Байденнің Ресейге қатысты саясаты – батыс сарапшылардың пікірі
Батыс сарапшылар АҚШ-ның жаңа әкімшілігі адам құқығы мен демократия мәселелеріне үлкен назар аударады деп санайды.
Мәскеудің «теңдік пен мүдделерді өзара ескеру принциптерінде жұмыс істеуге» дайындығы туралы айтылды және СНВ-3 келісімшартын бес жылға алдын-ала шартсыз ұзарту туралы ұсыныс жасалды. Вашингтондағы жаңа әкімшілік, Кремль сияқты, ақпан айында аяқталатын Стратегиялық қаруды азайту туралы келісімді (СНВ-3) ұзартқысы келеді — Ақ үй оны бес жылға ұзартуға ниетті екенін растады. Одан басқа, Байден командасының Мәскеумен қалай қарым-қатынас жасауы туралы көзқарасы айқын емес.
Еуропа қазірдің өзінде Американы шығыстағы сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды: Еуропалық парламент Алексей Навальныйдың тұтқындалуын айыптайтын қарар қабылдады, онда ЕС Вашингтондағы әкімшілдік ауыстыруды «трансатлантикалық бағытты нығайту үшін пайдалануы керек» деп атап өтті. Демократияны және негізгі құндылықтарды авторитарлық режимдерден қорғаудағы бірлік керек деп айтты.
Мәскеу бүкіл әлемде — Сирияда, Украинада, Беларусияда көрінетін күрделі проблема, ол Батыс Еуропаға, тіпті АҚШ-қа сыбайлас жемқорлықты экспорттайды. Жаңа әкімшілік бұл мәселелерді шешуге өте жақсы бейімделген: олардың көпшілігі, ЦРУ-дың болашақ директоры, Ресейдегі бұрынғы елші Уильям Бернстен бастап, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландқа дейін, Украина туралы Кремльмен келіссөздер жүргізген, Ресейді жақсы біледі және нағыз прагматиктер.
Донбасстағы Украинаға Ресейдің соғысы, осы соғысқа байланысты санкциялардың күшеюінде, Ресейдің АҚШ-ның ішкі істеріне және еуропалық сайлауларға араласуына байланысты АҚШ-тың Украинаны одан да көп қолдауын көреміз. Президент Байденнің мінез-құлқы мен мәлімдемелері АҚШ-тың Мәскеуге қатысты саясатына толық сәйкес келеді, бұл Трамп кезінде болмаған еді.
Ақ үйдің жаңа иесі үшін Ресеймен қарым-қатынаста адам құқығы тақырыбы өте маңызды болады. Демократия үшін күрес АҚШ-тың сыртқы саясатының басты элементтерінің бірі болады. Бұл, сөзсіз, Ресей-Америка қатынастарына шешуші әсер етеді — адам құқығы тақырыбы осы қатынастарда алдыңғы қатарға толық оралуы әбден мүмкін.
Керімсал Жұбатқанов