келтіру ; бұтақшаларды және табандарды түзулеу; бұтақшалардың бөліну мәнін тексеру , ұршықтарды статикалық және динамикалық теңдестіру.
Ұршықтар мен мүйізшелерді жөндеу алдында жуу бөлімдерінде тазалайды және майсыздандырады. Ұршықтар мен мүйізшелерді жөндейтін шеберханаларды келесідей құрылғылармен комплекттейді: тораптарды бөлшектеу мен ақауын анықтауға арналған столдар; ұршық шпинделінің өкшесін тегістеуге арналған станоктар; бөлшектерді электроұшқынды қатыруға арналған аппараттар ; ұршық шпинделінің өкшелік конусын электроұшқынды әрлеуден кейінгі жылтырату мен мүйізше бұтағынан қабыршақтарды түсіруге арналған станок; таптаманы престеп шығару мен престеп енгізуге арналған құрал ; т.б. Мүйізшелерді жөндеу үшін Ф.Д.Левкоевтің әмбебап станогы қарастырылған . Мұнан басқа , шеберхананы электрлі қайрағыш станоктармен , ақауды анықтауға арналған құралдармен және аспаптар комплектімен жабдықтайды.
Өкшелік конус бетін электроұшқынды әрлеуді қатты құймадан Т 15 К6 жасалған электродпен жасайды. Сонда кезегімен бір-екі қабатты таза режимде , ал үш қабатты – дөрекі режимде әрлейді. Бұл жағдайда әрленген қабаттың қалыңдығы 02 мм-ге жетеді, ол алдыңғы механикалыққ өңдеуді жетілдіру жолымен өткізуге және өкшелік конусты жылтыратуға мүмкіндік береді.
Кедір-бұдырланған цилиндрлерді , біліктерді және сымдарды жөндейтін шеберхана. Таспалы, орау және иіру машинаның кедір-бұдырлы цилиндрлерінің жөндеу сапасына көпжағдайда өнім сапасы мен машиналардың өнімділігі байланысты . Техникалық шарттарға кедір –бұдырлы цилиндрдің келесідей соғулары жіберіледі: иіру және орау машиналары үшін -0,15 мм; таспалау машиналары үшін -0,1 мм. Мақта иіру машинаның кедірлі цилиндрлерін цементтеуден өткізетін 10- маркалы болаттан немесе беттік шынықтырылған 40- маркалы болаттан дайындайды. Зығыр иіру машиналарына арналған цилиндр біліктерін 35 немесе 40 маркалы болаттардан дайындайды да, хромдайды, ал бұдырланған тумбаларды – тот баспайтын 2х13 маркалы болаттан немесе кезекті хромдаумен 40 маркалы болаттан дайындайды.
Жұмыс жасап тұрған цилиндрлердің негізгі ақаулары: бұдырланған бет пен мойынның тозуы , майсыуы , артқы ілмектердің сынуы мен ойықтардың мүжілуі. Ылғалды зығыр иіру машиналарының цилиндрлерінде біліктің тот басуы мен қалпына келтіру технологиясы ақаулық түріне байланысты , бірақ барлық дерлік цилиндрлерді жөндеу міндетті түрде керек. Жиі тозған мойыншаларды да қалпына келтіреді, ал зығыр иіру машиналарында тумбашалардың бұдырланған бетін айналдырады.
Бұдырланған цилиндрлерден басқа шеберханада түрлі біліктермен сымдарды да қалпына келтіреді. Біліктермен бұдырланған цилиндрлерді қалпына келтірудегі көптеген операцияларды слесарьлық –механикалық шеберхананың ( балқыту, түзулеу, механикалық өңдеу) жабдықтарын пайдаланып орындайды. Сондықтан көп жағдайда цилиндрлерді жөндейтін жеке шеберхана құрылмайды ал оларды слесарьлық – механикалық шеберханада жөндейді. Бұдырланған цилиндрлерді бөлшектеуді, түзулеуді және жинауды К.И. Зайцеваның немесе Ф.Д. Левкоеваның конструкциясының станогында, ал бұдырланған беттерді қалпына келтіруді– айналдырғыш қондырғылардың көмегімен орындау ыңғайлы. Термиялық өңделген алдыңғы созылмалы цилиндрдің кедір – бұдырлығын қалпына келтіруді звеноларды күйдіргеннен соң орындауға болады, ал аз ғана тозуда – хромдау жолымен қалпына келтіруге болады. тозған мойыншаларды балқыту токарь станогының суппортында орнатылған КУМА- 5 М немесе ГМВК- 1 дәнекерлеу галовкаларын пайдаланғанда тиімді болады.
Иіру машиналарының ұсақ тораптарын жөндейтін шеберхана. Мұндай шеберхана ( немесе аумақ) 150 мыңнан аса ұршықтары бар ірі фабрикаларда құрылады. Онда созу роликтері ( блокшалар) , сақиналы жұқа тақтайшалар , клапандар , торшалар, сеператорлар жөнделеді.
Созу роликтері қаңылтырлы және карболитті болып келеді. Қаңылтыр роликтер ұзақ шыдамайды, оларды жөндеу гайкаларды, буртиктерді бұрауға арналған , тоғын мен торецтегі мыжылған жерлерді түзулейтін арнайы құралдарды талап етеді. Мұның барлығы Ф.Д. Левкоевтің конструкциясының әмбебап стендінде жүзеге асырылады. Карболиттен жасалған созғыш роликтің подшипниктері және осі тозады , тоғындары сынады, ласатнады және майланған жерлері құрғап, қатады. Бұл оликтерді тексеру машинаны әр күрделі және орташа жөндеуде жүзеге асырады. Роликтерді бөлшектейді , соляркада жуады, жаңадан майлайды, тазған подшипниктерді ауыстырады. Мұндай роликтерді жөндеу үшін шеберхана механикаланған жуғыш қондырғымен , сондай-ақ шарикті подшипниктерді нығыздау мен босатуға арналған қол пресстерімен жабдықталуы тиіс.
Сақиналы жұқа тақтайшаны негізінен күрделі жөндеу кезінде жөндейді. Сонымен бірге, сақиналарын, сақина ұстағыштарды және баллон шектегіштерді ауыстырады. Сақиналы жұқа тақтайшаларды жөндейтін шеберханаларда винттерді тез бұрап шығаратын және бұрап кигізетін құралдар қарастырылуы тиіс.Машинадан приклондар мен жүктеу құрылғыларын шешпес бұрын олардың кір мен тозаңнан тазартып алады. Қажет болғанда подшипниктерін ауыстырады.
Біліктік шеберхана. Бұл шеберханада иіру, таспалау, орау және тарақты тарау машинаның, тазалағыш біліктердің қысқыш біліктерін жөндейді, сондай-ақ созғыш аппараттардың ( құралдардың) белдікшелерін жабыстырады. Біліктерді жөндеу технологиясы келесідей операциялардан тұрады: тазалау мен сұрыптау ; төлкелер мен осьтерді жуу мен шаю; білік жұптарын таңдау мен тозғандығын тексеру; ескі қаптаманы кетіріп, жаңасын қаптау; қаптамаларды тегістеу; біліктерді ыстықтай және суыта қозғалтып жаттықтыру ; шпинделді майлау; тазалағыш біліктерден шұғаны тілу және жаңасын жапсыру , біліктерді қаттылыққа , тазалыққа және өңдеу дәлдігіне тексеру; біліктерді рамкаларға комплекттеу.
Біліктік шеберхана келесідей құрылғылармен жабдықталуы мүмкін: иіру және орау машинаның қысқыш біліктерінен эластикалық қаптаманы шешу мен жаңасын кигізуге арналған ( өнімділігі 500 дана/ сағ) АСЭП-2 станогы; бөлінбейтін төлкелерден эластикалық қаптамаларды шешу мен кигізуге арналған ( өнімділігі 800-1200 дана/сағ) қондырғы; қаптаманы металл төлке жинағымен бірге суыта қозғалтып жаттықтыруға арналған ( өнімділігі 300 дана/сағ) жабдық; қаптаманы иіру және орау машинаның қысқыш білігінің металл төлке жинағымен бірге диаметрі бойынша сұрыптауға ( өнімділігі 900 дана/сағ) арналған Макаров пен Богомоловтың жартылай автоматы және АВК-2 жартылай автоматы (өнімділігі 2000 дана/сағ) тегістеуші СПЭ-2 станогы ( өнімділігі 150 дана/сағ) ; СПВ-1 станоктары; иіру және орау машинаның қысқыш біліктің металл білікпен және шпиндельмен жинағының қаптамаларын тегістеуге арналған құралдар; қаптаманы шаюға арналған станоктар (өнімділігі 1400 дана/сағ) ; таспалау біліктеріне қаптаманы кигізуге арналған жабдықтар ( өнімділігі 120 дана/сағ); СО-2-50 тарақты тарау және таспалау машинаның металл біліктерінен қаптаманы тесіп алуға арналған жабдықтар ( өнімділігі 300 дана/сағ) ; тазалау біліктеріне арналған шұғаларды кесуге арналған жабдықтар; Иванов меланж камбинатының конструкциясының иіру дәне орау машинасының тазалау біліктерін тазалауға арналған жабдықтар; тазалау біліктеріне желім жағуға арналған жабдықтар ; иіру, таспалау және орау машиналарына арналған қаптаманы төлкемен бірге және қысқыш біліктерін соғуға тексеруге арналған құрал; қысқыш біліктің қаптамаларын ыстықтай каландрлеуге арналған станок ( өнімділігі 800 шартты бірлік/ сағ) және т.б. Нгеізгі жабдықтан басқа кептіру және созу шкафтары , ванна , желім дайындайтын электрлі пеш, столдар, біліктерді сақтайтын стеллаждар және оларды тасымалдайтын тіркемелер болады.
БД-200 жабдықтарын жөндейтін шеберхана. Пневмомеханикалық иіруге арналған БД-200 машиналары сақиналы иіретін иіру машинасынан конструкциясы бойынша ерекшеленеді. Олардың негізгі жұмыс органы таспаны жіңішкерту, қопсыту және беру , сондай-ақ, иірімжіпті айналдыру жолымен берік ету және пішіндеу үшін қызмет ететін жабдық ( камера) болып табылады. Иіру жабдықтарын міндетті түрде машинада жөндеу күрделенген , ол еңбек өнімділігінің және жұмыс сапасының жоғары көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
БД-200 машинаның камераларын жөндейтін шеберханада келесі құрылғылар бар : таралатын барабаншаны теңестіру мен пневмотазалауға арналған стендтер; камералар мен сеператорларды жылтыратуға , сондай-ақ камераларды қозғалтып жаттықтыруға арналған жабдықтар; үстелдік-бұрғылау станогы ; запас камералар мен бөлшектерді сақтайтын стеллаждар. Әрбір жинақтық пост құралдар , шаблондар және аспаптар комплектімен жабдықталған. Камераларды жұмыс орнына тасымалдау үшін көп орындық (60-70 орындық ) тіркемелер пайдаланады.
БД-200 машинасында иіру камераларынан басқа жөндеу міндетті түрде шеберханаларда жүргізілуі тиіс тараптар қатары да бар: реверс қорабы, редуктор, жіп жинағыштар, т.б. Жөндеу кезінде бұл тоаптарды жуады, шарикоподшипниктерді , сальниктерді , төсемдерді , шестерналарды , осьтерді ауыстырады. Бағыттауыш шкивтерде бас жүрісті төлке мен шарикоподшипниктерді ауыстырады.
Шитті мақта тазалағыштарды пайдалану және оған ықзмет көрсету бойынша нұсқау.
Шитті мақта тазалағыштарды орнату.
Машинаның дұрыс жұмыс істеуі үшін олардың тетігінің тісті дөңгелегіндегі беріліс механизмдерінің жақсы ілінуі үшін оларды ірге тасқа (фундаментке) орнатқан кезде бойлай және көлденең бағыттағы жазықтықта тексеріліп шығарылады.
Тісті дөңгелектің тістері шестернаның тістерімен жақсы толық ілінуі керек. Тістердің ұзындығы бойынша тістерінің тура келмеуі 2 – 3 мм – ден аспауы керек. Радиалдық саңлау 0,25 мм- ден 3 мм – ге дейін болуы керек.
Жетектегі шестерналардың қоршауларымен олардың арасындағы саңылау бір – біріне тимейтіндей етіп жақсылап орнату керек.
Машинаны жұмысқа қосудан алдын оның барлық майланатын, желінетін беттерінің редукторға жаңа май құю керек. Оларды оларды майлау картасына сәйкес қажетті деңгейіне дейін құю керек.
Барлық бекітілетін қоршаулардың, тораптардың бекімдігін тексеріп шығу керек. Қолмен айналдыру арқылы орнату жұмысының дұрыс орындалғанын, желінетін бөлшектердің қисық емес екендігіне көз жеткізу керек.
Электр жабдықтарының дұрыс орнатылғандығын тексеріп шығу керек. Шитті мақта тазалағышының қорабында темір, одан бөлек бөгде заттардың жоқтығын тексеріп шығу керек, одан кейін машинаны материалсыз 2 – 3 сағат істетіп көру керек. Жүргізіп тексеру бағытында подшипниктерді үйкеместен қызуын немесе қызбауын тексеріп тұру керек және желінетін тістерге майлар жетерліктей дәрежесі түсіп тұрма, жоқ па оны тексеріп тұру керек. Тісті берілістер артынша шуылсыз бір сыдырғы тегіс жұмыс істеулері тиісті. Тиегішті бастай айналдырып істетіп болғаннан соң тексеріп кейін біртіндеп шитті мақта массасын беру керек.
Қорытынды
Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын – ал жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оларға құралдардың топтамасын және олардың құжатын дайындау, ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау, құрал – жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу жәпе оларға қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары жатады.
Құрал — жабдықтардың топтамасына техникалық қызмет көрсету инструкциясын әзірлеу, жөндеу жұмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай топтау кіреді.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі. Оны бір жылға жоспарлайды.
Жөндеу жұмыстарын жоспарлау олардың түрін анықтау санын график бойынша бөліп шығу оларды орындау мерзімдерін, еңбек сыйымдылықтарын анықтау, оларды цех бойынша бөліп шығу, кезекші адамдарға бекіту, қажетті материалдарды есептеп шығу. Бұл жоспар алдын жоспарланған сағат санына қарап, оның жыл бойына немесе пайдалана бастаған уақытына қарап жоспарланады.
Жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспары әр бір кәсіпорында жылдың соңында немесе жоспарланған мерзімге жасалады, оны орындайтын зауыттың бас механигі.
Цехтың механиктерімен келісе отырып, жоспарлау өндірістік бөлімімен келісіп зауыттың бас инженерімен бекітіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
- Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
- Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
- Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
- Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
- Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
- Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
- Шеденов Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
- Саясат-№1,2002
- «Халық кеңесі»-№72,1995
- Ізденіс(Поиск)-№5,1998
- Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. — Алматы,1996.
- Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. — К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 1993.
- Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 1994.
- Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
- Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.