Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………..2
1 Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері……………………………………………………………3
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары………………………………………………………………………6
3 Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру………………………………………………………………………………….17
4. Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру…………………………………………………………………………………………..22
Қорытынды…………………………………………………………………25
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………..26
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық экономикасын нарықтық қатынастарға бір мезгілде ауыстыру айқын болып келеді, өйткені халық шаруашылығының мұндай ауысудың қажетті жағдайларын жасауға баруға дайын еместігі маңызды әлеуметтік күйзелістермен қалайсыздыққа ұшыратылған. Алайда осы мақсатта арнайы экономикалықаймақтарды пайдаланудың шынайы мүмкіндігі пайда болады, олардың шектелген аялары нарықтық механизмнің әрекет етуін еш қиындықсыз жөнге келтіруге мүмкіндік береді. Аса дамыған елдердің тәжірибесі, онда ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірудің экономикалық механизмі ұлттық экономиканың инновациялық секторына түрленгенін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл әлі жоқ. Сонда да ғылыми-техникалық сферада кәсіпкерліктің барынша дамуына ұтыс тігу өзінің нәтижелерін беруде. Сонымен, инвестиция бойынша Комитет құрылды, ол жобалардың сараптамасын өзінің мойнына алу керек: рыноктың мұқтаждықтарын бағалау, қаржы ресурстарының көлемі, тәуекел дәрежесі және болжанатын кірістер.
1. Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
— ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
— тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
— өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
— экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады.
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті тұрғындардың 75 % — тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі. Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ВНП құруда әлеуметтік сфераның үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс” кезеңінде жүзеге асырылады . Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады. Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен, жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес, барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы белсенді ,ылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың, құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі мен материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-қайшылықты шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП — ның төңкерістік кезеңінің негізгі мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде, салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX — XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр мешина жасау; үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау, автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген, алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойыладыдеп болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи) тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден, мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және оларды әр тараптандыру тиімді.
Орталық Қазақстанның және Ұлыбританияның, Германияның, АҚШ-тың тоқырау аудандарының проблемаларының ұқсастығына қарамастан, біздің пікірімізше, Жапонияның соғыстан кейінгі тәжірибесі бұдан да құнды, Жапония өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және өзінің әлемдік экономикалық ірі мемлекет статусын қайтару проблемаларымен соқтығысты, сондай-ақ 80-ші жылдарда аймақтық “өсу полюстерін” құрудағы Жапонияның тәжірибесі де құнды. Бұл бағдарламалары – мақсаттық ыңғай және өнеркәсіптің инновауиялық түрленуі есебінен жасалған болатын.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті — өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде, инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық өндірістің “зерделі құрылымын” қалыптастыру болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның ішінде әртараптандыру негізінде;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті. Әсіресе жақын міндетті — өнеркәсіптікөндірісті көтеруді шешу үшін селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
1. Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды, жабдықтаушы-салаларды есепке алумен);
2. Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы – салаларды және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен;
3. Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері.
Алдын-ала жасалған тұжырымдар негізінде қолдаудың потенциалды объектілерінің санына, көбінесе, кен-өндіру және металлургия өнеркәсібі үшін жабдықтар шығаратын, машина жасау кешенінің жеке салаларын, экспортқа өнім шығаратын салаларды жатқызу тиімді.
Қанағаттандырылмаған тұтынушылар сұранысына бағдар-ланған салаларды қолдау (азық-түлік, тұрғын үй және т. с. с.), оңтайландыруға тұрғындар қаражатының материалдық өндірісін тартуды қамтамасыз ететін болады.
Сонымен, жаңа тұжырым – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл ең алдымен оның әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешудегі басымдықты болжайды. Оған салық саясаты ынталандыратын, жеңілдікті несиелер қызмет етуге шақырылған. Мемлекеттің шектелген экономикалық мүмкіндіктері жағдайларында барлық салаларды ресурстармен және қаражатпен қамтамасыз ету қиын. Сондықтан тұтынушылар рыногын дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру үшін күрделі салымдар түрінде тұтыну сферасына бірінші кезекте бөлу керек.
Бұл міндет өте күрделі, қиын, едәуір уақытты талап етеді, сонымен бірге шамадан тыс қымбат тұрады. Әрине, мұндай қайта құру өзіндік мақсат бола алмайды, ол ұзақ мерзімді даму механизмдерінің бірі ретінде болады. Бұл мақсаттардың қандайекендігіне оларға қол жеткізу механизмдерін таңдау да байланысты болады. Мақсаттардың өздері дамудың мұндай немесе басқа тұжырымдамасының аясында қалыптасу керек. Таңдалған жүйеге, мақсаттарға байланысты экономиканы құрылымдық қайта құрудың масштабтарын, қарқындары мен негізгі бағыттарын анықтау керек.
Проблеманың тура осындай қойылымының қажеттігі, халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың кешені міндетті шешуге арналғанымен себептелген.
Аймақтың халық шаруашылығын қайта құрудың кешенді сипаты, экономиканың жеке салалары мен сфераларының қайта ұйымдастырылуы және жаңартылуы олардың өзара байланысында жүргізілуі керектігінен тұрады. Экономиканың құрылымдық ығысулары олар пайдаланған сәйкес құрылымдар мен механизмдері бұзу жолымен ғана емес, сонымен бірге психологиялық тосқауылды жеңу жолымен, яғни әрбір адамның, өндірістік ұжымның немесе аймақтың өзінің экономикалық берекесі туралы дербес түрде қамқорлық етуі керектігін түсінумен, бөлу қатынастарын біртіндеп жоюмен қоса жүру керек.
Қайта құру мәселесін бөлек қалада және облыста шешуге тырысу қате болар еді. Оны тек аймақтың аясында ғана шешу тиімді. Мұндай тұтас аймақтық –кешенді ыңғайдың объективті қажеттілігін түсінбеумен жиі кездесуге болатындықтан, бұған ерекше назар аудару керек. Өзара қызығушылық негізінде келісілген республиканың тең құқықты екі субъектілерінің өзара әрекеттесуі аймақ экономикасының құрылымын табысты түрлендірудің және аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің абсолюттік қажетті шарттарының бірі болып табылады деп айтқан дұрыс болар еді.
Қазіргі уақытта аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамалары әзірше жоқ. Алайда, экономикалық өсудің экстенсивті факторларын басым пайдаланумен байланысты, қолданылып жүрген даму бағыттарын сақтаудың дәстүрлі жолымен аймақтық экономиканың дамуы мүмкін еместігі анық. Осыған байланысты аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының дамудың принциптік және траекториясына, мақсаттардың жаңа жүйесінің қойылымына, ең алдымен қарқында факторлардың пайдаланылуына көзделуі керектігі бір мағыналы. Бұл тұжырымдама аймақтық әлеуметтік-экономикалық басымдықтардың барлық жүйесінің түпкілікті өзгерістерімен тығыз байланысқан, ал бұл аймақта терең батыл өзгерістердің жүргізілуі керектігін білдіреді.
Жоғарыда баяндалғанды есепке алумен аймақ дамуының стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға болады. Олардың қойылымы аймақ дамуының асты бағыттарын, республикада қазір жүріп жатқан реформалар аясында экономика құрылымының оларға сәйкес келетін өзгерістердің анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық мақсаттардың республиканың мүдделерімен, мақсаттарымен және басымдықтарымен байланысы екі негізгі себеп бойынша болуы қажет. Біріншіден, аймақ қандай экономикалық дербестікке қол жеткізсе де, ол жалпы мемлекеттік халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып қалады және аймақ аралық еңбекті бөлу аясында ғана қалыпты жұмыс істей алады. Екіншіден, дамудың дәстүрліжолымен баратынына немесе постиндустриялық жолға өте бастауына байланыссыз, ол барлық республикасының ресурстарына сүйене отырып және оның мүдделері мен мұқтаждықтарына бағдар ала отырып, табысты дами және жұмыс істей алады.
Біздің аймақ экономикасының барлық құрылымдық қайта құрылуы оның индустриялық аймаққа жүйелі айналуына бағытталу керек.
Сәйкес түрде, аса терең батыл өзгеріс таралған таптаурыннан дереу бас тартумен байланысты болу керек, ол бойынша егер аймақ экономикасында өнеркәсіптің үлесі ұдайы өсетін болса, онда оны индустрияландыру деңгейі жоғарылайды.
Индустрияландыру әрбір қоғамды дамытуда қажетті кезең болып табылады. Осы процестің нәтижелері бойынша елдер индустриялық емес, жартылай индустриялық, индустриялық және постиндустриялық болып жіктеледі. Берілген жіктелу жұмысты зерттеудің түрі болып табылмайды, ал экономиканы құрылымдық түрлендіруді талдау үшін қызмет атқарады, сондықтан ұсынылған топтастыру аяқталғандықты білдірмейді.
Индустрияландыру процесінің мәні экономиканы өнеркәсіптік түрлендіруден тұрады:
ірі масштабты өңдеуші өнеркәсіпті құрудан және салалар арасындағы байланыстар жүйесін қалыптастырудан;
ұлттық рынокты құрудан және оның халықаралық еңбекті бөлуге қосылуынан;
өсу қарқындарын жіне өндіріс тиімділігін жоғарылатудан.
Егер аймақтың алдында тұрған басты міндеттерді көрсетуге талпынса, онда олардың барлығының “индустрияландыру” деген бір ортақ түсінікпен біріктірілуі мүмкін екені айқын болады. Проблема мынада болады: әлемдік экономиканың дамуымен индустриялық өсуге қол жеткізу үшін, индустриялық дамудағы жаңа даму бағыттарын және әлемдік экономиканың халықаралық тәжірибесін есепке алуға тура келеді.
Орталық Қазақстанның ірі өнеркәсіптік аймақ болып табылатының атап өтейік. Мұнда республиканың негізгі өндірістік қорларының және өндірістік персонал санынан бестен бір бөлігі шығарылады. Облыста өнеркәсіптің көмір, қара және түсті металлургия, электр энергетикасы, химия, машина жасау, жеңіл және тамақ , құрылыс индустриясы сияқты озық салалары дамыған .
Сонымен бірге, атап айтқанда өнеркәсіптің шынайы шолынатын болашақта аймақтың экономикалық негізі болып қалатынын есепке алу керек. Сондықтан индустрияландырудан бас тарту өнеркәсіпті дамытудан бас тартуды білдірмеу керек. Істің мән-жайы басқада. Өнеркәсіптің өзінде өнеркәсіптік өндірістің энергия сыйымдылығы мен қор сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз ететін, қажетті құрылымдық қайта құру болу үшін шарттар мен алғышарттар құру, содан кейін тиімді пайдалану керек. Бұл – ғылыми-техникалық ғана емес, сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік, экологиялық аспектілері бар, ерекше, жеткілікті түрде күрделі проблема. Оның шешімі жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік ыңғайларды талап етеді. Бірақ аймақтық ерекшелікті есепке алумен аймақ экономикасын құрылымдық қайта құру проблемасын шешуде басты роль, сөзсіз, ҒТП-ға жатады. Техника мен технологияның жетілген, жоғары өнімді және ілгері ресурстары мен табиғатты қорғайтын түрлерін ендіру, өндірістік процестерді басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру өндірісті қарқындату шекараларын кеңейтеді.
Қазіргі уақытта ҒТП халық шаруашылығының құрылымдарына, басқа әлеуметтік-экономикалық проблемаларға да дәстүрлі көзқарасын өзгертуде. Оның көлемдерінің ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің өсуі мен прогресті үнемі білдірмейтіні сияқты, бүгінде өндірісті қысқарту барлық жағдайларда қор жинақтаушы құбылыс болып табылмайды. Өте тиімсіз жұмыс істейтін және асыл құнды ресурстарды босқа тауысатын, ескірген экономикалық өндіріс ауқымдарын азайтуды дұрыс фактор деп есептеу керек. Мұндай өндірісті қысқарту халық шаруашылығын құрылымдық техника-технологиялық, экологиялық қайта жаңарту үшін қолайлы алғышарттар тудырады. Бұл қатынасында ГФР-дың индустриялық жүрегі – Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің өнеркәсібін қайта құру тәжірибесі үйренуге тұрарлық. Бұл аймақ біздің Қарағанды облысына ұқсас. Алайда, 60-70 ж. ж. Батыс Еуропада басталған экологиялық дағдарыстан кейін, мұрда өнеркәсіптің материалды-техникалық базасын қарқынды жетілдіру және ҒТП-ның жаңа жетістіктерін пайдалану негізінде әлемдік экономикамен оның шоғырлануы басталды.
Ғылыми әзірлемелер көмірдің орнына маңызды “шикізат” болды. Ғылыми ауқымды салалар, сондай-ақ тамақ индустриясы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар кеңінен дамыды. Оларға технологиялық жетілдірудің шамадан тыс жоғары деңгейі және әлеуметтік бағытталғандық тән. Қазіргі замандағы ең жаңа экономикалық жабдықтарды дамытуда Солтүстік Рейн-Вестфалия Еуропада ғана емес, сонымен бірге барлық әлемде де алғашқы орындардың бірін алады. Мұнда табиғатты қорғау сипатындағы 1 мыңға дерлік кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл кез-келген басқа федералды жерге қарағанда көбірек және сондықтан олар аймақ үстілік рольді атқарады. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын фирмалар, шамамен 800 әр түрлі экотехнологиялар мен өнім түрлерін әзірлейді және шығарады.
Қоршаған ортаны қорғау технологиясы аймақтың экономикалық және сонымен бірге экологиялық қайта тууы үшін келешекті технологиялардың бірі болды, ал индустриялық дамыған қоғам мен табиғаттың өзара қатынастарын үйлестіру — өкіметтің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық саясатының негізгі мақсаты болды. Бұған еуропалық және әлемдік рыноктарда қатаң бәсекелестік шартында дамитын ҒТП-мен, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен олардың нәтижелерін тәжірибелік пайдалану арасындағы үзілісті минимумға дейін қысқартумен қол жеткізіледі.
Күрделі, бірақ өте маңызды міндет – ресурстарды машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің, сондай-ақ рынокты кеңінен тұтынылатын тауарлармен қамтамасыз ететін, кейбір басқа өндірістердің пайдасына қайта бөлу. Мұндай қайта бөлудің мақсаты – осы салалардың озық технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық негіздерде жеделдетілген дамыту.
Халық шаруашылығын құрылымдық қайта құру туралы айта отырып, өнеркәсіптен құрылыстық материалдар өндірісі сияқты саласының дамуы ерекше назарды талап ететіндігін атап кету керек. Әрине, бұл арнайы мәселе және барлық өнеркәсіптік кешеннің даму контекстінде шешілу керек, алайда осыған қарамастан істі дұрыс ұйымдастыру және құрылыс материалдарының үлкен тапшылығы кезінде олардың өндірісі жоғары пайдалылықты береді, бұл құрылыс индустриясын дамытудың келешегі үшін өте маңызды.
Экономикалық ынталандыру шараларының жүйесін пайдалану аймақтағы құрылыс материалдары саласының жылдам дамуын, соның ішінде жергілікті маңызды шағын кәсіпорындардың (маусымдық және уақытша полигондар мен заводтарды қосқанда) құрылуын қамтамасыз етеді.
Бірқатар әлеуметтік проблемалардың жылдам шешілу қажеттігін атап өту әсіресе маңызды. Әлеуметтік қайта туу инвестициялық саясаттың елеулі түрде қайта бағдарлануын, жаңа салымдар облысында әлеуметтік сфераүшін басымдықтардың қамтамасыз етілуін білдіреді.
Облыстық әкімшіліктің қарауында әлеуметтік сфераның барлық мекемелері болу керек. Онсыз оның дамуы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүргізілетін, әлеуметтік саясат аясына кіре алмай, әлеуметтік даму үшін тағайындалған, көптеген қаражат ұстағыштардың жекеленген әрекеттерінің қорытындысы болып табылады.
Аймақтың келешекте дамуының баяндалған мақсаттары біріккен сипатта болады. Оларды нақтылау және анықтау қажет. Олардың барлығы өз араларында байланысқан. Олардың стратегиялық маңызының тек ұзақ мерзімді сипаты ғана емес, сонымен бірге варианттылығының белгілі шамасы бар. Бірақ бұл варианттылық көпшілігінде мерзімдеріне, әдістері мен қол жеткізу жолдарына қатысты болуы мүмкін. Стратегиялық мақсаттар мазмұнының өөзі жеткілікті түрде салыстырылап тексерілген болып ұсынылады: олардың жетістігі экономиканың объективті даму бағыттарына, тұрғындардың мұқтааждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.
3.Экономикалық даму модельдері және өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру
Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін.
Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің білістілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды.
Мысалы, өндірістің шоғырлануы және интернационалдануы, ғылыми-техникалық сферадағы халықаралық кооперация және капиталды шетке шығару, әлемдік шаруашылықты құрылымдық қайта құру, қызметтер, сфераның өсуі және т. б. сияқты, экономикалық дамуда белгілі мұқтаждықтар тудыратын, әлемдік даму бағыттары сыртқы факторлар болып табылады. Ішкі және сыртқы факторларды талдау сол немесе басқа елдің, аймақтың экономикалық дамуының өнеркәсіптік стратегиясын ұйымдастыруға, әлемдік рынокта бар салыстырмалы артықшылықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде бір мемлекетте барлық әлемдік техникалық шешімдерді жарыса орындаудың және олардың таралуын қамтамасыз етудің экономикалық мүмкін еместігіп түсіну қажет және өте маңызды. Меншікті өндірісі және оның техникалық қайта қарулануын дамытуда аса пайдалысы – бұл республиканы халықаралық экономикалық шоғырлануға және бірінші кезекте, ол үлкен тиімділіктен дәмелендіретін және шетел инвестицияларын және жоғары техологияларды тартуға мүмкіндік беретін бағыттарда қосылу. Бұл жағдайда мұндай немесе басқа әлеуметтік-экономикалық басымдықтарға жылдам әсер тигізу мүмкіндігі пайда болады: табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін, мысалы, табиғи ресурстардың берілген түрлерін өндіру көлемін кеңейту кере пе немесе аса арзанырақ ауыстырғыштарды пайдалану керек пе.
Басқаша айтқанда, еңбекті мемлекетаралық бөлу ауқымында инвестициялық саясатқа жаңа сапалы ыңғайдың пайда болуы туралысөз болады, онда шетел серіктері арасындағы “жанысу нүктелерінің” мөлшері кеңейеді және күрделі салымдарды аса тиімді пайдаланудағы жалпы қызығушылық негізінде инвестициялық ресурстар ағының екі жақтық басқару мүмкіндігінді іске асырылады. Бұл сыртқы экономикалық байланыстардағы серіктес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың енді жаңарған моделіне өту үшін алғышарттат тудырады. Оның негізгі сипаттамаларының бірі – қарым-қатынастығы серіктестердің экономикалық және ғылыми-техникалық қызметінің тиімділігін күрт жоғарылатуға мүмкіндік беретін, барған сайын біртекті болатын мемлекетаралық экономикалық кеңістікті тәжірибелік қалыптастыру. Ынтымақтастықтың бұл жаңа моделін астарында объективті негіз-шаруашылық өмірдің, ғылымның, техниканың әлемдік экономикаға барынша терең шоғырлануы бар.
Әр түрлі елдердің өндірістік аппараттарының элементтерін ірі халықаралық құрылымдарға біріктіруге мүмкіндік беретін, әлемдік шаруашылықтың атқаратын ролін жоғарылату және географиялық шекараларын кеңейту мен интернационалдандырудың өзекті процесі жүреді. Сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дәл осы жағы шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды жұмылдыру саясатн табысты іске асыруда шынайы гарант болуы мүмкін. Бүгін берілген процесті ескермеудің мәні жоқ, өйткені ол ақырында еңбекті халықаралық бөлудің жіберілген пайдасымен, әлемдік рыноктағы технологиялық тосқауылды жеңумен, қазіргі тауарлар мен қызметтердегі мен – басымдықтарды берілген саясатты іске асыру түрлеріең қатты көңіл аударуды талап етеді. Сөз халықаралық ынтымақтастықтың негізгі объектілері туралы болып отыр.
ТМД-ның құрылуы егеменді мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін қайта құруда әсіресе көп жаңалықтар енгізгені белгілі. Ауқымды сыртқы экономикалық байланыстарды орнатудың басы басталды; ал халықаралық ынтымақтастық объектілері кәсіпорындар мен ұйымдар, бірлескен ұйымдар мен бірлестіктер, еркін экономикалық аймақтар болуда. Шынында, қызметтің бұл сферасының нәтижелері әзірше тым қарапайым және өзара сауданың динамикасы мен құрылымына елеулі әсер тигізген жоқ. Мысалы, сыртқы сауда айналымының барлық көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы ретінде есептелген, сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындылық коэффициенті, СОПС-тың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында тек 7.5 %-ті ғана құрайды, Ресей мен Беларусь Республикасы бойынша осыған ұқсас көрсеткіштер сәйкес түрде 17.5 және 12.5 %-ке тең, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 24.5 %-ке (18) тең. Осыған қарамастан сыртқы экономикалық тең ынтымақтастықтың жаңа моделіне өтудің бірінші қадамдарын жете бағаламалауға болмайды. Шынында, сыртқы экономикалық байланыстардың субъектілері кәсіпорындар мен бірлестіктер болуы мүмкіндігін алдын-ала білуге болар ма еді? Бірақ, енді істің бір орыннан жылжуы үшін сыртқы экономикалық байланыстардың жаңа объектілрі алдыңғы онжылдықтардың инерциясын жеңуге, сыртқы рынокта коммерциялық жұмыстың өркениетті нақты түрлерін меңгеруге тиіс.
Сыртқы экономикалық ғылыми-техникалық қызметтің өркениеттітүрлеріне, соның ішінде біздің республмкада селективті саясатты іске асыруға, біз ең алдымен бірлескен кәсіпорындарды (БК), еркін экономикалық аймақтарды (ЕЭА), сондай-ақ берілген шамада кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық байланыстарын жатқызамыз. Селективті саясатта көрсетілген түрлердің стратегиясы мен тактикасы қандай бұл түрлерді не біріктіреді, олардың экономикалық механизмінің және шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды жұмылдыру тұжырымдамасының мәні неде деген сұрақтар туады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық экономикасын нарықтық қатынастарға бір мезгілде ауыстыру айқын болып келеді, өйткені халық шаруашылығының мұндай ауысудың қажетті жағдайларын жасауға баруға дайын еместігі маңызды әлеуметтік күйзелістермен қалайсыздыққа ұшыратылған. Алайда осы мақсатта арнайы экономикалықаймақтарды пайдаланудың шынайы мүмкіндігі пайда болады, олардың шектелген аялары нарықтық механизмнің әрекет етуін еш қиындықсыз жөнге келтіруге мүмкіндік береді.
Аса дамыған елдердің тәжірибесі, онда ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірудің экономикалық механизмі ұлттық экономиканың инновациялық секторына түрленгенін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл әлі жоқ. Сонда да ғылыми-техникалық сферада кәсіпкерліктің барынша дамуына ұтыс тігу өзінің нәтижелерін беруде. Сонымен, инвестиция бойынша Комитет құрылды, ол жобалардың сараптамасын өзінің мойнына алу керек: рыноктың мұқтаждықтарын бағалау, қаржы ресурстарының көлемі, тәуекел дәрежесі және болжанатын кірістер.
Әсіресе, ҒТП сияқты маңызды сферада нарықтық құралымдарды құру және дамыту, олардың коммерцияландыру жағына қарай елеулі ығысуы болып табылады. Алайда бұл процесс Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатын толық шамада анықтау үшін әлі өте әлсіз. Қалыптасқандағдарыстан жылдам шығу мүмкіндігін ұмытпау керек және болмас іспен жұбатпау керек. Біздің жағдайымыздың күрделілігі әлемдік тәжірибенің біздің жағдаймен ұқсастығы жоқ екенімен де тереңдетіледі (20). Қазақстанның рынокқа кіруінің күрделі проблемаларын шешу қазірдің өзінде қазіргі және сенімді ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді талап етеді.
Дамыған экономикалардың шоғырланғандылығы, дәуіріндегі өнеркәсіптік түрленудің қазіргі типінің өзгеруі анық. Қазіргі уақытта дамитын экономикаға экономикалық көтерілуі үшін не талап етіледі – жаңа технологиялар, білікті жұмыс күші, әлемдік рыноктың бағалы қағаздар бағамын білу, икемді экономикалық стратегия және нарықтық институционализация деген сұрақ туады.
Барлық аталған проблемалардың ғылым мен техниканың қазіргі дамуында едәуір және тиімді шешілуі мүмкін екені анық, және осыдан, капиталистік елдермен салыстырғандакейінірек келген елдер үшін индустрияландыру процесі сандық түрде ғана емес (яғни, уақыт шығындары азаяды), сонымен бірге сапалы түрде өзгереді. Басқа технологияны ауыстыру және жоғары білікті персоналды дайындау үшін, “басқа уақыт” және “басқа қаржылар” талап етіледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіндей, елдердің әлемнің шаруашылыққа кіру модельдері әр түрлі болуы мүмкін. Нақты шарттарға байланысты мұнда экономиканы дамытудың үш жолы болуы мүмкін: шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру, экспортты ынталадырушы және импортты ауыстыратын экономикаларды құру.
4. Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру
Республика экономикасының ғылыми-техникалық артта қалуы нарықтық қатынастарды құрудағы маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды тым болмаса селективті жұмылдыруға баруға мәжбүр ететін дәлелдеудің қажеті жоқ.
Шетелдік техника мен технологияларды жұмылдыру процесі немесе әлемдік ғылыми-техникалық дамуға еліктеу ешқандай таң қаларлық немесе жағымсыз затты білдірмейді. Бұл жерде Жапонияның классикалық болған тәжірибесі қазір көптеген дамушы мемлекеттермен қайталанады. Сонымен, мысалы, 1950 жылы барлық жапон экспортында шетелден алынған ғылыми-техникалық білім мен өндірістік тәжірибе негізінде өндірілген өнім үлесіне 73 % келді, бірақ 1983 жылы – барлығы 21 % Жоғары технологияларды жұмылдырудың экономикалық мәні – оны мақсатқа бағыттап пайдаланудың қосарлы әсері беруге қабілеті бар. Бір жағынан, олар – меншікті инновациялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына, екінші жағынан, жоғары сапалы деңгейде ғылыми-техникалық дамуда дербестікті иеленуге мүмкіндік туғызады, бұл экономикалық өсу сипатында, халық шаруашылығының құрылымында және экспорттың құрылымында тікелей көрінеді. Мұнда аса маңызды сұрақ тууы мүмкін: бұрынғы КСРО экономикасы шетелдегі жоғары технологияларды жұмылдырды емес пе, алайда көрсетілген нәтиже шықпады, неліктен, оны қалай түсінуге болады?
Біз алға қойған сұраққа жауапты ең алдымен мынадан көреміз: мемлекеттік меншік тұлғасында оны шектелмеген монополияландыру арқылы әкімшілік-командалық жүйе, шетел инвестициялары мен жоғары технологияны жқмылдыра отырып, тек бір ғана міндетті – берілген меншіктің жаңартылған техникалық негізде үдемелі өндірілуін қойған. Біздің отандық рыногымыз көптеген онжылдықтар бойы сәйкес элементар меншікті рыноктық құрылымдары: жұмыс күшінің рыногы, капитал рыногы, альтернативті меншіктілігі және еркін баға қалыптасуы болмай қызмет етті ғой. Осыдан – шетелдік ғылыми-техникалық дамуға еліктеудің ұзақтығы және “екінші жердің жоқтығы” (35). Басқаша айтқанда, бұрынғы КСРО экономикасы өсудің қарқынды типіне не дербес түрде, не шетелдің дамыған елдерінің жоғары технологияларын жұмылдырудың көмегімен де өтуге қабілетсіз болды.
Одақтың ыдыруы және бірқатар дербес мемлекеттердің құрылуы енді егеменді әрбір республикада бар дағдарыстық құбылыстарды жоймады. Өйткені олар үлкен елдің халық шаруашылық кешенінің құрамдықбөлігі болды ғой, экономикалық байланыстардың бұзылуы немесе үзілуі жағымсыз сәттерді тек қана терендететіні анық. Тек бір ғана тілек пайда болады: ол – экономикалық дағдарыстанмейлінше ертерек шығу. Нарықтық қатынастарға кіру мұндай мүмкіншілік береді. Алайда техника мен технологияның салыстырмалы артта қалуы және экономиканың кедейлігі кезінде бұл мүмкіншілікті іске асыру шетел инвестицияларын жұмылдырусыз, яғни шетел серіктестерінің көмегінсіз мүмкін емес. Бұл ТМД-ның қазіргі мемлекеттерінің барлығына, соның ішінде Қазақстан Республикасына қатысты. Бұрынғы одақтың барлық мемлекеттерінің, тіпті өз араларындпғы бұрынғы экономикалық байланыстарын үзу және тоқтату құнымен, ештеңеге қарамай шетел инвесторларын іздеуге лап қойғандары кездейсоқ емес.осыған байланысты ТМД-ның егеменді республикаларының тоталитарлық жүйеден босана отырып, ұзақ онжылдықтар бойы біздің өміріміздің салты болып келгенді бір сағаттың ішінде өзгерткісі келетіндері алаңатады. Асыққанда көпшілігінде сезім сананы басып озады. Ал бұл өте қатты мазалайды, өйткені бұрынғы Одақтағы сияқты жағдайлардың қайталануы мүмкін, ол кезде шетел техникасы мен технологиясының ауқымды импортын пайдалану негізінде қосымша энергияны, шикізатты, валютаны, қосалқы бөлшектерді және т. б. талап ететінөндірістік потенциалды қарапайым өсіру үшін тағайындалған. Бұл жағдайда импортқа шығарылатын техника мен технологиялық шешімдер өндірістік аппараттың техникалық негізін жаңғырту және жетілдіру құралдары ретінде өзінің негізгі ролін жоғалты. Шетелдік технологияны негізгі тағайындалуынан, олай болса оның дұрыс әсерінен айыру мынаған әкеліп соқты: ол жаңа тар орындардың пайда болу көзі бола бастады; ҒТП-ның дамуына жаңа кедергілер тудырды, сонымен бірге экономикалық өсуді жеделдетуде және құрылымдық қайта құруда кедергілер тудырды. Мұндай қайталану, бірақ енді нарықтық қатынастарға өту жағдайларында, экономикалық жағдайды одан әрі күшейтіп жіберуі мүмкін.
Сыртқы экономикалық қызметтегі, әсіресе техниканы импортқа шығаруды жүзеге асырудағы асығыстық және ойланбағандық, технологиялық жабдықтарды алуға бағытталған, өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан қысымның күшеюіне желіп соғуы мүмкін. Бұл жағдай шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды жұмылдырудың селективті саясатындағы басымдықтар жүйесін ғана бұзуға қабілетті емес, сонымен бірге теріс сальдоға және ағымдағы берешектің пайда болуына әкеліп соғуға қабілетті.
Қорытынды
Барлық аталған проблемалардың ғылым мен техниканың қазіргі дамуында едәуір және тиімді шешілуі мүмкін екені анық, және осыдан, капиталистік елдермен салыстырғандакейінірек келген елдер үшін индустрияландыру процесі сандық түрде ғана емес (яғни, уақыт шығындары азаяды), сонымен бірге сапалы түрде өзгереді. Басқа технологияны ауыстыру және жоғары білікті персоналды дайындау үшін, “басқа уақыт” және “басқа қаржылар” талап етіледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіндей, елдердің әлемнің шаруашылыққа кіру модельдері әр түрлі болуы мүмкін. Нақты шарттарға байланысты мұнда экономиканы дамытудың үш жолы болуы мүмкін: шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды селективті жұмылдыру, экспортты ынталадырушы және импортты ауыстыратын экономикаларды құру.
Пайданылған әдебиеттер тізімі
1. Ілиясов Қ.Қ.,Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулықө Алматы: 2003ж. 448 бет
2. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б. Байжумаев Экономикалық теория Алматы Қазақ мемлекеттік университеті 1999ж,167 бет
3. Қ.Р. Заңы Бюджет жүйесі туралы,Алматы Жеті жарғы 1999ж;2000ж.
4. Әмірханов Р.Ә. Қаржы менеджменті.
5. Саттар А. Ақша саясаты Алматы ақшамы 1998ж 26 қаңтар
6. Гостенк0оЛ.Н. Страхование. Учебноен пособие. Алматы 2003,
7. Радостовец В.К. Бухгалтерский учет. На предприятиях. Алматы:Центр аудит.2002,728 бет