Брюсселдік вафли

0

 
Ингредиенттер:
 
2 стақан сүт
4 жұмыртқа
150 гр сары май
аздап тұз
1 ас қасық қант
ванилин
10 гр ашытқы
1,5 стақан ұн
 
Дайындалуы:
 
Алдыменен жылы сүтке ашытқы мен аздап қант ерітіп, жылы жерге қойып қою керек. Ашытқы көтерілген кезде жұмыртқа сарыларын қосып (жұмыртқа ағын бөлек ыдысқа бөліп қою керек), қалған қант пен еріген сары май қосып араластырамыз.
Ұн мен ванилин қосып тағы араластырамыз. Енді бөлек тұрған жұмыртқа ақтарына аздап қана тұз қосып жақсылап миксерлеу керек. Әппақ мақта тәрізді болып үлкейеді. Енді осыны негізгі қоспаға қосып, қасықпен жаймен араластырып қою керек. Вафли қамыры дайын. Осыны енді бір сағатқа дейін қойып қойсаңыз, қамыр одан сайын көтеріліп, вафли үлпілдеген болып піседі. Дайын қамырды вафли пісіретін ыдысқа екі ас қасықтан қойып пісіру ғана қалды. Вафли құрамында май мөлшері жеткілікті болған соң, ыдысты майлап тұрудың қажеті жоқ.
 
Дереккөз: Reactor