«Хиджаб қайда?». Жұрт қысқа киген Ақбота Сейітмағанбетті ұрысып тастады (фото, видео)

0

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанып, қалың көпшілікті қатты таңғалдырды. Бұған дейін хиджаб киіп, кейін оны шешіп тастаған өнер иесі енді аса қысқа образдарға ауысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет шетелде құрбыларымен бірге естен кетпес демалыс өткізді. Оған өнер иесінің жеке парақшасындағы фото мен видеолар дәлел болмақ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram желісі арқылы барша жанкүйерлеріне Дубайдағы күндері қалай өткенін көрсетті. Сонымен қатар, әнші ерекше образдағы суреттерін жүктеймін деп ел сынына да ұшырап үлгерді.

Оған Ақбота Сейітмағамбеттің қысқа әрі ашық образдары себеп болған. Кейбір суреттерде оның аяғын жалтыратып тұратын шолақ шалбарды киіп алғанын көруге болады. Желі қолданушылары өнер иесінің бұған дейін хиджаб кигенін есіне түсіріп, оны бұл қылығы қате болғанын бетіне басты. Көпшілік эстрада өкілінің бастапқыда жабық киініп жүріп, кейіннен бірден қысқа киімдерге көшіп кеткеніне шүйлікті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

«Хиджаб қайда?» , «Хиджабты әбден ойыншық қылдындар ғой», «Бұл өте ұят болды Ақбота. Саған сөзім жоқ. Бұл әрекетің қате болды» , «Етегі қысқарып кетіпті» , «Хиджабы қайда қалды екен» , «Не істерін білмей жүргендер ғой» , «Жарың әртіс болмасын деген осы шығар. Білгенін істейді» , «Жақында ғана хиджабпен жүрген сияқты еді ғой», деп жазды халық.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Алайда, пікір білдірушілер арасында оны бұл образдары үшін жақтап шыққандар да бар болып шықты. Айта кетерлігі, Ақбота Сейітмағамбет өзі жайлы жағымсыз сөздердің көбеюіне байланысты суреттеріне пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған.