Анна Данченко сүйіктісінің «гелендвагенімен» жұртты таңғалдырды (фото)
Танымал тележүргізуші Анна Данченко алғашқы темір тұлпарының тарихын баяндап, сүйіктісінің қымбат автокөлігін көрсетті. Көпшілік көлікке ерекше қызыққанын жасырмады.
«Менің алғашқы автокөлігім ақ түсті ВАЗ 2107 болған. Механика. «Автошколада» оқыған кезде үш ай бойы теория мен практиканы өтетінбіз. Кешке — лекция, таңертең — вождение.
«Автомат емес, механика жүргіземін» дегенде ағайым таңқалатын, ал маған, керісінше қатты ұнайтын еді.
Бір күні Ақтөбедегі әуежайға баратын болдық. «Кольцода кім кімге жол береді» дегендей. Бардық. Нап-нормально айдап келе жатсам, жанымнан ырылдап камаз өтті. Қатты қорқып, тормозға басып қалып едім, Ағайым баспен соқты. Әрі қарай ол кісі не дегенін айтпай-ақ қояйын. Пииииипиииипиии ғой.
Ниче, одан да өттік. Қазір, шүкір, 14 жыл стаж бар. Ал, Сіздерге қандай маркалы темір тұлпарлар ұнайды? Мен гос. нөмерімді айтпай-ақ қояйын, бірақ ақша жинап ANN әріптерін сатып алдым.
PS. Көлік менікі емес. Ер азаматымның көлігі. Менікі басқа», — деп жазды Анна Данченко.
Желі қолданушыларын тележүргізушінің көлігі ғана емес, сүйіктісінің кім екені де қызықтырды.