Теміртауда өртенген үйден құтқарушылар екі баланы аман алып қалды — новости Казахстана

0

Теміртауда өртке оранған үйден өрт сөндірушілер екі баланы құтқарып қалды. Олар үйде жалғыз қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:dpchas.com.ua

Көрнекі сурет. Фото:dpchas.com.ua

Өрт жайлы хабар 6 желтоқсан күні кешкі 17:20-да түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жабық тұрған темір есікті көреді.

Ал тұрғындар үйде бес және екі жасар балалардың бар екенін айтқан. Өрт сөндірушілер балаларды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды.

Анықталғандай, үйдің қонақ бөлмесі өртенген. Балалар үйдегі иістен уланып қалыпты.

Оқиға орын алған уақытта үйдің екі үлкен баласы мектепте болса, анасы жұмысқа кеткен.

«Егер бізге көршілер дер уақытында хабарласпаса, балалар өліп кетуі де мүмкін еді», — дейді өрт сөндірушілер.